Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы ережелер



Комиссиямен есептемені қорғау уақыты мен орны белгіленеді. Фамилия реті бойынша қорғайтын студенттердің есептемені қорғау кестесі жасалады. Қорғаудың болатын күнін білу студенттердің өзіне міндеттеледі.

Жетекшінің және кеңесшінің болуына қарамастан, қабылданған шешімнің, есептеулердің дұрыстығына, есептің рәсімделуі мен баяндаманың дайындалуына студент өзі жауапты.

Студенттің, кеңесшінің (егер ондай тұлға болса) және жетекшілердің (кафедрадағы және кәсіпорындағы) қолы қойылған және жетекшінің пікірі бар қорғауға ұсынылатын есепті студент комиссия төрағасына қорғау кезінде ұсынады.

Жетекшінің қолы қойылмаған және пікірі жазылмаған есебі бар студент қорғауға жіберілмейді.

Тәжірибенің бағасын кафедрадан құрылған комиссия есептің қорғалу нәтижесі негізінде қояды. Бағаны қою кезінде комиссия мынаны назарға алады:

1)тәжірибенің кафедрадан тағайындалған жетекшісінің пікірі мен кәсіпорыннан тағайындалған жетекшінің;

2) көрнекті материалдың, есептің мазмұны мен рәсімделуінің сапалы болуы;

3) баяндама сапасы;

4) дискуссия процесінде студенттердің қойылған сұраққа сапалы жауап беруі.

Қорғау процесінде студент негізгі нәтижелерді өзінің алғанын көрсетуі керек. Егер қорғау процесінде комиссия студенттің берілген жұмысты орындауға қажетті білімі мен дағдысының барлығына дәлел алмаса, онда жұмыстың жақсы деңгейде жасалғанына қарамастан «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны қоюға құқысы бар.

Қорғауға жіберілмеу немесе қорғағанда төмен баға алса, онда тәжірибеден қаита өту керек немесе университеттен шығады. Ерекше жағдайларда студент опелляцияға бере алады, тәжірибе есебін қайта қорғау үшін нақты дәлел керек. Нақты дәлел негізіне кафедра меңгерушісі қайта қорғауға мүмкіндік береді: студентті өзі тыңдайды; сол комиссия мүшелерімен қайта тыңдайды; комиссия мүшелерінің кеңейтілген құрамында қайта тыңдалады.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1132 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...