Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Студенттердің өндірістік тәжірибесі бойынша есеп беруі



Практика аяқталғаннан кейін практикант жазбаша есеп береді де оны практика жүргізуші жетекшісіне кәсіпорындағы практика жетекшісінің қолы қойылған күнделік және күнтізбелік жоспарын тапсырады.

Практикалық есеп беру студенттің негізгі құжаты болып табылады,онда оның практикада істеген жұмысы,алған ұйымдастырушылық және техникалық білімін көрсетеді.

Жалпы есеп А4 форматтың 30 (20-40) бетін құрау керек.

Төменде тәжірбиенің есебі ретімен берілген.

1. Титулдық бет.

2. ТӘЖІРИБЕГЕ ТАПСЫРМА. Студентке тәжірибе бағдарламасымен бірге нақты бір тапсырма беріледі. Тапсырманың ұсынылатын құрылымы: жұмыс тақырыбы, негізгі есеп, жұмыс мазмұны, орындалған есептің мазмұны.

3. МАЗМҰНЫ.

4. КІРІСПЕ.

5. Объектінің техникалық-экономикалық мінездемесі.

Объектінің техникалық-экономикалық мінездемесі тәжірибеден өтетін объектінің сипатын береді.

Бұл сипаттамаларды келесілер көрсетілуі керек:

q Ұйым атауы;

q Ұйым қызметінің саласы;

q Қызметкерлердің жалпы саны;

q Ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы;

q Экономикалық мінездемесі және кәсіпорынның қызметінің көрсеткіштері;

q Ұйымның негізгі болімдерінің қысқаша мінездемесі.

Содан кейін студенттің практиканы өткен бөлімінің сипаттамасы жасалады.

5. Ұйымдағы ақпаратты өңдеу технологиясы (кәсіпорын).

6. Есеп берудің негізгі бөлімі(жеке тапсырмалар): мақсат қою, мүмкін болу жолдар анализі,шешім қабылдау нұсқасы.

7. ҚОРЫТЫНДЫ. Тәжірибедегі нәтижелерді қысқаша талқылау, бірақ дәлелдер келтіру керек, түсініктеме, анализов, баға,қорытынды.

8. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

9. Ұсыныс: иллюстрациясы, таблицалары, карталары, қосымша мәтіннің мінездемесі. Соның ішінде міндетті түрде: программалық модульді және де аралық модульді құруды басып шығару.

10.Унивесритет бойынша бекітілген тәжірибе өту күнделігі.

11.Тәжірибе өту графигі.

12. Кәсіпорын басшысынан мінездеме алу.

Есеп беруді әр студент жасау керек, өздігінен және тәжірибеден кейін 1-2 күн аралығында кафедра жетекшісіне көрсету керек.

Есеп беруде негізгі тапсырманың шешімдері көрсетілуі керек, бұл студенттің тәжірибеден өтуінің негізгі мақсаты. Мұнда есептеу техника құралдарының сұрақтарына көп көңіл бөлу керек, қолданылған программалық қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткішті есептеу әдістері, барлық модельдерді оптимизациялау, құжат айналымды ұйымдастыру және экономикалық ақпаатты өңдеудің автоматты методы, ол кәсіпорынның және ұйымның функционалдық жағдайында.

Практикада студенттердің жұмыстарының қорытындысын бағалау кезінде кәсіпорыннан практика жетекшісінің мінездемесі есепке алынады.

Кәсіпорыннан практика жетекшісінің мінездемесінде мыналар болу қажет:

q практиканың басталуы мен аяқталуының мерзімдері;

q студенттің жұмыс істеген кәсіпорын бөлімшесінің аты;

q студент қандай сапада жұмыс істеді (инженер-программист, есептерді-ұйымдастырушы, техник және т.б.);

q студент жұмысына қысқаша сипаттама;

q студент-практиканттың өз басына мінездеме;

q студентке сәйкес баға беру.

Мінездеме кәсіпорыннан практика жетекшісінің қолы және кәсіпорын аты бар мөрі болу керек.

Практика программасын орындамаған, жұмыс туралы кері пікір алған немесе есепті қорғаған кезде жаман баға алған студент, студенттік демалыстар кезінде қайта прктикаға жіберіледі. Басқа жағдайда ректор студенттің университтетте ары қарай оқу сұрақтарын қарастыруы мүмкін.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 7487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...