![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
|
Барлық химиялық элементтер металл және металл емес болып бөлінеді. Табиғатта 100-ге тарта элементтер бар, соның шамамен 80-і металдар. Барлық металдардың жалпы өзіне тән қасиеттері болады: созымды, электрмен жылу өткізгіштігі жоғары, ерекше металдық жылтыры, температура жоғарылаған сайын электр кедергісінің артуы және т.б. Мұндай қасиеттер металл қорытпаларында да бар.
Металл қасиеттерін өздерінің ерекше ішкі құрылысы қамтамасыз етеді. Металл атомын схема түрінде қарағанда оң зарядталған ядро мен оның жан-жағында әр түрлі қашықтықта айналып тұратын электроннан тұратын зат деуге болады. Бұл ядроның сыртқы қабаттағы (валенттілік) электрондарды тарту әсері ішкі қабаттағы электрондардың тарту әсерімен теңбе-тең. Сондықтан валенттілік электрондар оп-оңай ажырап, ешқандай кедергісіз барлық бағытта орын ауыстырып, қозғалып тұратын электрондық газ құрады. Егер металда потенциал айырмашылығын жасаса, онда электрондар бір бағытта қозғалып, электр тоғы пайда болады. Электрондық газ металға қасиетті металдық типті байланыс екендігін түсіндіріп, бұл байланыс өзінің табиғатында металл еместерде де кездесетін иондық және коваленттік байланысқа ұқсамайды. Заттардың атом аралық байланысының негізгі типтеріне иондық, коваленттік және металдық түрлері жатады. Техникалық таза металдардың беріктік қасиеттері төмен болғандықтан, машина жасауда негізінен олардың қорытпаларын пайдаланады. Темір негізінде алынған қорытпаларды қара металл деп атайды, оларға шойын мен болат жатады; алюминий, магний, титан және берилий негізінде алынған тығыздығы төмен қорытпаларды - жеңіл түсті деп; мыс, қорғасын, қалайы т.б. - ауыр түсті; цинк, кадмий, қалайы, қорғасын, висмут т.б. металдар негізінде алынған қорытпаларды - тез балқығыш түсті қорытпалар, ал молибден, ниобий, цирконий, вольфрам, ванадий негіздерінде қорытылған корытпаларды түсті баяу балқитын деп атайды.
Барлық металдар кристалдық құрылысы бар заттар. Металдардан басқа кристалдық құрылысы бар қатарына тұз, қант, алмас т.б. заттар жатады.
Металдардың кристалдық құрылысы. Барлық металдардың қатты күйінде кристалдық құрылысы және торы болады. Тор типтерінің көбірек кездесетін үш түрі болады (1.1-сурет):

1.1 -сурет. Металдардың кристалдық торлары:
а) көлемге шоғырланған; б) жағына шоғырланған; в) гексагоналды.
көлемге шоғырланған тор (К.Ш.Т.), жағына шоғырланған тор (Ж.Ш.Т.) және тығыз гексагональды тор (Т.Г.Т.). К.Ш.Т. жүйесінде Сг, Мо, W, V; Ж.Ш.Т. жүйесінде - Nі, А1, Сu, Рb; Т.Г.Т. жүйесінде Ве, Сd, Zn, Мg т.б. кристалданады.
Металдардың полиморфизмі. Кейбір металдарды қыздырғанда кристалдық торларының құрылысы өзгереді.
Бір металдың түрі кристалды формасының болуын полиморфизм деп, ал бір модификациядан екінші модификацияға ауысуын полиморфты деп атайды.
Металдардың жеке модификацияларын грек алфавиттерімен белгілейді: α, β, γ, δжәне т.б. Мысалы, темір бөлме температурасында КШТ торлы болып, α - темір деп аталады. Ал, оны 7680С-қа дейін қыздырғанда α - темір магниттік қасиетін жоғалтып, кристалдық торы өзгереді. 9110С-да темірдің КШТ торы ЖШТ-ға айналады; ондай торы бар темірді γ - темір деп атайды. 1392°С-да α - темір КШТ торлы γ - темірге айналады. Ол темірдің балқу температурасы 1539°С-қа дейінгі аралықта болады. Полиморфты өзгерістерде кристалдық тордың өзгеруімен қатар металдардың қасиеттері едәуір өзгереді (көлемі, созылғыштығы, қаттылығы және т.б.). Сондықтан полиморфты өзгерістердің болуы көп жағдайда механикалық және температура жағдайында жұмыс атқарғанда металл қасиетін анықтайды.
Металдардың анизотропиясы. Мына 1.1-суретте көрсетілгендей түрлі жазықтықтағы кристалл торларының атом сандары мен арақашықтықтары әртүрлі. Осыған байланысты әртүрлі бағыттағы жеке кристалдардың (монокристалдар) қасиеттері бірыңғай болмайды. Мұндай құбылысты анизотропия деп атайды. Шын мәнісінде металдар мол кристалды болып, көптеген дәндерден (кристалдардан) тұрады.
Кристалды құрылыстың ақаулары. Кристалл торларында көптеген ақаулар кездеседі, олар нүктелік, сызықтық, жазықтық ақаулар.
Нүктелік ақауларға (1.2,а-сурет) кристалл торындағы бос торам 1, жылжыған атомдар 2, атом қоспалары 3 бос орындары жатады. Олар атомдардың жылу тербелістері, пластикалық деформация, металдарға қоспалар араласқанда пайда болып, бос орын болуына әсер етеді. Сызықтық ақаулардың негізгі түріне дислокация жатады. Дислокация дегеніміз, материалдардың кристалдануындағы өзгерістер 1.2,б-суретте шеткі дисслокация 4 кристаллографиялық жартылай жазықтың артқы жиегін көрсетеді. Мұндай ақаулардың мөлшері кішкентай, бірақ сопақша болып келеді.
Жазықтық ақаулары әдетте дәндер шекарасында бос жазықтықтарда пайда болады. Шекаралар ені 5-10 атомаралық қашықтықтай болады. Дәні ұсақ болған сайын кристалл беріктігі арта түседі.

1.2-сурет. Кристалл құрылымының ақаулары:
а) нүктелік ақаулар; 6) сызықтық ақаулар.
Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 9047 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!
