Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 1. Металдар туралы жалпы мағлұмат. Материалдарды сынау



Ысқаша дәріс конспектісі

Металлургия – металл мен металл қорытпаларын өндірістік тәсілдермен алу ғылымы.

Б.э. 3-4 мың жыл бұрын адамдар рудадан мыс, қорғасын, қалайы қорытып ала бастаған. Шамамен б.э. бұрын III мың жылдары сол замандағы, белгілі металдарға қарағанда, қаттырақ және берік, мыс пен қалайы қорытпасы қола қолданыла бастады. Біздің заманымызға дейінгі II мың жылдары темір қолданыла бастады, яғни, темір ғасыры басталды.

Біздің заманымыздың басталғанына дейін алтын, күміс, мыс, қола, темір, қорғасын, сынап белгілі болды, ал қазір белгілі металл саны 80-ге жуық.

Металдар қара және түсті болып бөлінеді. Қара металдарға темір және оның қорытпалары, шойын мен болатқа жатса, басқа металдардың бәрі түсті металға жатады. Алғашқыда руданы горн деп аталатын қарапайым пештерде тотықсыздандыру арқылы темірді алған. Горнның биіктігі өскен сайын темір көміртегімен қанықтырылып, құю қасиеттері жақсы, морт келетін құймаға айналған. Оны шойын деп атаған. XIII ғасырдан бастап, шойыннан құрамында көміртегі, кремний, марганец және т.б элементтері аз, пластикалық және беріктік қасиеттері жоғары болат алына бастады. Мұндай екі сатылы өндіру нобайы домна пешінде шойын өндіру және оны болатқа айналдыру осы кездегі негізгі әдіс болып табылады.

Металдардың ішінде темір ерекше орын алады. Дүние жүзінде өндірілетін металдардың 90%-і қара металдар.

Металл тану дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың алғашқы жартысынан кейін дами бастады. Ғылымның бұл саласының дамуы металдар құрылысын микроскоппен алғаш рет зерттеген ұлы орыс ғалымы П.П Аносовтың атымен байланысты (1831). Металдарды микроскоппен зерттеу әдісін 1863 жылы ағылшын оқымыстысы Сорби қолданды. Д.К. Чернов металдар мен қорытпалардың қасиеттерін зерттеп, кризистік нүктені ашты.

Металл тану ғылымы металдардың, қорытпалардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеп, олардың арасындағы заңдылықтарды анықтайды. Металл тану ғылымы, химия, математика және физика пәндерімен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізгі міндеті – техникада қолданылатын металдар мен қорытпалардың қасиеттерін зерттеу және жасанды жолмен өзгерту, халық шаруашылығының әр түрлі тауарларында қолданылатын жоғары сапалы, жаңа қасиетті жасанды материалдар алу.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2188 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.978 с)...