Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орытынды. Қорыта келе материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан



Қорыта келе материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.

Зерттеулер сатысы - жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын- ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды):

821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті

681 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардың кредиті 7000,0

Әзірлеме сатысы- ғылыми – зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал – аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

Субъект кейбір жағдайларда әзірлеме сатысында материалдық емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес – жоспар жасалады.

Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:

- материалдық емес активті жасауға шығындар болды:

а) өндіріске материалдар босатылады.

901,921 «Материалдар» дебеті

201-206,208 «Материалдар» кредиті

ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді

902,922 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу» дебеті

681 «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар» кредиті

б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына

902,923 «Еңбекті өтеу төлемінен ақша аударулар» дебеті

635 «Әлеуметтік салық» кредиті

Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады:

900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының дебеті

901 (921) 902 (922) 903 (923) кредиті 6000,0

- материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетілді:

126 «Бітпеген құрылыс» шот дебеті

900 «Негізгі өндіріс», 920 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті 6000,0;

- материалдық емес активтерді мойындалатын белгі өлшемдер мен анықтамаларға сай деп тану сәтіне дейін:

106 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті

126 «Бітпеген құрылыс» шот кредиті 6000,0.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 913 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...