Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Материалдық емес активтердің келіп түсуі



Материалдық емес активтерді бағалау:

1) басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

2) кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;

3) жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 10- бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі:

· 2730- лицензиялық келісімдер;

· 2730- бағдарламалық қамтамасыз ету;

· 2730- патенттер;

· 2730-ұйымдастыру шығындары;

· 2730-гудвилл;

· 2730-басқалар.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау- өткізу актісінде» көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі:

1. Материалдық емес активтердің дәл атауы.

2. Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні.

3. Объектінің сипаттамасы.

4. Бастапқы құны.

5. Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 10- бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

а) материалдық емес активтердің атауы;

б) ай басындағы және соңындағы қалдықтар;

в) ай ішіндегі қозғалысы.

Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі

1. Басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алу:

а) сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 2730 К-т 3310-2000,0

б) ҚҚС сомасына Д-т 8041 К-т 3310-400,0

в) ҚҚС-ты есепке алу Д-т 3130 К-т 1420-400,0

г) ұсынылған шотты төлеу Д-т 3310 К-т 1060,1050, 1010, 1021-2400,0

2. Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу):

а) жұмсалған материалдардың құнына Д-т 8012 К-т 1310 1310-1315-50,0

б) әзірлеушілердің жалақысы Д-т 8012 К-т 3350-100,0

в) жалақыдан аударым сомасына Д-т 8013 К-т 3420, 4410-32,0

г) материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындар

Д-т 8010 К-т 8011, 8012, 8013 – 182,0

д) жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Д-т 2730, 2730 К-т 8011-182,0

Материалдық емес активтерді жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 92, 93, 94- бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.

3. Материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түсуі:

а) мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 5020 К-т 501-503-4000,0

б) келіп түскен материалдық емес активтердің сомасына Д-т 1020 К-т 5020-250,0

Шаруашылық серіктестіктері туралы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субъектілері жарғылық капиталға салым ретінде аластатылатын құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық төлемнің бағасы бойынша (жалдық процентті қоса) қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 2730 К-т 511. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001- шотта ескеріледі.

4. Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін түсуі Д-т 101-103, 106 К-т 726, 727

Жыл соңында Д-т 726, 727 К-т 571

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

· сатып алулар

Мысалы. Бағдарламалық қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнға:

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті 60 000;

ә) ҚҚС сомасына:

2810 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

3310 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%) 9000;

б) объектіні дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

3350 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 3150 «Әлеуметтік салық», 3210 «Басқадай кредиторлық берешек»

· жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:

1. Жарияланған капитал сомасына:

5020 «Төленбеген капитал» шот дебеті

5010 «Жай акциялар» шот кредиті, 5010 «Артықшылықты акциялар», 5010 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар» 1 000 000.

2. Жарғыда көрсетілген, салынған материалдық емес активтердің келісімшарттық құны:

2730 «Материалдық емес активтер» шот дебеті

5020 «Төленбеген капитал» шот кредиті 4 00 000;

· Кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес активтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен – тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

Мысалы. 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны 6 000 000 теңге.

1. Активтің нақты құны сомасы:

4240 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1040 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 6 000 000.

2. Гудвилл сомасына:

2730 «Гудвилл» шот дебеті

1040 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті 2 000 000.

3. Қосылған кезде:

Барлық активтердің дебеті

3210 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті 6 000 000.

Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасынан (сатып алатын субъект үшін бұл – пайдалы мәміле) артса, сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс гудвилл (бэдвилл) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропорциональды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құндылығын азайту қажет:

· мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті

6120 «Билікті атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялары)» шот кредиті.

Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты арттыру үшін есептен шығарылады: 6160 «Билікті атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялар)» шот дебеті

4010 «Жиынтық табыс» шот кредиті;

· айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат сомасына түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша мойындалып, танылады.

Тауарлық белгі алынды:

а) келісімшарттық құнға:

2730 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті

3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 100 000;

ә) ҚҚС сомасына:

1420 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті

3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті 16 000.

Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің нақты өзіндік құны есептен шығарылады:

7410 «Материалдық емес активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шот дебеті

2730 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті 60 000.

Сатып алушыға шот ұсынылады:

а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына:

2110 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

6210 «Материалдық емес активтердің істен шығуынан түскен кіріс»

шот кредиті 80 000;

ә) Келісімшарттық құнының 15% ҚҚС сомасына:

2110 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

3130 «ҚҚС» шот кредиті 12 000.

Айырма сомасы аударылды:

3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

1060 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті

Өзара талаптарды қоса есептеу жүргізілді:

3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

2110 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті 92 000.

· құру – субъектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес активтерді мойындау өлшемдері (критерийі) мен анықтамасына материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу бойынша қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін. Материалдық емес бапты жасауға кеткен шығындар анықтама мен өлшемдерге сәйкес келетін сәтке дейін активтің бастапқы құнына кірмейді және кезең шығындары болып танылмайды.

Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен әзірлемелер сатыларынан құралады.

Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әрекеттенген, талап қуып, алдын – ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық пайда әкелетін материалдық емес активтер бар екендігін айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілетінін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды):

7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 7110 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті

3350 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 3150 «Әлеуметтік салық», 3210 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі шоттардың кредиті 7000,0.

Әзірлеме сатысы – ғылыми – зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін жаңа немесе түпкілікті жетілдірілген процестерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілетін қызметтерді жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал – аспаптарды, қалыптарды (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жобалау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

Субъект кейбір жағдайларда әзірлеме сатысында материалдық емес активтерді үйлестіріп, бұл активтің болашақта экономикалық пайда әкелуі ықтимал екендігін жариялап көрсете алады. Мысалы, фирманың экономикалық пайда алуы мақсатымен қайта жарақтануын көздейтін бизнес – жоспар жасалады.

Әзірлеме сатысындағы материалдық емес бапты құрған кезде шығындар былайша көрсетіледі:

- материалдық емес активті жасауға шығындар болды:

а) өндіріске материалдар босатылады.

8012, 8031 «Материалдар» дебеті

1310, 1315, 1317 «Материалдар» кредиті

ә) Қызметкерлерге еңбекақы есептелді

8012, 8032 «Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу» дебеті

4220 «Еңбекті өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысулар» кредиті

б) еңбекті өтеу жөніндегі аударымдар сомасына

8013, 8033 «Еңбекті өтеу төлемінен ақша аударулар» дебеті

4410 «Әлеуметтік салық» кредиті

Орындалған жұмысты өзіндік құны есептеліп шығарылады:

8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндіріс» шоттарының дебеті

8011 (8031) 8012 (8032) 8013 (8031) 6000,0;

- материалдық емес бапты мойындап, тану сәтіне дейін жасалған шығындар бітпеген құрылыс ретінде көрсетілді:

2421 «Бітпеген құрылыс» шот дебеті

8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндіріс» шоттарының кредиті 6000,0;

- материалдық емес активтерді мойындалатын белгі өлшемдер мен анықтамаларға сай деп тану сәтіне дейін:

2730 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті

2440 «Бітпеген құрылыс» шот кредиті 6000,0.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 2848 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...