![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Қос күш деп модульдері тең, бір біріне қарсы бағытталған екі параллель күштің жүйесін айтады. Қос күштің әсерінен дене айналмалы қозғалыс жасайды, демек, қос күштің моменті болады. Қос күш жатқан
жазықтық қос күштің әсер ету жазықтығы деп аталады. Қос күшті құрайтын күштердің әсер ету сызықтарының арасындағы ең жақын ара қашықтық (перпендикуляр) қос күштің иіні (d) деп аталады (1.14 сурет).
Енді жазықтығында жатқан
қос күшті қарастырайық. Осы екі күштің кез келген О нүктеге қатысты моменттерінің геометриялық қосындысын алайық:
Егер екенін ескерсек мынаны аламыз
.
Алынған өрнек қос күш моментінің векторы деп аталады, ол О нүктесіне тәуелсіз:
. (1.3.4)
Қос күш моментінің модулі оны құрайтын күштердің біреуінің модулі мен қос күш иінінің көбейтіндісіне тең:
.
Қос күш моменті векторының бағытықос күштің әсер ету жазықтығына перпендикуляр, ұшынан қарағанда қос күш денені сағат тіліне қарсы бағытта бұратындай болып көрінеді. Оны кез келген нүктеге түсіруге болады, себебі ол О нүктесіне тәуелсіз, яғни қос күш моментінің векторы – жылжымалы вектор.
Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 1971 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!