![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Күш ұғымы статиканың негізгі ұғымдарының бірі. Механикада қарастырылатын шамалар скалярлық және векторлық шамалар болып бөлінеді. Скалярлық шамалар деп тек сандық мәнімен ғана толық сипатталатын шамаларды айтамыз. Векторлық шамалар деп сандық мәнімен қатар бағытымен де сипатталатын шамаларды айтамыз .
Денелердің өзара әсерлесуінің өлшеуішін сипаттайтын шама күш деп аталады. Күш – векторлық шама. Күштің денеге әсері а) күштің сандық мәнімен (модулімен), ә) күштің бағытымен, б) күштің түсу нүктесімен анықталады. Күш алынған масштабта ұзындығы күштің шамасын анықтайтын векторымен бейнеленеді, вектордың басы күштің түсу нүктесімен дәл келеді (А нүктесі), вектордың бағыты күш бағытын анықтайды. Бойымен күш векторы бағытталған KL түзуі күштің әсер ету сызығы деп аталады (1.1 а) сурет).
Күшті аналитикалық түрде оның координата өстеріне проекциялары арқылы анықтауға болады (1.1 ә) сурет). Бұл жағдайда күш шамасы мына өрнекпен анықталады:
, (1.1.1)
ал күш бағыты бағыттаушы косинустармен анықталады:
. (1.1.2)
Бір денеге әсер ететін () күштер жиынтығы күштер жүйесі деп аталады. Егер дененің күйін өзгертпей оған әсер ететін (
) күштер жүйесін басқа бір (
) күштер жүйесімен алмастыруға болатын болса, мұндай екі жүйе пара-пар жүйелер деп аталады:
()∾(
).
Егер дененің күйін өзгертпей оған әсер ететін () күштер жүйесін бір
күшпен алмастыруға болатын болса, онда бұл күш тең әсерлі күш деп аталады:
()∾
.
Егер дене күштер жүйесінің әсерінен тепе-теңдікте болса, мұндай жүйе теңестірілген немесе нөлге пара-пар жүйе деп аталады:
() ∾ 0.
Дата публикования: 2014-10-20; Прочитано: 4564 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!