Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәтінді мазмұндау



Кредит (лат. creditum – несие, credo – сенемін, сенім білдіремін) деген мағынаны білдіреді. Несие – белгілі бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз.

Экономиканы дамытуда кредиттің рөлі маңызды әрі сан салалы. Тұтыну несиесі халықтың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді. Несие негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі болып бөлінеді. Айрықша түрі – халықаралық несие.

Коммерциялық несие – сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз – несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме.

Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте, банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді.

Банк несиесі несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімде), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс.

1-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Несие дегеніміз не?

2. Несие неше түрге бөлінеді?

3. Тұтынушылар өмірінде кредиттің маңызы қандай?

4. Несиенің қандай түрлерін білесіз?





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1206 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...