Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Ақша деген не? ОСӨЖ



1-тапсырма. Мәтінді сөздік арқылы аударыңыз.

Ақшаның қызметі: құн өлшеуші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазына жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.

Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің даму үрдісінде ол алтынға берік орнықты. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.

Құн өлшемі қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету үрдістеріне ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.

Ақша айналымы дегеніміз еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі.

Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.

2- тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ақша қандай қызмет атқарады?

2. Ақша деген не?

3. Ақша қандай тауар?

3- тапсырма. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңыз.

1. Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?

2. Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай бөлігінде берілген?

3. Бірінші абзацта құрал сөзінің тіркескен сөздеріне назар аударып, атап шығыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар?

4 –тапсырма. Мына терминдерді экономикалық сөздікті пайдаланып, қазақшаға аударыңыз.

Денежная единица, денежная масса, денежно – кредитное регулирование, денежно – кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный начет






Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1569 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...