Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лексика – грамматикалық тапсырмалар



1 – тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін меңгеріңіз.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Жедел қарқынмен даму, тазалықтың символы, тиімді географиялық орналасу.

3 – тапсырма. Екі қатардағы сөздерден сөйлем құрастырыңыз.

1) Сингапур – А) жедел қарқынмен дамыған.
2) көшеге қоқыс тастап, ластағанға Ә) үймен қамтамасыз етілген.
3) шағын және орта кәсіпкерлік Б) тазалықтың символы.
4) халықтың 90 пайызы В) капитал салуға қауіп-қатері өте аз ел
5) Сингапур 0 Г) айыппұл салынады.

4-тапсырма. Дұрыс қосымшаны қойыңыз.

1. Сингапур бұрын Ұлыбритания [-ға, -мен, -ның] отары болған.

2. Шағын және орта кәсіпкерлік жедел қарқын [-нан, -мен, -ның] дамыған.

3. Үкімет кәсіпкерлер[-ге, -мен, -дің] тек моральдық тұрғыдан ғана қолдау көрсету[-ге, -мен, -інде] шектелмейді.

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

6-тапсырма. «Қазақстанның Сингапурға теңесер болашақ көкжиегі қашан көрінер екен?» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

21 -сабақ

Лексикалық тақырып: Еуропалық одақ

1-тапсырма. Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтінді оқып, аударыңыз.

Еуропалық одақ – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік.

Еуропалық одақ комиссиясының штаб-пәтері Брюссельде орналасқан. Еуропалық одақ 1993 жылы Еуропа елдерінің қатысуымен құрылған.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуропа елдерінде есеп айырысу операциялары үшін бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. Еуропалық одақтың жалпы органдары мен институттарының қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық қауымдастықтардың комиссары, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, сондай-ақ, экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар жөніндегі комитет жатады.

Еуропалық одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келімісге қол қойылды.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропалық одақ ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. («Қазақстан» энциклопедиясы, Алматы. 2001. 458-бет).

2-тапсырма. Сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіз.

1. Еуропалық одақ қандай бірлестік?

2. Ол қай елдердің қатысуымен құрылған?

3. Еуро валютасы қай жылы айналымға енгізілді?

4. Еуропалық одақ қандай сауда қауымдастығы?

Еуропалық одақ бағдарламасы қай жылдан бастап орындалуда?

Сөздерді есте сақтаймыз

айқындау – выяснить, уточнить, вскрыть айналым– оборот бірлестік– объединения бағыттар– направления бағдарлама шеңберінде– в рамках программы енгізу– включить, внедрить есеп айырысу– рассчет (расчитываться) қатысуымен– с присутствием, с участием қауымдастық– ассоциация құқын қорғау– защищать право қарым-қатынастар– отношения қорыту -плавить, выплавить ынтымақтастық– сотрудничество, содружество серіктестік– компания мақсат– цель негіз– основание, основа, фундамент төлем– платеж теңдік– равенство, равноправие. одақ– союз орындау– выполнить өрістету–расширять, распрастранение

3-тапсырма. Керекті сөздерді тауып жазыңыз.

1. Соңғы … Еуропалық одақ мынадай бағыттарда жұмыс істейді.

2. Әлеуметтік саладағы … одан әрі арттырады.

3. Азия, Латын Америкасы, Африка құрылымындағы … саясатты жандандырады.

4. Құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне … байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.

Керекті сөздер: әріптестік, жылдары, үйлесімділікті, аймақтық.

4-тапсырма. Сөз, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Экономикалық бірлестік, экономикалық қауымдастық, қолма-қол төлем, қауіпсіздік саласы, келісімшарт, Еуропалық қауымдастық, валюталық одақ.

5-тапсырма. Сөз тіркестерін жасаңыз.

1) саясат 2) сақтау 3) өрістету 4) ынтымақтастық 5) аудиторлар 6) есеп 7) құқық (право) а) тәртіпті ә) байланыстарды б) сыртқы в) палатасы г) интеграциялық (интеграционный) ғ) қорғау д) айырысу

6-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Еуропа елдері, орталық рынок, интеграциялық, ынтымақтастық, басты мақсаттары, банкноттар айналымы, есеп айырысу операциялары.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1369 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...