Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ Сауда. Сауда орталығы ОСӨЖ



Мазмұндау

Сауда – халық шаруашылығының тұтынушыларға тауар өткізу жөніндегі саласы: тауар айналымының формасы, сатып алу, сату жолымен еңбек өнімдерін айырбастау. Өндіріс құрал-жабдықтары материалдық-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы өткізіледі. Сауда жүйесіне қоғамдық тамақтандыру саласы да кіреді.

Сауда торабы ұсақ дүкендер мен дүңгіршіктерден тұрады. Республикадағы сауда орталығы ірі екі жүйеге бөлінеді: мемлекеттік сауда және тұтынушылар саудасы (бизнес).

Сауда орталығы – сауда қызметінің бір бөлікке орналасқан, бір-бірімен өзара байланыста болатын кәсіпорындарының біртұтас кешені.

Оның құрамына ірі сауда орындары базар, дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орны, жеке меншік дүкендер, халыққа тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету мекемелері кіреді. Сауда орындары халыққа неғұрлым қолайлы әрі кешенді қызмет көрсетуге сауда және шағын бизнестік пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Саудакент орталығы – орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Сауда керуен жолының бойына орналасып, саудамен, қолөнерімен айналысты. Саудакент – орта ғасырлық (ХІІІ ғ.) іргесі қаланған қалалардың ішіндегі ең көне тарихы бар қала екендігі белгілі болған. (Қазақ ССР Энциклопедиясы. 1986 ж.116-бет)

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сауда қалай жүргізіледі?

2. Сауда жүйесіне нелер кіреді?

3. Сауда торабына нелер жатады?

4. Сауда орындары туралы не білесіз?

5. Біздің елімізде қандай сауда орындары бар?

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

1. «Сатушы не сатса да,................сатады» (Ж.Баласағұн).

2.... өз бетінше заттар не..........да, не........да болмайды, ол тек біздің бағалауымызда ғана солай болады (У.Шекспир).

3. «Білмегенді сұрап үйренген...,

арланып сұрамаған............» (Ә.Науаи).

4. «Тамағы......., жұмысы........,

Аздырар адам баласын» (Абай).

Керекті сөздер: жоқтық, тоқтық, пайдасына, жақсы, жаман, залым, ғалым.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1122 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...