Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Апгар шкаласы байынша клиникалық бағалау



Симптом Ұпаймен санау
     
Жүрек соғысының жиілігі Жоқ 100 кем 100 артық
Тынысы Жоқ Брадипноэ, тұрақты емес Қалыпты айғай
Бұлшық ет тонусы Жоқ Жеңіл бүгілу Белсенді қозғалыс
Рефлекстері Жоқ Төмендеген Толық
Терісінің түсі Боз, жайылған цианоз Акроцианоз Қызғылтым

Жетіліп туған нәрестенің өзі жетілген және жетілмеген болуы мүмкін, яғни, кейбір жүйелері толықтай дамиды да, кейбірінің дамуы нашар болады. Нашар жетілген балалардың жиірек терморегуляциясы бұзылған болады, асқазан-ішек жолының дисфункциясы байқалады.

Нәрестенің жетілгені, сондай-ақ, гестацияның нақты мерзімі үшін анықталады. Жетілмей туған балалардың барлығы жетіліп туған балаларға қарағанда жетілмеген болып, бірақ белгілі бір гестационды мерзім үшін дұрыс жетілген болып саналады. Ұпайларды санау жолымен баланың жетілгенін анықтауға және оны гестационды жаспен салыстыруға арналған арнайы кестелер бар.

«Ең төмен жетілген» термині 1000 г кем дене салмағымен туған нәрестелерге қолданылады.

Жаңа туған нәресте, сондай-ақ, физикалық дамуымен де бағаланады, бұл жерде туған кездегі дене салмағы мен бой ұзындығының ара қатысы есепке алынады. Егер бұл көрсеткіш 45 – 55 құраса, жетіліп туған нәрестенің физикалық дамуы қалыпты саналады. Баланың дене ұзындығы мерзімге сәйкес болғанымен, салмағы гестация мерзімімен салыстырғанда аз болуы мүмкін. Бұндай жағдай гипотрофия деп аталады. Егер оның дене салмағы сақталған дене ұзындығы кезіндегі салмақтан артық болса, бұндай жағдай паратрофия деп аталады.

Аз дене салмағымен туған нәрестелер арасында келесі топтар ажыратылады:

1) анасының генетикалық ерекшеліктеріне байланысты аз салмақпен туған сау балалар;

2) гипотрофиялы балалар;

3) жатырішілік дамудың, яғни, дене салмағы және бойының кешігуімен туған балалар.

«Дене салмағы өте төмен балалар» термині 1000 г кем дене салмағымен туған нәрестелерге қолданылады.

Туғаннан кейінгі бала жағдайы Апгар шкаласымен бағаланады. 1953 ж. Вирджиния Апгармен ұсынылған бұл баға жүйесі белгілі түрде бала дамуын және қолданылған реанимациялық шаралардың тиімділігін болжауға мүмкіндік береді (6 кесте).


6 кесте





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 3620 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...