Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөбектер бөлімінің жұмыс тәртібі



Әйелдер босанатын үйдің ең жауапты бөлімінің бірі ­ бөбектер бөлімі. Оның жұмыс тәртібінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Бөбектер бөлімінде бөбектер жататын бөлмелерден басқа жедел жәрдем, туберкулезге қарсы егу (ТҚБ), сүтті жинап залалсыздандыру (стерилизация), киім-кешек, тазалық бөлмелері болуы керек.

Бөбектер бөліміндегі төсектердің саны акушерлік бөлімшелерден 10-15% артық болады. Бұл бөлмелер кезекпен толтырылып, аналар бөлмелерінің толтырылуымен сәйкес келуі керек. Бір бөлмеде тек соңғы үш күн ішінде туған бөбектер ғана жатуы тиіс. Анасы не өзі сырқаттанған жағдайда бөбектер екінші акушерлік бөлімшеге ауыстырылады. Ондағы бөлмелер 1 бөбектік не боксқа бөлінген 2 орындық болуы керек.

Кейінгі жылдары арнайы перзентханаларда дені сау ана бөбегімен бірге бір бөлмеде орналасады.

Бірінші акушерлік бөлімнің бөбектер бөлімшесінде бір бөбекке 4-4,5 м2, екінішісінде 6-8 м2 орын бөлінуі қажет. Барлық бөлмелерде микробтарды жоятын кварц шамы тұрады.

Бөбектер бөлмесінің ауасы 22-240, шала туғандардікі 24-260 аралығында, ауасының дымқылдығы 60-65 % аралығында болуы керек. Бөлімшеде асептика мен антисептика ережелері катаң сақталады, күніне 3-4 рет микробтарды жоятын дәрілер қосылған сумен жуылады. Бөбектерді емізуге жіберген кезде бөлмелер желдетіліп, кварц шамдары қосылады.

Бөлменің жабдықтары:

- қабырғаға ілетін және жылжымалы кварц шамдары;

- айырма белгілері бар бөбек төсектері;

- бала орайтын үстелдер;

- салмақ өлшегіш таразы;

- дәрілер сақтайтын шкаф;

- залалсыздандырылған құрал-жабдықтар салынған биксті қоятын үстел;

- кір төсек-орынды жинайтын қапшықтар;

- нәресте таситын арбалар;

- қол жуғыштар;

- электрлі ваккум сорғышы.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2107 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...