Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ІХ тарау. Босануды жансыздандыру



Психо-профилактикалық дайындық

Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі – жүктілер арасында, бірінші есепке алынған күннен бастап психо-профилактикалық дайындық жүргізу. Бұл дайындықтың негізгі мақсаты – босану алдындағы қорқынышты азайту, босану кезеңіндегі ауру сезімін жеңілдету. Ол үшін 32-35 жұма аралығында дәрігер жүкті әйелдермен кеңес ретінде 5-6 сабақ жүргізеді.

І сабақтың мақсаты – босанар алдындағы қорқыныштың алдын алу. Ол үшін жүктілік пен босанудың физиологиялық құбылыс екенін, жүктілік мезгілінде әйел организміндегі өзгерістерге тоқтай отырып, босану кезеңінің өзгешеліктерін жете түсіндіру керек.

ІІ сабақта ­ әйелдің сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің анатомиясын таныстыру.

ІІІ сабақта – толғақ басталысымен босанудың бірінші кезеңінің тәртібіне үйретеді. Ол үшін: 1) тыныш жату; 2) толғақ кезінде бірқалыпты және терең дем алу; 3) дем алу және дем шығару әрекеттерін жатырдың төменгі жағын сипалаумен сәйкестендіру; 4) сегізкөз-бел саусақтардың ұшымен мықын сүйектің алдынғы жоғарғы өсінділерін басады, ал сегізкөз ромбасына екі жұдырықты қояды; 6) толғақты бақылау қажет.

IV сабақта – босанудың екінші және үшінші кезендеріндегі ерекшеліктерімен таныстырады. Екінші кезеңде босанып жатқан әйелді күшену ережелерімен толғақ арасында дұрыс дем алу тәртібіне үйретеді.

V сабақ – «Ана қуанышына» арналады, аналарға көмек туралы заңдармен таныстырады.

VI сабақта – толғақтың алғашқы белгілерімен, перзентханаға алдын ала жату жағдайларымен және тазалық ережесімен таныстырады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 2991 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...