Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экологиялық пирамида. Пирамида саны



Экосистеманың азық қорының құрылысын, оның мекендейтін особьтардың санының, биомассасымен немесе ондағы энергия қорының, қандай жағдайда болатынына қарап айтуға болады. Осы экосистеманың құрылысын график арқылы экологиялық пирамида түрінде сызып көрсетуге болады.

Егер бір жыртқыштық қоректік зат тізбегін бірдей биіктіктегі тек бұрыш бірінің үстіне бірін орналастырсақ, ал оның ұзындығы особьтар санына пропорциональды болса, онда сондай бір геометриялық фигура түрінде көрінеді, ал бұл фигураны пирамидалық сан деп атаймыз.Сондықтан осы қоректік зат тізбегіне кіретін сандар неғұрлым көп болса, пирамида да биік болады. Кейбір жағдайда особьтар саны қоректік зат тізбегінің бірінші деңгейінен, келесі деңгейіне қарай азая бастағандықтан пирамида үш бұрышты төбесі жоғарғы жаққа қараған фигураға айналады. Пирамида санын 1927 жылы Х. Элтон экология енгізген еді. Бұларды мынандай фактілер арқылы дәлелдеді.

1. Қандай экосистеманы алсақта майда жануарлардың саны да, оның көбеюі де, ірі организмдерге қарағанда барлық жағынан да жоғары болады.

2. Қандай жыртқыш организм болғанмен де олардың жемтіктерінің (жертва) көлемінің төменгі және жоғарғы шектері болады. Егер жыртқыштың болашақ жемінің сыртқы пішіні, өзінен үлкен болса, оны ұстап алып жей алмайды. Ал егер жыртқыштың жемінің сыртқы пішіні өте майда болса, ондай жемді ұстау үшін де көп энергия, күш жұмсайды.





Дата публикования: 2014-10-18; Прочитано: 1922 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...