Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Посткеңестік кеңістіктегі саяси қақтығыстар тоқталама?



Посткеңестік кеңістік, ыдыраған КСРО орнында құрылған мемлекеттер жиынтығының кеңістігі болып табылады. Ол өзіне Ресей Федерациясы, Белорусь, Украина, Молдава, Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мемлкеттерінің геосаяси кеңістіктерін қосып алған.

Осымен байланысты, жаңа посткеңестік мемлекеттер өз ұлттық мүдделерін анықтауға, өздеріне одақтастарды, сауда – экономикалық әріптестерді және т.б. таңдауға мүмкіндік алған соң әлемдік саясаттың шын мәніндегі тең құқықтық акторларға айналғаны ешбір күмән тудырмайтын факт екенін айтуымыз керек. Бұрынғыға қарағанда олар үшін қазір экономика, саясат және қауіпсіздік саласында ынтымақтастықтың әлдеқайда кең перспективасы ашылды. Сондықтан олардың өз сыртқы байланыстарын жіктеуге ұмтылысы, Қытайдан, Оңтүстік Азиядан, ислам дүниесінен, Еуропа мен АҚШ- тан балама іздеуі таң қаларлық нарсе емес.

Посткеңестік кеңістік аумағында жаңа мемлекетаралық қатынастар жүйесін қалыптастыру посткеңестік кеңістік геосаясатының негізгі міндеттері болып табылады. Осыған орай посткеңестік кеңістіктің негізгі сипаттарын қарастыру қажет.

Ең алдымен КСРО орнына құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бастапқыда Балтық республикалары оған кірмеді) саяси, экономикалық, әскери – саяси (мемлекет басшыларының кеңесі, премьер – министрліктер, қорғаныс министрліктері және т.б.) одақтық мемлекетаралық институттардың болуына қарамастан барынша формальді сипат алып отырғанын айтуымыз керек.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1367 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...