Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Партиялық жүйелер түсінігі және түрлілігі туралы пікіріңіз?



Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрайды. Сондықтан оларды жіктеудің де мәні зор. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеум күштердің арасалмағына байланысты. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемл билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Жағымды жағына жататындары онда саяси мәселелер жан жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Ұнамсыз жағына жататындары өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол министрлер каб.орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді. Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады.

Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемл органдарды ығыстырады.

Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең дұрысы, тиімдісі деген сауалдар көп болуы мүмкін. Әйтсе де партиялық бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар халықтың әлеумет мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп, қамтамасыз етуге тырысады. Партия арқылы шешімдер қабылданғанда азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту.

49. Популистік саяси феномен ретінде қандай роль атқарады? Авторитарлы-репрессивті үрдістердің күшеюі демократиялық оппозиция мен азаматтық қоғам институттарының қудалануына соқтырады. Ал олар бұған қарсы бас көтереді. Өзара текетірес, билік және демократиялық күштердің радикалдануы елді тығырыққа тірейді. Оған көз жеткізу үшін ұлтымыз ХХ ғасырда бастан өткерген қайғыға толы тарихи жолды айтпағанның өзінде, жиырма жыл ішіндегі оқиғаларға көз жүгіртсек те жеткілікті. Бұл Қазақстанның оқшаулануын күшейтіп, оның халықаралық беделін, инвестициялық және бизнес-климатын нашарлатады. Қазақстанның халықаралық оқшаулануы билікті өзге авторитарлы мемлекеттермен жақындасуына итермелейді. Бұл Тәуелсіздіктен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.Форумға қатысқан зиялы қауым биліктен елдегі авторитарлы-репрессивті үрдістерді тоқтатуды талап етіп, дағдарыстан шығудың жолын бірігіп іздеу үшін оппозициямен, азаматтық қоғаммен әріптестікті бастау керек деп үндеу тастаймыз. Қудалау машинасын іске қосқан соң, оны тоқтату өте қиын. Ол төңірегін басып жаншитын, жаңа құрбандарды талап ететін механизмге айналмақ. Өз құрбандарын ғана емес, өзін іске қосқандарды да күл-талқанын шығарып, күйрететін механизм болмақ.Биліктің саяси жүйені демократияландыруы мен қоғамды модернизациялауы, саяси бәсекелестікті дамытуы, азаматтық бейбітшілік пен толеранттылық дәстүрін қамтамасыз етуі және сақтауы сөз жүзінде емес, нақты іспен дәлелденуі тиіс. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 12 мың доллардан асып түскен жағдайда реформаларды созбалақтай беру, «алдымен экономика, содан кейін саясат» дегендей арзан популистік ұрандарға салынудың мәні де, мағынасы да жоқ. Кез келген саяси реформаның алғышарты – сенім мен өзара түсіністікті қалыптастыру. Ал билік өз қарсыластарын, өзгеше ойлайтын азаматтарды қудалаған кезде мұның іске асуы мүмкін емес.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1652 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...