Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлер туралы не айтасыз?



Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің құрылысы – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

Мемлекет құрылсына қарай да ерекшеленеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық (біртұтас) және федеративтік (заң бойынша біршама ерікті мемл одағы, республикалар, штаттар..), конфедеративтік (мемлекеттік құқылық) болып бөлінеді. Әр түрлі мемлекеттердің маңызы оныңоның ішкі саяси құрылсына қарай бағаланады. Саяси құрылысы дегеніміз- бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізуәдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, өкіметтің өз қызметінің құқылық негіздеріне қатысты, ресми конституциялық және құқықтық нормалардың нақты саяси өмірге сәйкестігі. Бүгінде әлемде демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, фашистік, т.б. саяси құрылсқа негізделгенмемлекеттер бар. Саяси бағыты тұрғысынан олар агрессияшыл, бейбітшіл, консервативтік, либералдық, бейтарапболып ажыратылады.

Мемлекетттің басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі, жеке дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абмолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөл. Абсолюттік м.деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрғанқоғамдық құрылсты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған). Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық м. Монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.

Республика деп мемл биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемл басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік, парламенттік, жіне аралас болып үшке бөлінеді.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1261 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...