Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ІV бөлім. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару



Тақырып. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

«Педагогикалық менеджмент» ұғымы. Басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері. Басқару қағидалары. Мектеп туралы нормативті құжаттарға сипаттама. Мектептегі педагогикалық үдеріс – әкімшілік басқарудың объектісі. Мұғалімдер мен оқушылар ұжымының іс-әрекеті – басқарудың пәні. «Педагогтар – оқушылар» және олардың жүйесіндегі басқару қатынасының ерекшеліктері.

Мектеп әкімшілігінің білім беру жүйесінде менеджер ретіндегі іс-әрекеттері: директор, тұтас педагогикалық үдерістің әртүрлі аспектісіндегі директордың орынбасарлары, менеджер.

Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес).

Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін арттырудың негізі. Мектептегі әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу, инновациялық іс-әрекетке дайындау.

Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы – оның педагогикалық құзыреттілігін жетілдірудің негізі. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа түрлері.

Мұғалімдерді аттестациялау – олардың кәсіби шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал. Мұғалімдерді жіктеу деңгейлері, оларға сипаттама. Ішкі және сыртқы сараптама барысында мұғалімдерді аттестациялау және диагностика технологияларына қойылатын қазіргі талаптар. Портфолио – педагог іс-әрекетінің және оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың мотивациялық негізі.

Негізгі ұғымдар: басқару, педагогикалық үдеріске жетекшілік жасау, менеджмент, басқару қағидалары мен қызметтері, әдістемелік қызмет, мұғалімдердің өздігінен білім алуы, педагогикалық іс-әрекеттерді диагностикалау және өзіндік диагностикалау, педагогикалық іс-әрекетті сараптау, мұғалімдерді аттестациялау.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 5392 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...