Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет №94



Туберкулез органов дыхания в сочетании с соматическими заболеваниями и иммуноскомпромпрометированных больных. Туберкулез у беременных и в послеродовом периоде.

Туберкулез және қант диабеті

Туберкулез – қант диабетінің ауыр асқынуларының бірі болып саналады, қант диабеті оның өту ағымын қиындатады. Сау адамдарға қарағанда қант диабеті бар науқастар туберкулезбен 2-6 есе жиі ауырады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда туберкулездің дамуына және оның ағымының ауыр түрде өтуінде ағзаның табиғи қарсыласу күшін анықтайтын лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің және басқа иммунитет реакцияларының төмендеуі, ферменттердің тепе теңдігінің және зат алмасуының бұзылуы әсер етеді.

Клиникалық белгілері: ҚД ауыратын науқастарда өкпе ТБ-нің дамуы және оның ағымы аздаған клиникалық белгілермен өтеді. Әлсіздік пайда болуын, тәбеттің төмендеуін және дене қызуының аздап көтерілуін дәрігерлер, науқастарда, көбінесе, қант диабетінің ағымының нашарлауы деп есептейді. Туберкулездің біріншілік көрінісі қант диабетінің ағымының тереңдеп үдеуімен көрінуі мүмкін, өйткені белсенді туберкулез көмірсу алмасуын бұзады, соған сәйкес инсулинге қажеттілік артады. Туберкулезді дер кезінде анықтау, көптеген жағдайда қант диабетімен ауыратын науқастарды жүйелі түрде флюрографиялық тексеруден өткізіп отыруға байланысты. ТБ бен ауру қауіпі зор, қант диабетімен ауыратын науқастарды диспансерлік бақылауға алғанда, олар туберкулезге тексерілуі қажет.

Туберкулез және тыныс алу ағзаларының бейспецификалық созылмалы қабыну аурулары

Бронх өкпе жүйесінің бейспецификалық қабыну аурулары, әдетте, тыныс алу ағзаларының созылмалы туберкулезімен бірге жүреді. ТАБСА мен ауыратын науқастар туберкулез ауруының қауіп қатер тобын құрайды. ТБ бен ауыратын науқастарда тыныс алу ағзалары ауруларының ішінде созылмалы бронхит, эмфизема, бронхиальды демікпе, пневмония кездеседі.

Клиникалық белгілері: ТБ дің белсенді түрімен ауыратын науқастарды ТАБСА ның клиникалық көрінісі, негізінен, туберкулез ауруының белсенділігіне байланысты. Дегенмен бейспецификалық қабыну өршігенде, науқастардың дене қызуы көтерілуі мүмкін, қақырық көбейеді, қақырықта патогенді микрофлора, ал қанды тексергенде лейкоцитоз анықталады, ЭТЖ жоғарылайды, пневмониямен асқынғанда цианоз, ентікпе пайда болады немесе күшие түседі.

Туберкулез және асқазан он екі елі ішектің ойық жара ауруы

Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын науқастарда ТБ дің жиілігі 6-9 есе жоғары, ал, керісінше Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы ауруының туберкулезбен ауыратын науқастарда дамуы басқа топқа қарағанда 2-4 есе көп. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруымен ауыратын науқастарда туберкулездің жиі пайда болуы себебіне асқорыту қызметінің бұзылуы жатады. Ішегіне жартылай резекция жасалған науқастардың ТБге жиі шалдығуын осы фактормен түсіндіруге болады. Ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуына белгілі мән беріледі, атап айтқанда, гидрокортизонның көп бөлінуі иммунитетті төмендетіді. Туберкулезді улану салдарынан асқазанның кілегей қабатының трофикасы, қышқылды пептинді факторлары бұзылады, ол әсіресе ішімдікке салынғандарда байқалады, туберкулезге қарсы қолданылатын кейбір препараттардың жергілікті асқазанға әсері туберкулезбен ауыратын науқастардың асқазанында қабыну үрдісін тудырады, одан кейін ойық жара түзілуі мүмкін.

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ АНА БОЛУ

Жүктілік және босану эндокринді жүйенің, иммунитет ағзаларының қызметін, зат алмасу барысын өзгеріске ұшыратады. Іштегі нәрестенің зат алмасу өнімдерінің бөлінуі ана ағзасына қосымша жүктеме береді, сондықтан ТБ ге шалдығуға мүмкіндік туады. Жүктілікке дейін пайда болған ТБ бен салыстырғанда, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болған ТБ дің ағымы ауыр түрде өтеді. Осы айырмашылық әйелдер ағзасының жүктілік және баланы емізу кезіндегі эндокриндік жүйенің қайта құрылу өзгерістеріне, сонымен қатар оларды толық тексеру мен ем жүргізу мүмкіндігінің шектелуіне байланысты. ТБ жүктіліктің кез келген кезеңінде пайда бола алады, бірақ ол жүктіліктің 1- жартысында жиі кездеседі, ал босанғаннан кейін алғашқы 6 айда жиі кездеседі. Жүкті әйелдерге жоспарлы алдын алу флюрографиялық тексерулер жүргізілмейді. Олар тыныс алу ағзаларына шағымданып келгенде және тексеру жүргізу барысында туберкулез анықталады. Қақырықты ТМБ на тексереді, қан және зәр анализдері жасалады. Бала туғанан кейін анасын және сәби айналасындағыларды флюраграфиялық тексеруден өткізеді. Жүкті әйелдер, бала емізетін аналар ТБ ауруханаларында немесе санаторийларында емделеді. Жүкті әйелдерді этамбутол, этионамид, рифампицинмен емдеуге болмайды, өйткені іштегі балада түрлі кемістіктер пайда болуы мүмкін. Жүкті әйел және іштегі бала үшін изониозид қатері біршама төмен препарат болып табылады. Сүт шыққан кезде химиотерапия қолданылмайды. Удемелі түрдегі бактерия бөлетін туберкулема, кавернозды немесе фиброзды кавернозды ТБ анықталғанда, жүкті әйелдердің өкпесіне хирургиялық ем қолдануға болады. Химиотерапия ешқандай нәтиже бермеген жағдайда жүктілікті үзі керек. ТБ бен ауырған аналардан бала аман сау болып туады. Тек кейбір жағдайларда ғана іштегі балаға құрсақ ішінде инфекция жұғуы мүмкін. Көп жағдайда нәрестелер туғаннан кейін анасынан ТМБ жұқтырады. Сол себепті жаңа туған нәрестені емшекпен емізуге тек ТМБ бөлмейтін, белсенділігі жоқ ТБ бен ауыратын аналарға ғана рұқсат етіледі. ТБ бен ауыратын анадан туған нәрестеге басқа балалар сияқты БЦЖ егіледі. Вакцинациядан кейін 6 апта аралығында нәрестені анасынан бөлек ұстайды, өйткені осы уақыт аралығында ТБ ге қарсы иммунитет қалыптасады. ТБ бен ауыратын науқас аналар босану үшін әйелдер босанатын арнайы үйгек жіберіледі. ТБ ге байланысты жүктілікті тоқтату көрсеткіштері:

- өкпенің фиброзды кавернозды, созылмалы диссиминирлі, циррозды ТБ нің өкпе жүрек жетіспеушілігімен асқынуы

- үдемелі ағымда өтетін бірінші анықталған өкпе туберкулезі

- қант диабеті немесе басқа созылмалы аурулармен қабаттасқан өкпе туберкулезі

жүктілікті алғашқы 12 апта аралығында үзу керек. Жүктілікті үзу алдында және одан соң ТБге қарсы терапияны күшейту қажет. Қайта бала көтеруге 2-3 жылдан кейін рұқсат берілуі мүмкін.





Дата публикования: 2015-01-24; Прочитано: 707 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...