Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет №91



Туберкулезный плеврит. Клинико-рентгенологическая картина. Видеоторакоскопический метод в диагностике и лечении. Диагностика, дифференциальная диагностика плеврита туберкулезной этиологии, лечение.

Туберкулезді плеврит дегеніміз плевраның жедел, жеделдеу, созылмалытүрдетуберкулезбенқабынуы, плевра қуысынасұйықтықтыңжиналуы. Оның пайда болуына өкпе және басқа ағзалар туберкулезінің асқынуы себепкер болады.

Клиникасы: фибринозды (кұрғақ) плеврит біртіндеп немесе бірден жедел басталады: кеуде қуысында ауру сезімі, кеуде бүйірінің ауырғаны жөтелгенде және сау жаққа қарай еңкейгенде күшие туседі, құрғақ жөтел, тұрақсыз түрде дене қызуы көтерілуі (субфебрильді), әлсіздік, плевра қабының үйкеоіс шуылы есітіледі. Экссудатты плевритпен ауыратын науқастарда улану, дене қызуы кенет қатты жоғарылауы, ентігу бірте бірте ұлғаяды, бүйірден қысқан ауру сезімі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, дауыс дірілі мен шуыл есітіледі, сұйықтық көп жиналғанда қабырға аралық кеңістік тегістеледі, дем алғанда кеуде куысының зақымданған жағы сау жаққа қарағанда қалып қояды.

Рентгенограммада: көлеңке көк еттің үстінде, жоғары шекарасы қисық және кеуде аралық ағзалардың карама карсы жаққа қарсы жаққа қарай ығысуымен көрінетін көлеңкені көреміз.

Видеотороскопияда туберкулезге тән төмпешікті бөртпелер анықталады. Плеврадағы бөртпелерден биоптат алып, гистологиялық, бактериологиялық тексерістер жүргізіледі. Биоптатта туберкулез гранулемасының элементтері анықталады (лимфоидты, эпителоидты және көп ядролы Пирагов Лангханс жасушалары, казеоз) оның үстіне ТМБ ры анықталса туберкулез диагнозы дұрыс қойылады.

Туберкулезді плевритпен ауыратын науқастарды емдеу плевра сұйығын тез арада жоюға, өкпенің немесе басқа ағзалардың туберкулезін емдеуге немесе оның алдын алуға бағытталған. Ем категорияға сәйкес жүргізіледі. Көп мөлшерлі экссудат 3-4 апта бойы емделгеннен соң сорылмаса, қосымша кортикостероидты гормондар белгіленеді олар экссудаттың сорылуын жылдамдатады және плевраның фиброзды қалыңдауын азайтады. Тыныс алу жетіспеушілігі пайда болғанда жүрек қызметін жеңілдету үшін, пункция жасап, сұйықтықты сорып алады.





Дата публикования: 2015-01-24; Прочитано: 390 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...