Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ІІ. Әлемдік дағдарыс: себептері мен көздері



ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығы аяқталып келеді. Ол бүкіл әлем үшін сы­нақ сипатында болды. Ауқымды лаңкестік шабуылдар, Ауғанстандағы, Ирак пен Кавказдағы соғыс операциялары, Таяу Шығыстағы және Африкадағы жанжал ұшқындары, әлемнің бірқатар елдеріндегі этносаралық қақтығыстар - мұның бәрі үшінші мыңжылдықтың алғашқы жыл­дары­ның мазасыз беттері. Жаһандық қаржы-экономикалық дағ­дарыс әлем үшін елеулі сынақ болды. Адам­зат тарихтың шұғыл бұрылыстары­ның себебі болған экономикалық құл­дырауларды талай рет бастан кешсе де бұл дағдарыстың ауқымы мен салдарлары бұрын-соңды болған емес. Тек соңғы жүз жылда оннан астам әр­қилы тереңдіктегі дағдарыстар болды. Бұл - жаһандық соғыстарға соқтырған ХХ ға­сыр­дың басындағы экономикалық күй­зе­лістер де, Кеңес одағының ыдырауын туындатқан бүкіл социалистік жүйенің 70-80-ші жылдардағы дағдарысы да, 90-шы жылдардың аяғындағы Азия дағдарысы да әлемдік экономиканы сілкілеп өтті. Алайда бұл жолғы дағдарыс - жаңа дең­гейдегі құбылыс. Ол бүкіл әлемнің эко­номикасын қамтып отыр. Әлемдік эко­номиканың осы жолғы жаһандық дағ­да­рыс салдарынан шеккен зардабының кө­лемі 3,5 триллион долларға бағаланып отыр. Қазір көптеген сарапшылар, талдама­шы­лар, ғалымдар дағдарыстың туындау себептерін іздестіріп, ең қайран қаларлық болжамдар жасауда. Бірақ та дағдарыстың негізінде адам­ның мәңгілік кінәраттары - ашқарақтық, иман­сыздық және жауапсыздық жатқанын мойындауға батылы жететіндер табыла қоймас. 2007 жылдың аяғында алыпсатарлық мәмілелердің жалпы көлемі 14 триллион доллардан астамды құрады. Ондаған олигархтың байлыққа құнуғышылығы миллиондар үшін қасірет болып оралды. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша, дағдарыспен күреске әлемде қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ доллары жұмсалған. Қазіргі кезде әлемдік экономикалық ахуалдың біршама жақсарғаны туралы белгілер беріліп жатыр. Бірақ та, тұтастай алғанда, мынаны айтуға болады, алдағы кезеңде әлемдегі экономикалық ахуал айтарлықтай әлсіз болып, дағдарыстың жаңа толқынының қатері сақталады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1405 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...