Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емтихан билеті. 1. Иіс сезу - заттың иісін қабылдау



  1. Иіс сезу анализаторы, қызметтері.

1.Иіс сезу - заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады.Рецептор жасушалары шеткі қысқа өсінділер (15-20 мкм) мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі сілемейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10-12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының сілемейлі қабығының беткі жағында болады. Бұл молекулалар мұрынның сілемейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігінде болатын иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.

Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор. Иіс сезу рецепторлары тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); иіс сезі жүйкесі деп жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; иіс сезу орталығы ол қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2999 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...