Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | ||
|
Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты 1925 жылы қабылданды. 1924 жылы Қазақстан өлкелік партия басшылығы көшпелі өмір салтын сақтаған қазақ ауылдарын отырықшыландыру және қазақ ауылдарында Кеңес өкіметі билігінің нығаюына кедергі келтіретін бай және орта тап өкілдерінің көзін жою қажет деп есептеді.
Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылы оның саны 4,5 млн-ға дейін азайған. 1930–1932 аштық жылдары Қазақстан халқының саны 6,2 млн. болса, соның 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. 1 млн. 700 мың адам Қазақстаннан тыс аймақтарға көшіп кетті. Күшпен жүргізілген ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстанда жалпы саны 372 көтеріліс болып, оған 80 мыңдай адам қатысқан. Ол көтерілістердің барлығын дерлік Кеңес өкіметі әскердің көмегімен басып тастады, көтерілісшілерге аяусыз жазалар қолданылды. Қазақстанда болып жатқан осы аштық, оның себептері туралы қылышынан қан тамған заманда Т. Рысқұлов 1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды ("Сталинге хат”). Сол кезде Қазақстан өлкесін басқарған Голощекиннің асыра сілтеу саясатына қарсы қазақтың белгілі азаматтары Т. Рысқұлов, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышпаев, Ғ. Мүсіреповтер де Сталинге ашық хат жазды ("Бесеудің хаты”). 1933 жылы Голощекин биліктен алынып тасталды. Бірақ бәрі де кеш еді.
1930 жылдары болған аштықты геноцид деп атаймыз. Олай дейтініміз Кеңес өкіметі қазақ халқын әдейілеп аштыққа ұрындырды және тең жартысы қырылғанға дейін көмек көрсетпей бақылап отырды.
Кеңес өкіметіне қазақ сияқты өз жері, дәулеті, малы мол елдің керегі жоқ еді. Олар Қазақстанға басқа халықтарды алып келіп, үлкен лагерь жасауды жоспарлады. Осы себептен 1929 жылы патша заманындағы "Көші-қон басқармасы” қайтадан жұмыс істей бастады. Сонымен бірге Сарыарқа жерінде "Карлаг” (Қарағанды лагері) құрылды. Кеңес өкіметінің осындай сұрқия саясатына қарамастан қазақ халқы соңғы күшімен өмір үшін күресіп жатты.
30-жылдары Қазақстанға өзге ұлттарды қоныс аударту кеңінен жүргізілді. Өлке аумағына елдің орталық аймағынан халық көптеп келе бастады. Бұл кезеңнің қоныс аудару саясатын үш бағытқа бөлуге болады: өндірістік, ауыл шаруашылық және күштеп, жазалау тәртібімен қоныс аударту. 1928–32 жылдары РКСФР-дің басқа республикаларынан елімізге 100 мыңға жуық шаруашылық көшіп келді. Ашық және ресми түрде жүргізілген жоспарлық қоныс аударудан басқа 30–40 жылдары әлеуметтік, кейін ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аудару ісі кеңінен жүргізілді. Ұжымдастыру науқаны басталысымен арнайы қоныс аудару бұқаралық сипат алды. 1930 жылы көктемде Қазақстанға 0,5 млн. «арнайы қоныс аударушылар келді».
1937 жылы қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған 95мың 903 адамнан тұратын корей диаспорасы қиыр Шығыстан көшіріліп қоныстандырылды. 1939–1941 жылы Батыс Беларуссия мен Батыс Украинадан, балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Санақ бойынша депортация алдына 1939 жылы Қазақстанда 54,7мың поляк, 3,6мың латыш, 808 литвалықтар және т. б. тұрған.
1941 жылы 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349713 неміс, 1944 жылдың ақпанында ингуштер мен чешендер, наурызда башқұрлар, қарашада түрік месхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударушылар болды.
Ішкі істер халық комиссариаты мен КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ресми құжаттары күштеп қоныстандыру себептерін фашистік режимді қолдаушыларға, бандитизмнің пайда болуына қарсы жасалған әрекет деп түсіндіреді.
Жалпы алғанда Қазақстанда 30 — 50-жылдары қоныстанушылар саны, ГУЛАГ тұтқындарын санамағанда, орта есеппен 1560мың адамға жетті.
1939–1959 жылдар аралығында халықтың өсуі 3210234 адамды құрады. Бұл кезеңде қазақ халқының тағдырына зор қауіп төнді. Тоталитарлық режим Қазақстанды қоныс аударушылар лагеріне, ГУЛАГ, концлагерьлер еліне айналдырып жіберді. Қазақ халқы сталиндік саясат құрбандарын құшақ жая қарсы алды. Олармен азық-түлігімен бөлісті, қайғысына ортақтасты, өздері аш-жалаңаш отырған қазақтар бақытсыздарға бала-шағасының аузынан жырып көмек көрсетті.
Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2145 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!