Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық саяси өмірі



Ауыр соғыс­та жеңіске же­ту ел басқару­дың әкімшіл әдістерінің дұрыс­тығына сенім туғыз­ды. 40–50 жыл­да­ры әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің же­текші күші Ком­му­нистік пар­тия бол­ды.

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда рес­публи­ка ла­герь­лер өлкесі бо­лып қала берді. Күштеп көшірілген­дер Қазақстанға, Ор­та Азия рес­публи­кала­рына, Ба­тыс және Шығыс Сібірге ор­на­лас­ты­рыл­ды. КСРО Мем­ле­кеттік Қауіпсіздік Ко­мис­са­ри­аты Басқар­ма­сының мәліметі бойын­ша, күштеп жер ауда­рылған­дар са­ны – 2 млн. 463940 (1946 ж. қазан­дағы са­нақ). Қазақ халқы ста­линдік зор­лық-зом­бы­лықтың құрба­ны болған ха­лықтарға көмегін аяған жоқ.

Соғыс жыл­да­ры Кеңес Одағы ұлттық бай­лығының үштен бірінен ай­рыл­ды. Өндірістегі жұмыс қолы­ның жетіспеуін то­лықты­ру мақса­тын­да 11 млн. 365 мың адам­дық Кеңес Ар­ми­ясы қата­рынан әскер­лерді бо­сату жүргізілді (де­моби­лиза­ция).

Соғыс­тан кейінгі алғашқы жыл – ауыл ша­ру­ашы­лығы үшін аса ауыр ке­зең.

40-жыл­дардың екінші жар­ты­сы – 50-жыл­дардың ба­сы – кеңес адам­да­рының ба­сым көпшілігі үшін ауыр ке­зең. Осыған қара­мас­тан аға ұрпақ өкілдері сол жыл­дарды «ал­тын ғасыр» деп атай­ды.

Ста­линнің қаза­сынан кейін (1953 жыл 5 на­урыз) ап­па­ратқа, қуғын­да­ушы ор­гандарға сүйен­ген жүйе дәуірі аяқтал­ды. «Жы­лымық жыл­да­ры» аталған 50-жыл­дардың екінші жар­ты­сынан бас­тап игі істер атқарыл­ды.

Бесінші бес­жылдық (1951–1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпо­рын са­лын­ды. 1957 жы­лы тұңғыш теп­ло­воз­дар Қараған­ды темір жо­лының Ерей­мен­тау де­посын­да пай­да бол­ды. Эко­номи­каның да­му қарқыны өсіп, 1954–1958 жыл­да­ры 730 өнеркәсіп орын­да­ры мен цех­тар іске қосыл­ды. 1959 жы­лы Қазақстан өнім өндіру­ден Одақта 3-орынға шықты.

Тың жер­лер игерілетін ай­мақтар: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кав­каз, Еділ бойы. 1954–1955 жыл­да­ры 1 млрд. 100 млн. — 1 млрд 200 млн. пұт ас­тық алу белгіленді. Қазақстан­дағы тың жер­лерді иге­ретін об­лыстар: Қос­та­най, Ақмо­ла, Солтүстік Қазақстан, Көкше­тау, Торғай, Пав­ло­дар. Тың иге­руге басқа рес­публи­калар­дан адам­дар көшіріліп әкелініп, оларға көпте­ген жеңілдіктер жа­сал­ды.

60-жыл­дардың ор­та­сын­дағы жүргізілген ша­ралар – соғыс­тан кейінгі ке­зең ішіндегі эко­номи­каны қай­та құруға бағыт­талған ең ірі ұмты­лыс.

1960 ж. ор­та­сынан 1980ж. ор­та­сына дейінгі ке­зең – тоқырау жыл­да­ры. Тоқырау ке­зеңінің иде­оло­ги­ясын­дағы бас­ты бағыт­тардың бірі – орыс­танды­ру са­яса­ты.

128. Ғылым мен мәде­ни­ет­ке ста­линдік қыс­пақ. Е. Бек­ма­ханов ісі (1951–1952 жж.)

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда ста­линдік то­тали­тар­лық жүйе ғылым мен мәде­ни­еттің да­му­ына белгілі мөлшер­де ке­дергі жа­сады. Мы­салы, ком­му­нистік пар­ти­яның қатал иде­оло­ги­ясы қоғам­дық ғылым­дарға қат­ты қыс­пақ көрсетті.

Қазақстан пар­тия ко­митеті БК (б) П Ор­та­лық Ко­митетінің 1946 жылғы зи­ялы қауым­ды са­яси қуда­лауға ар­налған қаулы­сын орын­дау мақса­тын­да жұмыс істеді. Осы­дан бас­тап көпте­ген зи­ялы қауым­дардың, ғылым, мәде­ни­ет өкілдерінің са­яси қуда­ла­уы бас­талды. 1947 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ныңқұра­мын­дағы Тіл және әде­би­ет инс­ти­туты­на XIX ғасырға дейінгі қазақ әде­би­етінің ру­хани мұра­сын зерт­те­уге тыйым сал­ды. Се­бебі бұл кездің мұра­лары «ескінің қал­дығы» ретінде си­пат­талды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясын­да, Мем­ле­кеттік уни­вер­си­тет­те, жа­зушы­лар қауымы өкілдері ішінен «ха­лық жа­ула­рын», «бөгде ой­лы адам­дарды» іздеді.

М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев, Қ. Жұма­ли­ев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстан­ның бірту­ар ұлда­рына «ескіні жа­зушы­лар» ретінде негізсіз айып­тар тағыла бас­та­ды. Белгілі ғалым­дарға (А. Жұба­нов, Б. Сүлей­ме­нов, Е. Ыс­ма­илов, С. Кеңес­ба­ев т. б.) әр түрлі жа­ла жа­был­ды. М. Әуезов, Қ. Сәтба­ев сияқты ғалым­дар біраз уақыт бойы қазақстан­нан тыс жер­лерді (Ле­нинг­рад, Моск­ва) ме­кен­деді.

Е. Бек­ма­ханов ісі. Ермұхан Бек­ма­ханов Во­ронеж пе­даго­гика инс­ти­тутын бітірген та­рих­шы ғалым бол­ды. Е. Бек­ма­ханов 1943 жы­лы «Қазақ ССР та­рихы» ат­ты еңбек жа­зып, 1946 жы­лы док­торлық дис­серта­ция қорғады. 1947 жы­лы дис­серта­ци­ясын «XX ғасыр­дың 20–40 жыл­да­рын­дағы Қазақстан» тақыры­бын­да мо­ног­ра­фия етіп шығар­ды. Е. Бек­ма­ханов бұл еңбек­терінде 1837–1847 жыл­дардағы Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған көтеріліс ту­ралы кең көлем­де жазған бо­латын. Осыған бай­ла­ныс­ты Е. Бек­ма­хановқа Ре­сей­ге қар­сы көтерілісті жақтаған, Ке­неса­ры қозғалы­сын ақтауға ты­рысқан бур­жу­азияшыл, ұлтшыл де­ген айып тағыл­ды. 1950 жыл­дан бас­тап ком­му­нистік пар­тия бас­пасөз арқылы Е. Бек­ма­ханов­ты ашық айып­тай бас­та­ды.

1951 жы­лы ҚазКСР-нің Жоғарғы со­ты Е. Бек­ма­ханов­ты айып­ты деп та­уып, 25 жылға бас бос­тандығынан айыр­ды. Ол Гу­лаг ла­геріне жа­засын өте­уге жіберілді. Е. Бек­ма­ханов 1954 жы­лы ақта­лып түрме­ден бо­сады. Оның бос­тандыққа шығуына А. М. Панк­ра­това, А. П. Куч­кин сияқты ғалым­дар көп көмек көрсетті. Е. Бек­ма­ханов ақта­лып шыққан­нан кейін, өзінің ғылы­ми пе­даго­гика­лық жұмы­сын жалғас­тырды. Е. Бек­ма­ханов 1966 жы­лы қай­тыс бол­ды.

129. Қазақстандағы тың және тыңайған жер­лерді иге­ру (1954–1958 жж.)

Тың жер­лердің игерілуі 1954 жы­лы бас­талды. 1954 жы­лы на­урыз­да КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да «Ас­тық өндіруді арт­ты­ру, тың және тыңайған жер­лерді иге­ру» ту­ралы қаулы қабыл­данды. Тың иге­ру, ас­тық өсіретін егістік көлемін арт­ты­ру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кав­каз бен Қазақстан­да жүргізілді.

1954 жы­лы Кеңес Одағын­да 13,4 млн. гек­тар жаңа жер, оның ішінде Қазақстан­да 6,5 мил­ли­он гек­тар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28–30 мил­ли­он гек­тарға жеткізу көзделді. Тың жер­лерді иге­ру ісі ерек­ше қарқын­мен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жы­лы 9,4 мил­ли­он гек­тар жер жыр­тылды. Ал жос­пар бойын­ша 7,5 млн гек­тар жер жыр­ту көздел­ген бо­латын. Тың жер­лердің игерілуі жүргізілді:

Ақмо­ла, Солтүстік Қазақстан;

Қос­та­най, Көкше­тау;

Торғай;

Пав­ло­дар об­лыста­рын­да.

Тың жер­лерді иге­ру мақса­тын­да Қазақстанға көпте­ген жұмыс­шы­лар келді. 1953–1958 жыл­дар ара­лығын­да сов­хоздар мен кол­хоздарға 266,6 мың ме­хани­затор, 1954 жы­лы Ақмо­ла об­лы­сына тың иге­ру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың иге­руді же­дел­де­ту мақса­тын­да көпте­ген ша­ралар қол­да­ныл­ды. Басқа өңірлер­ден тың иге­руге кел­гендер­ге көпте­ген ма­тери­ал­дық жеңілдіктер жа­сал­ды. Тың иге­руге кел­ген әр адамға 150–1000 сом ара­лығын­да бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да ма­тери­ал­дық, азық-түлік т. б. көмек­тер берілді. Тың иге­руге кел­гендер ауыл ша­ру­ашы­лық са­лығынан бо­сатыл­ды.

1954–1959 жыл­дар ара­лығын­да Қазақ КСР-де тың және тыңайған жер­лерді иге­ру мақса­тын­да 20 млрд-қа жуық сом жұмсал­ды.

Тың иге­рудің пай­да­сы. Тың иге­ру Қазақстан­да ерек­ше қарқын­мен жүргізілді. Қазақстан­да егістік жер­лердің көлемі арт­ты. Ас­тық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Со­ның арқасын­да Қазақстан Ор­та Азия мен Сібірді, Орал­ды ас­тықпен қам­та­масыз етті. Тың иге­ру жыл­да­рын­да Қазақстан көп ұлтты, ин­терна­ци­онал­дық ел­ге ай­нал­ды. Қазақстан жерінде көпте­ген тұрғын үй­лер, құры­лыс­тар, мәде­ни обьектілер са­лын­ды. Он мыңдаған шақырым жол­дар төселді.

Тың иге­рудің сал­да­ры. Көпте­ген жыл­дар бойы тың жер­лерді иге­ру пар­тия көре­гендігі, Мем­ле­кет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы ту­ралы еш­теңе ай­тыл­ма­ды және ай­ты­луы да мүмкін бол­ма­ды.

Ең ал­ды­мен Қазақстанға тың және тыңайған жер­лерді иге­руге кел­гендер ара­сын­да арам­та­мақтар мен қыл­мыскер­лер де бол­ды. 1954–1955 жыл­дарда Қазақстанға кел­ген 650000 тың иге­рушінің 150000-ы ғана ме­хани­затор бол­ды. Нәти­жесінде көпте­ген тәртіп бұзу­шылықтар, қыл­мыстар етек ал­ды.

Тың иге­руге бай­ла­ныс­ты сов­хоздарға көбіне­се тозған, бүлінген трак­торлар мен ком­бай­ндар, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы жіберілді.

Эко­логи­ялық жағдай күрт на­шар­ла­ды. Аса көп тер­ри­тория жыр­ты­лып, нәти­жесінде көп жер­лер тіршілікке жа­рам­сыз бо­лып қал­ды. То­пырақ эро­зияға ұшы­рап, жердің құнар­лы­лығы азай­ды.

Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды. Мил­ли­он­даған гек­тар жер­лер жыр­тылған­дықтан, мал­дың жайылы­мы, жемшөп дайын­дай­тын жер­лер азай­ды. Мал ша­ру­ашы­лығының шығынға ұшы­ра­уынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азай­ды.

Қазақ халқының ұлттық ерек­шеліктері аяққа тап­талды. Тың иге­рушілер ара­сын­да қазақ халқының ұлттық на­мысын қор­лай­тын теріс пікірлер та­рады. Тың иге­ру жыл­да­ры қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәде­ни­еті, ұлттық ру­хани­ят­та­ры ес­керілмеді. Қазақ мек­тептері, ба­лабақша­лар, қазақ тіліндегі га­зет-жур­налдар азай­ды. Қазақ тілінің қол­да­нылу аясы та­рыл­ды. Тың иге­ру жыл­да­ры кел­ген 2 мил­ли­онға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген ар­тықшы­лықтар қазақ халқын менсінбе­ушіліктің көрінісі бол­ды.

130. Ғылым мен білімнің дамуы(1946-1964жж)

Соғыс­тан кейінгі уақыт­та мәде­ни­ет, еліміздің ру­хани жағдайы қатал ста­линдік иде­оло­ги­яның қыс­пағын­да бол­ды. То­тали­тар­лық ре­жим бұл са­ланы өз де­генімен басқарып отыр­ды.

Ағар­ту ісі. Соғыс­тан кейін қираған ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру жо­лын­да кез­дескен бас­ты ке­дергілердің бірі – қажетті ма­ман­дардың жетіспеуі.

1946 жы­лы ком­му­нистік пар­тия Қазақстан­да жоғары және ор­та білім бе­ру ісін да­мыту ша­рала­ры жөнінде қаулы қабыл­да­ды. Қазақстанға көпте­ген білікті ма­ман­дар жіберіліп, білім бе­ру ісіне қара­жат бөлінді. Соғыс­тан кейінгі алғашқы жыл­да­ры мем­ле­кет­ке қажетті 60000-дай ма­ман да­яр­ланды. 1950 жы­лы рес­публи­када білім бе­ру ісіне 146,5 млн. сом жұмсал­ды. Нәти­жесінде көпте­ген жаңа мек­тептер мен ин­тернат­тар са­лын­ды. 1950 жы­лы Қазақ КСР-дегі мек­тептердің са­ны 9088 бол­ды. Бұл мек­тептер­де 1493000 оқушы оқыды.

1950 жы­лы рес­публи­када міндетті ор­та білім алу жүйесі енгізілді.

Ғылым. Ха­лық ша­ру­ашы­лығын қал­пы­на келтіру ба­рысын­да негізгі қажеттіліктердің бірі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­ры бол­ды. 1946 жы­лы ма­усым­да Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құрыл­ды. Ғылым ака­деми­ясы­ның алғашқы пре­зиденті бо­лып ғалым, ге­оло­гия-ми­нера­логия ғылым­да­рының док­то­ры, ака­демик Қаныш Иман­тайұлы Сәтба­ев сай­лан­ды. Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы­ның жұмы­сын ұйым­дасты­ру бағытын­да С. И. Ва­вилов, И. П. Бар­дин, А. М. Панк­ра­това сияқты КСРО Ғылым ака­деми­ясы­ның белгілі ғалым­да­ры көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бас­тап Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы көпте­ген аса күрделі ғылы­ми-зерт­теу жұмыс­та­рын жүргізді. 1946–1949 жыл­дар ара­лығын­да Ғылым ака­деми­ясы 900-дей жаңалық аш­ты.

1950 жы­лы Қазақ КСР Ғылым ака­деми­ясы құра­мын­да 50 ғылы­ми-зерт­теу ме­кеме жұмыс істеді. Ғылым ака­деми­ясы­ның 19 ғылы­ми-зерт­теу инс­ти­тутын­да 500 ас­пи­рант оқыды.

Әде­би­ет. Қазақ әде­би­етінің соғыс­тан кейінгі жағдайы на­шар бол­ма­ды. Бірақ ста­линдік иде­оло­гия әде­би­еттің да­му­ына кері әсерін тигізбей қой­ма­ды. 1947 жы­лы М. Әуезов «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы­ның екі кіта­бын аяқта­ды.

1949 жы­лы «Абай жо­лы» ро­ман эпо­пе­ясы үшін ол мем­ле­кеттік сый­лыққа ие бол­ды. Бұл ту­ын­ды – қазақ әде­би­етінің аса үлкен жетістігі.

Соғыс­тан кейінгі жыл­дарда Ғ. Мұста­финнің «Мил­ли­онер», С. Мұқанов­тың «Сыр­да­рия», М. Иман­жа­нов­тың «Алғашқы ай­лар» ро­ман­да­ры, Қ. Бек­хо­жин мен Ғ. Ор­ма­нов­тың, А. Тоқмаған­бе­тов пен Т. Жа­роков­тың, Ә. Тәжіба­ев­тың өлеңдер жи­нақта­ры жа­рық көрді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1738 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...