Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ж. екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы



Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің баска да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұраксыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыкка ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.

Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді.

Съезд қазак автономиясы мәселесі бойынша бірауыздан қаулы қылды:

1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Әмудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халкы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

2) қазақ-кырғыз автономиясының жер үстіндегі түгісуы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

5) казақ-қырғыз арасында тұрған аз халыктың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады;

6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уакытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-кырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уакытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады.

Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясы үкіметінің, яғни — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. ЫЫ Жалпықазақ съезі қырғыз-қазақты бүліншіліктен қорғау үшін... ешбір тоқтаусыз милиция түзу туралы шешім қабылдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады.

Бірақ осы шешімді жария ету мәселесіне келгенде пікір алшақтығы байқалды. Ә.Бөкейханов бастаған топ мемлекеттік автономия туралы шешімді қазақ арасында тұрып жаткан орыс қауымының келісімін ала отырып іске асыруды ұсынды. Х. Досмұхамедов пен оны қолдаушылар автономия туралы шешімді бірден жария етіп, оны нығайту қамына кірісіп кетуді жақтады. Съезд бұл хабарды Түркістан өлкесі құрамындағы қазақтардың Алаш автономиясы құрамына енуге байланысты пікірін анықтап алған соң барып ресми түрде жария ету жөнінде келісімге тоқтады.

Съезд белгілеген — әскер жасақтау, ұлт қазынасын құру, оку-ағарту жүйесін қалыптастыру және баска шаралар ұлттық мемлекеттіктің шаңырағын көтеруге бағытталған әрекеттің көрінісі еді.

1917 жылғы ЫЫ Жалпықазақ съезінде бүкіл қазақ жерін, оның халқын біртұтас мемлекет туы астына жинауға бағытталған батыл қадам жасалынды.

Съезд өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда үкіметі Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті жерге жеделхаттар жолдады. Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайдың қолдарымен бекітілген бұл хатта «Алаш баласын біріктіріп, өз алдына автономия ету» мақсатында оңтүстік қазақтарының келісімін алу үшін Сырдария облысының съезі шақырылатындығы айтылды.

1918 жылдың қаңтарында Түркістан қаласында өткен съезд Алаш автономиясына қосылу мәселесін үш күн ұдайы талқылаған соң, осындай сын сәтте Сырдария облысының Түркістан автономиясы құрамынан бөлініп кетуі өлке ұлт-азаттық қозғалысына ауыр соққы болып тиерін негізге ала отырып, «1. Сырдария облысы қазіргі уақытта... әзірше Түркістан автономиясында калады. 2. Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясымен союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады», — деген шешімге келді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 3254 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...