Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сүзгілеу



Егер қор кестесіндегі деректер тізімі өте үлкен болса, онда сұрыптау онша ыңғайлы әрекет емес. Мұндай жағдайда, тек қана көрсетілген қажетті деректерді беретін, сүзгілеуді қолданған дұрыс.

Парақтағы деректерді сүзгілеу арқылы қажетті ақпаратты жылдам табуға және таңдауға болады. Сүзгілеуді деректердің бір не бірнеше бағаны бойынша жүргізуге болады. Сүзгі көмегімен көрінетін деректерді ғана емес, шығарылған деректерді де бақылауға болады. Сүзгілеуді тізімнен таңдалып алынған көрсеткіштер арқылы не қажетті деректер үшін арнайы сүзгілеу шарттары арқылы жүргізуге болады.

«Іздеу» өрісі арқылы сүзгілеу жүргізгенде сүзгі интерфейсінде мәтінді және сандарды іздестіруге болады.

Деректерді сүзгілеу кезінде бір не бірнеше бағандардағы мәндер сүзгілеу шартына сай келмесе, осы мәндер бар жолдар толығымен жасырылады. Сүзгілеуді сандық, не мәтіндік, не мәтіні не түстік пішім қолданылған ұяшық түсіне байланысты жүргізуге болады.

Сүзгілеу жүргізу үшін мынандай әрекеттерді орындау керек:

1) Электрондық кестенің деректерін (тақырып жолынан басқа) толық не бөлігін белгілеу керек;

2) Бағандар тақырыбы жолына сүзгі белгісін (сурет 3) қою үшін орындау керек:

А) не «Бас» -«Өңдеу» тобындағы «Сұрыптау және сүзгі» - «Сүзгі»,

Б) не «Деректер» - «Сұрыптау және сүзгі» тобындағы «Сүзгі»;

3) Сүзгілеу жүргізілетін баған тақырыбындағы стрелка белгісін шертіп, сүзгілеу шартына қолдануға болтын мәндер тізімін (сурет 4) шығарып алуға болады. Ескерту: Бағандағы деректер түріне байланысты «Мәтіндік сүзгі» не «Сандық сүзгі» бұйрығы шығады (сурет 4). Олардың бағыныңқы мәзірлеріндегі бұйрықтар (сурет 5) әртүрлі болады.

Сандық не мәтіндік сүзгісінің кезкелген элементін (сурет 5) таңдаса, «Қолданушы сүзгісі» сұқбат терезесі (сурет 6) шығады. Осы терезенің көмегімен сүзгілеу деректердің белгілі бір диапазоны үшін жүргізіледі (сурет 6).

4) Сүзгі шартын тізімнен таңдау үшін: а) «Барлығын белгілеу» алдындағы жалаушаны алып тастап, б) сүзгі шарты болатын деректер алдына жалауша қойып, «ОК» батырмасын шерту керек (сурет 4). Қордағы сүзгілеу шартына тең деректері бар барлық жолдар көрсетіледі де, қалған жолдар жасырылады. Мысалы, 4-суретте сүзгілеу бағанында 8, 10 және 13 сандары бар жолдарды көрсететін сүзгі қойылған.

5) Егер тізімдегі деректер (сурет 4) бойынша сізгілеу қарастырылып орырған жағдайға келмейтін болса, онда «Мәтіндік сүзгі» не «Сандық сүзгі» бұйрығын шерту керек. Пайда болған сандық не мәтіндік сүзгілер тізімінен (сурет 5) қажеттісін шертіп, ашылған «Қолданушы сүзгісі» сұқбат терезесін (сурет 6) толтырып, «ОК» батырмасын шертіп растау керек. 6-шы суретте көрсетілген «Қолданушы сүзгісі» сұқбат терезесінде сүзгіленетін бағанда 451 мен 872 аралығындағы деректер бар жолдарды көрсететін шарттар қойылған.

Сүзгілеуден соң барлық деректерді көрсету үшін, яғни жасырылған жолдарды қайта шығару үшін, сүзгіленетін бағандағы сүзгі белгісін шертіп, «Бәрін белгілеу» бұйрығын шерту керек.

Сүзгіні алып тастау сүзгіні қою әрекетімен орындалады:

А) не «Бас» -«Өңдеу» тобындағы «Сұрыптау және сүзгі» - «Сүзгі»;

Б) не «Деректер» - группы «Сұрыптау және сүзгі» тобындағы «Сүзгі»

Кестелік процессор MS Excel. Статистикалық функциялармен жұмыс. Microsoft Excel-дің жиі қолданылатын статистикалық функциялары: СРЗНАЧ, КВАДРОТКЛ, МАКС, МЕДИАНА, СЧЁТЕСЛИ және басқалары.

Microsoft Excel-дің функциялар тізімінде 98 статикалық функциялар бар:

Функция Сипаттама
F.ОБР Ықтималдылықтың солжақты F-үлестірілуінің кері мәнін береді
F.ОБР.ПХ Ықтималдылықтың оңжақты F-үлестірілуінің кері мәнін береді
F.РАСП Ықтималдылықтың солжақты F-үлестірілуінің мәнін береді
F.РАСП.ПХ Ықтималдылықтың оңжақты F-үлестірілуінің мәнін береді
F.ТЕСТ F-тест нәтижесін береді
Z.ТЕСТ z-тестің екі жақты P-мәнін береді
БЕТА.ОБР Көрсетілген бета-үлестірудің кері интегралды функциясын береді
БЕТА.РАСП Бета-үлестірудің интегралды функциясын береді
БИНОМ.ОБР Интегралды биномиальды үлестіру көрсетілген шарттан кіші не тең болатын кіші мәнді береді
БИНОМ.РАСП Биномиальды үлестірудің жеке мәнін береді
ВЕЙБУЛЛ.РАСП Вейбулл үлестірілуін береді
ВЕРОЯТНОСТЬ Диапазондағы мәндердің көрсетілген шектер аралығында болу ықтималдылығын береді
ГАММА.ОБР Кері гамма-үлестіруді береді
ГАММА.РАСП Гамма-үлестіруді береді
ГАММАНЛОГ Натурал логарифмнің гамма функциясын Γ(x) береді
ГАММАНЛОГ.ТОЧНО Натурал логарифмнің гамма функциясын Γ(x) береді
ГИПЕРГЕОМ.РАСП Гипергеометриялық үлестіруді береді
ДИСП.В Таңдама бойынша дисперсияны бағалайды
ДИСП.Г Генеральдық жиынтық үшін дисперсияны есептейді
ДИСПА Таңдама бойынша, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, дисперсияны бағалайды
ДИСПРА Толық (генеральдық) жиынтық бойынша, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, дисперсияны есептейді
ДОВЕРИТ.НОРМ Толық жиынтық бойынша орта мән үшін ықтималдылық интервалын есептейді
ДОВЕРИТ.СТЬЮДЕНТ Стъюденттің t-үлестірілуіне сай толық жиынтық бойынша орта мән үшін ықтималдылық интервалын есептейді
КВАДРОТКЛ Ауытқулардың квадраттарының қосындысын береді
КВАРТИЛЬ.ВКЛ Деректер көптілігінің квартилін қайтарады
КВАРТИЛЬ.ИСКЛ Процентильдің 0 мен 1 аралығындағы, бұл сандар енбейтін, мәндерінің негізінде деректер жиынтығының квартилін береді
КВПИРСОН Пирсонның корреляция коэффициентінің квадратын береді
КОВАРИАЦИЯ.В Таңдама үшін ковариацияны, яғни екі деректер жиынтығындағы әр деректер нүктесінің жұбы үшін ауытқулар көбейтінділерінің орта мәнін береді
КОВАРИАЦИЯ.Г Жұп ауытқулардың көбейтінділерінің коварияциясын береді
КОРРЕЛ Екі деректер көптілігінің арасындағы корреляция коэффициенті
ЛГРФПРИБЛ Экспоненциальды тренд сипаттамаларын береді
ЛИНЕЙН Сызықтық тренд сипаттамаларын береді
ЛОГНОРМ.ОБР Кері логарифмдік қалыпты интегралды үлестіруді береді
ЛОГНОРМ.РАСП Интегралды логарифмдік қалыпты үлестіруді береді
МАКС Аргументтер тізіміндегі ең үлкен мәнді береді
МАКСА Аргументтер тізіміндегі, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, ең үлкен мәнді береді
МЕДИАНА Көрсетілген сандардың медианасын табады
МИН Аргументтер тізіміндегі ең кіші мәнді береді
МИНА Аргументтер тізіміндегі, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, ең кіші мәнді береді
МОДА.НСК Массивте не диапазонда жиі кездесетін (қайталанатын) сандардан тік массив құрады
МОДА.ОДН Деректер көптігінің модасының мәнін қайтарады
НАИБОЛЬШИЙ Деректер көптігінің k-сыншы ең үлкен мәнін береді
НАИМЕНЬШИЙ Деректер көптігінің k-сыншы ең кіші мәнін береді
НАКЛОН Сызықтық регресия сызығының еңкіштігін көрсетеді
НОРМ.ОБР Кері қалыпты үлестіруді береді
НОРМ.РАСП Үлестірудің қалыпты функциясын береді
НОРМ.СТ.ОБР Стандартты қалыпты үлестірудің кері мәнін береді
НОРМ.СТ.РАСП Стандартты қалыпты интегралды үлестіруді береді
НОРМАЛИЗАЦИЯ Қалыптастырылған мәнді береді
ОТРБИНОМ.РАСП Кері биномиальды үлестіруді береді
ОТРЕЗОК Сызықтық регрессия сызығының осьтен қырқатын кесіндісін береді
ПЕРЕСТ Объектілердің берілген саны үшін ауыстыру санын береді
ПИРСОН Пирсон корреляциясының санын береді
ПРЕДСКАЗ Сызықтық тренд мәнін береді
ПРОЦЕНТИЛЬ.ВКЛ Диапазон мәндері үшін k-сыншы персентилін береді
ПРОЦЕНТИЛЬ.ИСКЛ Диапазон мәндері үшін k-сыншы персентилін береді, мұнда k — 0 мен 1 арасындағы сандар (бұл екі сан қірмейді)
ПРОЦЕНТРАНГ.ВКЛ Деректер көптігінің проценттік нормасы мәнін береді
ПРОЦЕНТРАНГ.ИСКЛ Деректер жиынтығының пайыздық құрылымы ретінде осы жиынтықтың рангін (0-ден 1-ге дейін, бұл сандар қосылмайды)
ПУАССОН.РАСП Пуассон үлестіруін береді
РАНГ.РВ Сандар тізіміндегі санның рангін береді
РАНГ.СР Сандар тізіміндегі санның рангін береді
РОСТ Экспоненциалды трендке сәйкес мәнді береді
СКОС Үлестіру ассимметриясын береді
СРГАРМ Орташа гармониялық шама мәнін береді
СРГЕОМ Орташа геометриялық шама мәнін береді
СРЗНАЧ Аргументтердің орташа арифметикалық мәнін береді
СРЗНАЧА Аргументтердің орташа арифметикалық мәнін береді, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра
СРЗНАЧЕСЛИ Көрсетілген шартты қанағаттандыратын диапазондағы барлық ұяшықтар үшін орташа мәнді береді
СРЗНАЧЕСЛИМН Көрсетілген бірнеше шартты қанағаттандыратын диапазондағы барлық ұяшықтар үшін орташа мәнді
СРОТКЛ Деректердің орташадан ауытқуының абсолют шамаларының орташа арифметикалық мәнін береді
СТАНДОТКЛОН.В Таңдама бойынша стандартты ауытқуды береді
СТАНДОТКЛОН.Г Толық жиынтық бойынша стандартты ауытқуды береді
СТАНДОТКЛОНА Таңдама бойынша стандартты ауытқуды, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, береді
СТАНДОТКЛОНПА Толық жиынтық бойынша стандартты ауытқуды, сандық, мәтіндік және логикалық мәндерді ескере отыра, береді
СТОШYX Регрессиядағы х-тің әрбір мәні үшін табылған у мәнінің стандартты қателігін береді
СТЬЮДЕНТ.ОБР Стьюдент үлестіруінің t мәнін, ықтималдық және бостандық көрсеткіші мәні функциясы ретінде, береді
СТЬЮДЕНТ.ОБР.2Х Кері Стьюдент үлестіруін береді
СТЬЮДЕНТ.РАСП Стьюденттің t –үлестіруі үшін пайыздық нүктелерді (ықтималдық) береді
СТЬЮДЕНТ.РАСП.2Х Стьюденттің t –үлестіруі үшін пайыздық нүктелерді (ықтималдық) береді
СТЬЮДЕНТ.РАСП.ПХ Стьюденттің t –үлестіруін береді
СТЬЮДЕНТ.ТЕСТ Стюдент шарттарына сәйкес келетін ықтималдылықты береді
СЧЁТ Аргументтер тізіміндегі сандардың санын береді
СЧЁТЕСЛИ Диапазондағы көрсетілген шартты қанағаттандыратын ұяшықтар санын береді
СЧЁТЕСЛИМН Диапазондағы көрсетілген бірнеше шартты қанағаттандыратын ұяшықтар санын береді
СЧЁТЗ Аргументтер тізіміндегі мәндер саныны береді
СЧИТАТЬПУСТОТЫ Диапазондағы бос ұяшықтар санын есептейді
ТЕНДЕНЦИЯ Сызықтық трендке сәйкес келетін мәндерді береді
УРЕЗСРЕДНЕЕ Деректер көпшілігі ішіндегі орташаны береді
ФИШЕР Фишер түрлендіруін береді
ФИШЕРОБР Фишердің кері түрлендіруін береді
ХИ2.ОБР Бета-ықтималдылық тығыздығының интегралды функциясын береді
ХИ2.ОБР.ПХ Хи-квадрат үлестіруінің біржақты ықтималдылығының кері мәнін береді
ХИ2.РАСП Бета-ықтималдылық тығыздығының интегралды функциясын береді.
ХИ2.РАСП.ПХ Хи-квадрат үлестіруінің біржақты ықтималдылығының мәнін береді
ХИ2.ТЕСТ Тәуелсіздік тестін береді
ЧАСТОТА Жиіліктің үлестірілуін тік массив түрінде береді
ЭКСП.РАСП Экспоненциальды үлестіруді береді
ЭКСЦЕСС Деректер көпшілігінің эксцессін береді

Кестелік процессор MS Excel. Логикалық функциялармен жұмыс. Деректерді логикалық функциялар көмегімен өңдеуге мысалдар.ЕМЕС, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ, ЕГЕР, АҚИҚАТ, ЖАЛҒАН функциялары.

Microsoft Excel-дің логикалық функциялары.

Excel-дің “Мастера функцийінің” тізімінде 6 логикалық функция бар (кесте 2).

Кесте 2. Логикалық функциялар

Функцияның аргументімен толық түрі Функция береді
ЕГЕР(логикалық_өрнек;ақиқат_болғандағы_нәтиже; ақиқат_болмағандағы_нәтиже) Егер деректер, “логикалық_өрнек”-ге сәйкес келетін болса нәтиже “ақиқат_болғандағы_нәтиже” өрнегі болады, егер деректер, “логикалық_өрнек”-ге сәйкес келмейтін болса нәтиже “ ақиқат_болмағандағы_нәтиже” өрнегі болады.
ЖӘНЕ(логикалық1;логикалық2;…) Нәтиже АҚИҚАТ, егер деректер логикалық шарттарға сәйкес болса, егер сәйкес болмаса – ЖАЛҒАН
НЕМЕСЕ(логикалық1;логикалық2;…) Нәтиже АҚИҚАТ, егер деректер логикалық шарттардың біреуіне сәйкес болса, егер екеуіне де сәйкес болмаса -ЖАЛҒАН.
ЕМЕС(логикалық_өрнек) АҚИҚАТ, егер деректер шартқа сәйкес болмаса, ал сәйкес болса- ЖАЛҒАН.
АҚИҚАТ() Нәтиже АҚИҚАТ болады
НЕМЕСЕ() Нәтиже ЖАЛҒАН болады

Деректерді логикалық функциялар көмегімен өңдеуге мысалдар:

ЕМЕС(А2<40) – егер А2<40 шарты орындалса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан кіші сан болатын болса, функцияның нәтижесі ЖАЛҒАН болады, егер А2<40 шарты орындалмайтын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-қа тең не үлкен сан болатын болса, функция нәтижесі АҚИҚАТ болады.

ЖӘНЕ(А2<40;А2>35) - егер А2<40 және А2>35 шарттары орындалатын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан кіші және 35-тен үлкен сан болса, 36, 37, 38, 39 сандарының бірі болса, онда функцияның нәтижесі АҚИҚАТ болады; егер А2<40 пен А2>35 шарттары орындалмайтын болса, яғни қарасытырылып отырған ұяшықта 40-қа тең не үлкен немесе 35-ке тең не кіші сан болса, функция нәтижесі ЖАЛҒАН болады.

НЕМЕСЕ(А2>40;А2<35) - егер А2>40 немесе А2<35 шарттарының бірі орындалатын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан үлкен не 35-тен кіші сан болатын болса, онда функция нәтижесі АҚИҚАТ болады; егер А2>40 пен А2<35 орындалмайтын болса, яғни қарастырылып отырған ұяшықта 35, 36, 37, 38, 39, 40 сандарының бірі болса, функция нәтижесі ЖАЛҒАН болады.

ЕГЕР(А2<40;«ЖАҚСЫ»;«ЖАМАН») – егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 40-тан кіші болса, онда функция нәтижесі бірінші өрнек «ЖАҚСЫ» болады, егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 40-қа тең не үлкен болса, онда функция нәтижесі екінші өрнек «ЖАМАН» болады.

ЕГЕР(А2>=50;«ЖАҚСЫ»;ЕГЕР(А2>=40;«ОРТАША»;«ЖАМАН»)) – мұнде ЕГЕР функциясының бірінші аргументі логикалық өрнек А2>=50, екінші аргіменті мәтіндік өрнек «ЖАҚСЫ», үшінші аргумент функция ЕГЕР(А2>=40;«ОРТАША»;«ЖАМАН»). Функцияда екі логикалық шарт, үш мәтіндік өрнек қолданылған, ендеше ЕГЕР функциясын қолданғанда бірнеше логикалық шарт және бірнеше функцияның нәтижесі болуы мүмкін бірнеше мәтіндік өрнек енгізуге болады. Егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 50-ге тең не одан үлкен болса, функция нәтижесі «ЖАҚСЫ» болады, егер де қарастырылып отырған ұяшықта 50–ден кіші, бірақ 40-қа тең не одан үлкен сан болса, функция нәтижесі ОРТАША болады, егер қарастырылып отырған ұяшықта 40-тан кіші сан болатын болса, онда функция нәтижесі ЖАМАН болады.

ЕГЕР(А2>=75;ЕГЕР(А2>=90;«ӨТЕ_ЖАҚСЫ»;«ЖАҚСЫ»);ЕГЕР(А2>=50;«ОРТАША»;«ЖАМАН»)) – мұнде ЕГЕР функциясының бірінші аргументі логикалық өрнек А2>=75, екінші аргіменті функция ЕГЕР(А2>=90;«ӨТЕ_ЖАҚСЫ»;«ЖАҚСЫ»), үшінші аргумент функция ЕГЕР(А2>=40;«ОРТАША»;«ЖАМАН»). Функцияда үш логикалық шарт, төрт мәтіндік өрнек қолданылған, ендеше ЕГЕР функциясын қолданғанда бірнеше логикалық шарт және бірнеше функцияның нәтижесі болуы мүмкін бірнеше мәтіндік өрнек енгізуге болады. Егер қарастырылып отырған ұяшықтағы сан 75-ке тең не одан үлкен болса, функция нәтижесі ЕГЕР(А2>=90;«ӨТЕ_ЖАҚСЫ»;«ЖАҚСЫ») функциясы болуы керек, ал одан мәні 90-нан үлкен не тең болса «ӨТЕ_ЖАҚСЫ» болады, А2 мәні 75-тен 90-ға дейінгі интервалда болса (90 кірмейді) «ЖАҚСЫ» болады, егер де қарастырылып отырған ұяшықта 75–тен кіші сан болса функция нәтижесі ЕГЕР(А2>=50;«ОРТАША»;«ЖАМАН») болуы керек, бірақ А2-де 50-ге тең не одан үлкен сан болса, функция нәтижесі ОРТАША болады, ал қарастырылып отырған ұяшықта 50-ден кіші сан болатын болса, онда функция нәтижесі ЖАМАН болады.

АҚИҚАТ() – кезкелген аргумент үшін нәтиже АҚИҚАТ болады, сондықтан функцияны аргументсіз қолдануға болады.

ЖАЛҒАН() – кезкелген аргумент үшін нәтиже ЖАЛҒАН болады, сондықтан функцияны аргументсіз қолдануға болады.

34. Программалауға кіріспе. ЭЕМ-ларында есептi шығарудың 7 кезеңі. Turbo Pasсal тілі туралы негізгі түсініктер. Деректер түрі. Turbo Pasсal Паскаль тілінің алфавиті. Бағдарламаны ұйымдастыру

. Кең тараған бағдарламалау тілінің бірі, Швейцарияның жоғары политехникалық мектебінің информатика Институтының профессоры Никлаусом Вирт 1970-ші жылы құрып, француз ғалымы Блеза Паскал құрметіне аталған, Паскаль және оның туынды тілі Турбо Паскаль тілі болып табылады.

Алгоритмдік Паскаль тілінің белгілі символдардан тұратын өз алфавиті бар.

Паскаль тілінің алфавиті келесі символдардан тұрады:

1) латын алфавиті әріптері A, B, C…;

2) орыс алфавиті А, Б, В,…Я (Ъ-дан басқа);

3) сандар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;

4) арифметикалық амалдар белгілері:

+ - қосу;

- - алу;

* - көбейту;

/ - бөлу;

5) арнайы символдар:

. – нүкте;

, − үтір;

; − нүктелі үтір;

: − қос нүкте;

’ – апостроф;

() – дөңгелек жақшалар;

[ ] – квадрат жақшалар;

_ − астын сызу;

− бос орын;

{ } – фигуралы жақша;

6) қатынастар белгісі:

> - үлкен;

< - кіші;

>= - үлкен не тең;

<= - кіші не тең;

= - тең;

<> - тең емес

:= - меншіктеу

Алфавит символдарынан күрделі құрылымдар – сөздер, сөздер тізбегі, сөйлемдер құрастырылады. Паскаль тілінде сан, жолдағы жазба, есім сөз деп есептеледі. Тілдің аяқталған ойды білдіретін ең кіші құрылымы сөйлем деп есептеледі. Сөйлем, орындалуға тиісті әрекеттің толық сипаттамасын беретін болса, оператор деп аталады, немесе олармен жұмыс істелінетін тіл объектілерінің – деректердің құрылымын және ұйымдастырылуын көрсететін болса, сипаттама (описание) деп аталады. Сипаттамалар мен операторлардың жиынтығы бағдарламаны құрастырады. Бағдарлама құрып үйрену үшін тіл синтаксисін (оның кұрылымдарын жазу ережелерін) және оның семантикасын (осы құрылымдардың мағынасы мен қолдану ережелерін) білу керек.

Паскаль тілінде қолданылу мақсаты тағайындалған қордағы (зарезервированный) қызметтік сөздер жиынтьығы бар, оларды басқа мақсатта қолдануға болмайды. Мысалы қызметтік сөздер операторлар, сипаттамалар және басқалар ретінде қолданылады.

Бағдарламаларда белгілі бір шамалармен әртүрлі әрекеттер жүргізіледі. Бұл шамаларды айнымалылар және тұрақтылар (константалар) деп бөлуге болады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1980 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...