Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұрыптау



Деректер қорымен орындалатын жұмыстардың бірі – ол деректерді белгілі бір тәртіппен көрсету, яғни деректерге сұрыптау жүргізу. Сұрыптауды деректердің бір не бірнеше бағандары бойынша жүргізуге және екі бағыттың біреуімен жүргізуге болады: А-дан Я-ға қарай өсу не Я-дан А-ға қарай кему бағытында.

Деректер қорының бір бағаны бойынша сұрыптау жүргізу керек болса, осы бағандағы бірнеше деректерді белгілеп, келесі екі әрекеттің бірі орындау керек:

1) не «Бас» – «Өңдеу» тобындағы «Сұрыптау және сүзгі» - «А-дан Я-ға қарай сұрыптау» не «Я-дан А-ға қарай сұрыптау»

2) не «Деректер» - «Сұрыптау және сүзгі» тобындағы не

Сұрыптау кезінде жол толығымен сұрыпталатын бағандағы дерекпен бірге орын ауыстырады.

Деректер қорының бірнеше бағаны бойынша сұрыптау жүргізу керек болса, онда

1) кестеде бірнеше деректерді белгілеу керек;

2) «Сұрыптау» сұқбат терезесін (сурет 2) шақыру керек. Ол үшін орындалады

А) не «Бас» - «Өңдеу» тобындағы «Сұрыптау және сүзгі» - «Күйленетін сұрыптау...»

Б) не «Деректер» - «Сұрыптау және сүзгі» тобындағы «Сұрыптау»;

3) «Сұрыптау» сұқбат терезесінде бірінші деңгейлік сұрыптау шартын қою үшін орындау керек:

А) «Баған» «Бойынша сұрыптау» өрісіндегі стрелканы шертіп, пайда болған баған есімдері тізімнен қажеттісін таңдау,

Б) «Сұрыптау» «Мәндер» өрісіндегі стрелканы шертіп деректердің қандай түрлері: мәндер, ұяшық түсі, қарып түсі, ұяшық белгісі – бойынша сұрыпталу жүргізілетінін көрсету,

В) «Тәртіп» өрісіндегі стрелканы шертіп, тізімнен сұрыпталу бағытын «А-дан Я-ға» не«Я-дан А-ға», не «күйленетін тізім...таңдау керек;

4) «Деңгей қосу» батырмасын шертіп, пайда болған жолда 3-ші әрекеттегіндей екінші деңгейлік сұрыптау шарттарын енгізу керек;

5) 4-ші әрекетті қайталап үшінші, төртінші және т.с.с. сұрыптау деңгейлерінің шарттарын қоюға болады;

6) Сұрыптау шарттарын орнатып болған соң, сұрыптау жүргізуді растап «OK» батырмасын шерту керек.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 746 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...