Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

3 страница. Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде кай хан тұсында үлкен күшке айналды?Қасым хан (Жәнібектің



Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы қашан аяқталды? XIV-XV ғғ.

Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде кай хан тұсында үлкен күшке айналды? Қасым хан (Жәнібектің баласы).

Қазақ хандығы қашан шын мәніндегі бірінші саяси организмге айналды? XV ғ. ортасы - XVII ғ. басы.

Қазақ хандығы солтүстігінде кіммен көршілес болды? Ресей.

Қазақ хандығын 1511-1518 ж.ж. кім басқарды? Қасым хан

Қазақ хандығын Тәуке хан (1680-1718) басқарған кезеңде жонғарлардан тоналмай қалған қандай қала? Түркістан.

Қазақ хандығының 1465-1466 ж.құрылғандығы туралы қай тарихшы жазды? Х.Дулати

Қазақ хандығының алғашқы іргетасы қай жерде қаланған? Шу мен Талас бойларында.

Қазақ хандығының алғашқы іргетасы қай жерде қалыптасты? Оңтүстік Қазақстанда

Қазақ хандығының кұрылуы туралы сақталған орта ғасырлык қандай еңбек: Тарихи-Рашиди

Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады? Ерте тас дәуірі.

Қазақстан аумағына Шыңғысхан империясының құрамына толығымен қашан кірді? 1224 ж. Кіші баласы Төле қай жерді иемденді? Монғолдардың өз жерлері.

Қазақстан аумағындағы ең алғашқы тайпалық одақтар қалай аталды? Сақтар

Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ.Сәтпаев.

Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне 1995 ж. бастап АҚШ-тың, Батыс Европаның оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берген бағдарлама: “Болашақ”.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін Ж.Шаяхметов қай жылдары атқарды? 1948-1954 жж

Қазақстан көмір өндірісінде Стахановтың ізбасары болған шахтер кім? Т.Күзембаев

Қазақстан КП ОК-ң 1947 ж. 21 қаңтардағы қаулысы бойынша тиым салынған мәселе: XIX ғ-дың рухани мұрасын зерттеуге.

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторларын атаңыз. Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Қазақстан Республикасы ОБСЕ-ге қай жылы төраға болды? 2010 ж.

Қазақстан Республикасыдағы Кеңестерді жаппай тарату басталған жыл: 1993 ж.

Қазақстан Республикасында ұлттық валюта - теңге қашан енгізілді? 1993 ж. қарашада

Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қай жылы қабылданды? 1993 қаңтар

Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылданды? 1993 ж. 28 қаңтар

Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды? 1995 ж. 30 тамыз

Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы сайлаудың қай түріне қабылданған? Жалпы халықтық референдум

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қай жылы бекітілген? 1992 ж.

Қазақстан Республикасының Туының авторын атаңыз. Ш.Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан алғаш рет жалпы халықтық сайлауда сайланған? 1991 ж. 1 желтоқсан

Қазақстан территориясының қай бөлігін монғолдар қарсылықсыз алды? Жетісуды.

Қазақстан халықтарының форумы қашан болды? 1992 ж. желтоқсанда

Қазақстан экономикасына моңгол шапқыншылығының әсері қандай болды? Өндіргіш күштер әлсіреді.

Қазақстанға басып кіргенге дейін Шыңғысхан қандай мемлекеттерді бағындырды: Оңтүстік Сібір халықтарын, якуттарды, буряттарды,Солтүстік Қытайды.

Қазақстанға Ресей империясының елшілігі ант қабылдауға қашан жіберілген? 1731 жылы 30 сауірінде

Қазақстанға Ресей империясының елшілігі ант қабылдауға қашан келген? 1731 жылы 10 қазанда

Қазақстанға Ресей империясының кім бастаған елшілігі ант қабылдауға келген? А.И.Тевкелев

Қазақстанда 1595 ж. Тәуекел ханмен кім келіссөз жүргізді? Степанов

Қазақстанда 1961 жылы шаңырақ көтерген институт: Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл білімі және өнер институты

Қазақстанда ең алғаш өмір сүрген тайпаны атаңыз? Сақтар

Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру неден басталды? Табиғи байлықтарды зерттеу

Қазақстанда күшпен ұжымдастыруға қарсы қарулы күрес болған жылдар: 1929-1931 жж.

Қазақстандағы азамат соғысы жылдары: 1918-1920 жж.

Қазақстандағы жер-су реформасын жүргізуге қатысқан қоғам қайраткерлерін атаңыз. А.Асылбеков және Д.Бәрібаев.

Қазақстанды жаулағанға дейін Шыңғысхан қандай елдерді жаулап алды? Якут, қырғыз, ұйғырларды.

Қазақстандық қандай әскери құрамалар Сталинград шайқасына қатысты? 72, 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы

Қазақстанмен тығыз байланыс құруда І-Петр қандай мақсатты көздеді? Қазақстан арқылы Орта Азия базарларына бөгетсіз шығу.

Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ-қа жабылып, атылды? 27 мың

Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы: Ауыл-шаруашылығының артелі.

Қазақстанның қай өңірінде монғол шапқыншылығы қалыптасқан этникалық саяси кұрылымға ерекше зиян келтірді? Оңтүстік Қазақстан.

Қазақстанның қай территориясына Орда-Иченнің билігі жүрмеді? Солтүстік Қазақстан.

Қазақстанның талантты архитекторлары мен инженерлерінің ішінде кімдерге «Қызыл астананы» салуда қастандық ұйымдастырды деп кінә тағылды? П. Буддаси, С. Голдгор, М. Тынышпаев.

Қазақстанның тың жерлерін игеретін негізгі аудандары қандай? Қостанай, Ақмола, Павлодар

Қазақтар кыста малдарын қайда ұстаған? Қыстауда.

Қазақтарда малдың қай түрі көп өсіріледі? Қой мен жылкы.

Қазақтардың өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына қашан тыйым салынды? 1756 ж

Қазақтың алғашқы хандарының бірі Жәнібек кімнің ұлы? Барақтың

Қазақтың қай ханы өзін қазақ және қалмақ ханымын деп санаған? Тәуекел хан.

Қазыбек би қай жерде жерленген? Түркістан

Қазіргі Жамбыл облысының Луговое селосының орнында қандай ортағасырлық қала болған? Құлан.

Қазіргі Сайрам қаласы бұрынғы қандай қаланың орны? Исфиджаб

Қай жылы Ақмешітке Кеңестердің бүкіл қазақстандық Ү съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді? 1925ж

Қай жылы Әбілхайыр хан ойраттардан жеңіліске ұшырады? 1457 жыл.

Қай жылы Әбілхайыр ханның қайтыс болып, оның мемлекеті құлады? 1468 жыл.

Қай жылы Жаңа Экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды? 1921ж

Қай жылы Кіші жүзде Айшуақ хан етіп тағайындалды? 1797 ж.

Қай жылы Шыңғысхан қайтыс болды? 1227 ж.

Қай кезеңде шаруашылық еңбек қалыптасып өнім өндіру шықты? Неолит.

Қай тайпаның жылжуы ұлы қоныс аударуға бастама болды? Ғұндардың

Қай хан Мамайдың жеңілуін пайдаланып, өз билігін нығайтуға тырысып 1382 жылы Москваны өртеді? Тохтамыс хан.

Қай ханның тұсында "казақ" термині этникалық мәнге ие болды? Жәнібек пен Керей хандар.

Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп шықты? Ерзен хан

Қай ханның тұсында Ақ Орда едәуір нығайып, Әмір Темір агрессиясына батыл қарсылық көрсетті? Орыс хан.

Қай ханның тұсында қазақ халқының саны 1 млн. жетті? Қасым хан

Қайырхан әскерімен Отырар қаласын Шыңғысханнан неше ай қорғады? 6 ай

Қаланың шахристан бөлігінде кімдер тұрды? Бай-шонжарлар, дін қызметкерлері

Қанай тұрағы қай дәуірге жатады? Қола дәуіріне

Қандай оқиға Шыңғыс ханның Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанға соғыс бастауына түрткі болды? Отырарда монғол саудагерлерінің өлтірілуі

Қаңлы тайпалары б.з.д. ІІІ ғ. қай жерлерді мекендеді? Сырдария алқабы мен Қаратау жотасы

Қаңлылардың астанасы жазба деректерде қалай аталған? Битянь

Қаңлылардың материалдық мәдениеті жер атауымен қандай атқа ие болды? Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау

Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы? «Дарабоз»

Қарақытай мемлекетінің орталығы Баласағұн

Қарақытайлар тарихында қай тайпаның орны ерекше болды? Қидан

Қарахан мемлекеті қашан екіге бөлінді? XIғ. 30ж.

Қарахан хандығында 960ж. қандай басты оқиға болды? Ислам мемлекеттік дін болды

Қарахандықтар ислам дінін қай жылы мемлекеттік дін деп жариялады? 960 ж.

Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім? Әл-Маруази

Қарлұқтар тайпасын атаңыз: Бұлақ, жікіл, ташлық

Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атаған? Елтебер

Қарлұқтардың Шу мен Талас бойындағы қалалары: Құлан, Мерке

Қасым мен Тәуекел хандар туралы тарихи мәліметтер сақталған Үсман Кухистанидің шығармасы қалай аталады: Тарихи-Әбілқайыр хан.

Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кірді? 7

Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударды? VIIғ.

Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған? Қыпшақтар

Қожа Ахмет Яссауи Мавзолейі қай қалада? Түркістанда.

Қоқандықтар Шымкент қыстағындағы бекіністі қашан салды? 1810 ж

Қоқандықтардың Қаратау жотасының солтүстік батысында салған қамалы... Шолаққорған

Қоқандықтардың Сарысу бойына салған қамалы... Төреқұман

Қоқандықтардың Сырдария бойына салған қамалы... Жаңақорған

Қоқандықтардың Шу бойына салған қамалы... Тоқмақ

Қола дәуірі мәдениеті неше кезеңге бөлінді? 3

Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз. Беғазы Дәндібай

Қоланың мысқа қарағанда қанша тиімді жағы бар? 3

ҚР Президентінің халыққа Жолдауы (Қазақстан-2030) бойынша, қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор. Адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.

Қыпшақ қауымдастығының 1-кезенің бөліп көрсетіңіз VII-VIIIғ.

Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған? Сахра әл-кыфчак

Қыпшақтардың Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрғандары қалай аталды? Мамлюк

Қыпшақтардың оң қанатының орталығы қалай аталды? Сарайшық

Қырық жылдан астам Қазақстан өкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған қоғам қайраткері: Д. Қонаев

Қытай жазба деректерінде қаңлылар қалай аталды? Кангюй

Ленфильм киностудиясы «Амангелді» фильмін қашан түсірді? 1938ж

М. Черняев әскері Қай жылы Шымкентті алды: 1864 ж

М.Әуезовтің «Абай» роман-эпопеясының екінші кітабы қашан аяқталды? 1947ж

М.Хайдар қай ғасырда өмір сүрген? ХҮІғ.

Мәскеу түбіндегі шайқаста неміс штабына басып кіріп 5 неміс офицерін өлтірген Қазақстандық жауынгер. Т. Тоқтаров

Мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов қай жылдары республикадан аластатылды? 1927-1929 жж.

Мемлекетсіздендіру және меншікке беру – бұл. жекешелендіру

Моғолстан қай жылы құрылды және алғашқы ханы кім? 1348 ж. Тоғылық-Темір хан.

Моғолстан қашан ыдырап кетті? XVI ғ. басында.

Моғолстан мемлекеті Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Оңтүстік-шығысында.

Моғолстан тайпаларының атын атаңыз? Дулаттар, үйсіндер.

Моғолстан ыдырағаннан кейін Жетісу жері қай хандыққа қосылды? Қазақ хандығына.

Моғолстанның тарихы туралы ең көп дерек ортағасырлық қай автордың еңбегінде бар? Мұхаммед Хайдардың "Тарихи Рашидиінде".

Монгол-татар әскерлерінің Шығыс Европаға жорығын кім басқарды? Бату.

Монғол әскерлері Мауераннахрға қанша әскермен келді? 150 мың адам.

Монғол дәуірінде "ақсүйектерге" қандай әлеуметтік топтар енді? Сұлтандар.

Монғол дәуірінде хан болуға кімдердің құқығы болды? Шыңыс ұрпақтарының

Монғол езушілігіне қарсы әр түрлі халықтардың көтерілістері немен аяқталды? Көтерілістер қатаң басылды

Монғол жаулауы қарсаңында Жетісуда кім хандық кұрды? Күшлік хан.

Монғол империясының тәуелсіз ұлыстарға бөлінуі қай кезеңге жатады. 1251 жыл.

Монғолдар Орта Азияны жаулауды қашан аяқтады? 1224 ж.

Моңғолдар Отырар қаласын қалай алды? Көмекке келген әскер басшысы сатылып кетті.

Москва түбіндегі шайқаста Б.Момышұлы әскери бөлімнің қай түріне командир болды? Батальонға.

Мұхаммед Шайбани Қасым ханға қандай туыстығы бар? Бөлесі

Мұхаммед Шайбанидың Сығанақта қайта басып алуға ұмтылуы, бірақ Қасым әскерлерінен жеңіліске ұшырауы қай жылы болды? 1510 жыл.

Мұхтар Шахановтың ұсынысымен құрылған ұйым: Балқаш және Арал проблемалары жөніндегі комитет.

Н.И.Худенконың шаруашылықты жүргізуде жасаған экспериментінің нәтижесі қандай болды? Еңбек өнімділігі артты

Н.С.Хрущев КОКП ОК-нің 1-хатшылығы қызметінен қашан босатылды? 1964 ж 14 қазан

Найман мен керейлердің діні қандай болған? Несториандық бағыттағы христиан

Найман одағында қанша тайпа болған? 8

Найман хандығы қашан құлады? 1218ж.

Наймандардың салық жинаушысы қалай аталды? Герби

Не себепті Жібек жолы өзінің маңызын жоғалтып өмір сүруін тоқтатты? Теңіз сауда жолының пайда болуы.

Неліктен Н.С.Хрущевтің жасаған реформалары тоқырауға ұшырады, сонымен қатар Қазақстанның территориясына да әсер етті? Реформаны жүргізу саясатында ғылыми болжамның болмауы.

Неолит дәуірінің басты ерекшелігі. өнімді еңбектің пайда болуы.

Ноғай деген атау қайдан шыққан? Адамның аты.

Ноғай Ордасы бөлінген соң Еділдің шығыс бөлігі қалай аталды? Үлкен Ноғайлы.

Ноғай ордасы қай территорияда пайда болды: Еділ мен Жайықтың аралығында.

Ноғай Ордасында мұрагерлік- әскери, дипломатиялық, әкімшіліктік билік кімнің қолында болды? мырза.

Ноғай Ордасындағы ең қуатты тайпа. Маңғыт.

Ноғай Ордасының негізін қалаған кім? Едіге.

Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды?Еділ мен Жайық аралығында.

Ноғай Ордасының астанасы. Сарайшық

Ноғай Ордасының ұлыс басында кім тұрды? Мырза.

Ноғай халқы қашан қалыптасқан? XV ғ. соңы.

Нұралы сұлтан қашан хан болып сайланды? 1748 ж

О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабі. "Аз и Я".

Оғыз жабғуының орынбасары қалай ааталған? Күлеркін

Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді? IX-XI ғғ.

Одақтас Республика ретінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республика болып қайта құрылған жылы: 1936

Ойраттарға батыл қарсылык, көрсеткен моғолстан ханы кім? Уайс-хан.

Оқа жағасында, Серпухов түбегіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де ерлікпен қаза тапқан батыр: Р.Амангелдиев

Оқиғаны хронологиялық ретімен көрсетіңіз. КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, тың игеру, XX съезд, Теміртаудағы толқу, Кариб дағдарысы.

Омбы бекінісінің негізі қашан қаланды? 1716 ж.

Омбы бекінісінің негізі қашан қаланды? 1716 жылы 20 мамырда

Оңтүстік Қазақстанда орналасқан Яксарт өзеніне қай ғасырда Сыр аты берілді? XVI ғ.

Ордабасы құрылтайында Әбілкайыр кім болып сайланды? Сардарбек

Орта ғасырдағы «саудагерлер қаласы»: Тараз

Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822 ж.

Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлық қашан шыққан? 1734 ж.

Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағын ата. Обалысай тұрағы.

Орталық Қазақстанда Абылай ханның қай ұлы билік етті? Қасым сұлтан

Орынбор қаласы қай жылы салына бастады? 1735 ж.

Орыс әскерлері Ақмешіт бекінісін басып алды? 1853 ж.

Орыс тарихшылары ішінен ғұндар жайлы аса құнды деректер жазған кім? Л. Гумилев

Орыстың қай патшасының тұсында Үлкен Ноғайлы Ресейге енді? Б. Годунов.

Осман Кухистани шығармасының аты? "Тарих-и Абулхаирхани".

Отырар қаласының қорғанысын ұйымдастырушы. Қайыр хан.

Өзбек хан тұсында Алтын Орда ең қуатты күшке жетті. Бұл қашан болды? XIV ғ. бірінші жартысында.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары қандай болды? Әміршіл-әкімшіл әдіс қолданылды

Өскемен бекінісінің негізі қашан қаланды? 1720 жылы

Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қашан салынды? 1947 жылы

Парадарайя сақтары қай жерлерде орналасты? Арал теңізі және Сырдарияның арғы беті

Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары нешеге бөлінді. 3

Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы жорықты қай кезеңде ұйымдастырды? Б.з.д. ҮІ ғ.

Парсы патшасы І Дарий қай жылы Орта Азияға басқыншылық жорықтар жасады? Б.з.б. 519-518 жж.

Партияның азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылдаған съезі: Х съезі.

Патриархалдық рулық қатынастары күшті болған ғұндар неше руға бөлінді? 24

Патша үкіметі Баянауыл округін қашан құрды? 1826 ж.

Патша үкіметі Қарқаралы, Көкшетау округтерін қашан құрды? 1824 ж.

Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды: Казактарды

Патша үкіметінің Ертіс бойында бекіністер салудағы мақсаты? Қазақ жерін біртіндеп отарлап алу

Персепольдегі Ксеркс сарайының қабырғаларында қай сақ тайпаларының суреті кездеседі? Шошақ бөрікті сақтардың

Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді? 1910 жылға

Питекантроп қайдан табылды? Ява аралынан

Президент Қазақстан халқына жылына неше рет Жолдау арнайды. Жылына бір рет;

Президент Н.Назарбаевтың «болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі» деп бағалаған стратегиясы? «Қазақстан 2030»

Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қанша басымдылықтардан тұрады. 7

Президенттің Жолдауындағы (2030) пікірі бойынша қазіргі кездегі республикада ауыр жүктерді тасуда қандай транспорт түрінің ролі зор? Темір жол.

Пугачевтың Кіші жүз ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесті қашан жазылған? 1773 жылғы 6 қыркүйекте

Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты

Ресей отарлауына қарсы алғашқы наразылық білдірген Абылай ұлдарынан бірі – кім болды? Қасым сұлтан

Республика аумағында 80 мың адам қатысқан қанша толқулар мен көтерілістер болды? 372

Республика Конституциясының жобасы бүкілхалықтық талқылауға қашан ұсынылды? 1978ж 17 наурыз

РКФСР-ның құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет қашан жарияланды? 1920 ж. 26 тамыз.

Рулық қауым кезінде меншіктің қай түрі қалыптасқан? Ортақ меншік.

С.Сейфуллин "Тар жол, тайғақ кешу" романында көрсетілген негізгі тақырып: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Сақ тайпаларының жоғарғы билеушісін атаңыз. Патша

Сақтар туралы алғаш жазған қай тарихшы? Геродот

Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы? Кир

Сақтарды Азиялық скифтер деп атаған кім? Геродот

Сақтардың билеушісін көрсетіңіз. Томирис

Сақтардың патшалары мен көсемдері қандай қоғамдық топтан шықты? Жауынгерлерден

Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс қашан болған? 1825-1836 жж.

Саржан сұлтанды Ташкент билеушісі қашан зұлымдықпен өлтірді? 1836 ж.

Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілігі Петербургке қашан жіберілген? 1730 ж.

Семей бекінісінің негізі қашан қаланды? 1718 ж.

Семей бекінісінің негізі қашан қаланды? 1718 жылы

Семей полигонындағы алғашқы ядролық сынақ болған жыл. 1949 жылы.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 3253 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.032 с)...