Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

2 страница. XIV ғ. соңында Ақ Орда Өзбек ұлысы болып аталды.Осы мемлекетті қазіргі зерттеушілер тағы қандай атпен



XIV ғ. соңында Ақ Орда Өзбек ұлысы болып аталды.Осы мемлекетті қазіргі зерттеушілер тағы қандай атпен атайды? Көк Орда.

XIV ғасырда Қазақстанның қай аймағында егін шаруашылығы басым болды? Оңтүстік аймағы.

XV ғ. аяғында қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді? Созақ, Сауран

XV ғ. басында Қазақстандағы саяси билік үшін күресте Жошының қай ұлының ұрпақтары жеңіске жетті? Шайбанның.

XV ғ. Дешті Қыпшақтың атақты жырауларының бірін атаңыз. Қодан-тайшы жырау.

XV ғ. ортасында Алтын Орда құлағаннан кейін, өз хандары бар жеке ұлыстар кұрылды. Осы ұлыстар ішіндегі ең ірі ұлыс? Ақ Орда.

XVI ғ. басындағы Шайбани мен қазақ хандығы арасындағы соғыстардың себебі неде? Сыр бойы қалаларына талас.

XVI ғ. екінші жартысында қазақ хандығы қырғыздармен одақтасып, моғолдар мен ойраттарға күресті кім басқарды? Хақ-Назар хан.

XVI ғ. қазақ хандығында өмір сүрген жырау Доспамбет жырау

XVI ғ.б. қазақ хандығы мен Шайбанилердің арасындағы соғыстың себептері неде: Сырдария бойындағы қалалар үшін.

XVII ғ. 80 жылдарында жоңғар әскері қонтайшы Қалданның басқаруымен Жетісу мен Оңтүстік Казақстанға басып кірді. Бұл шайқас немен аяқталды? Қазақ хандары ойраттарға батыл тойтарыс берді.

XVII ғ. билік үшін күрескен хандар кімдер еді? Есім, Тұрсын

XVII ғ. Қазақ хандығының астанасы қай қала болды? Түркістан.

XVII ғ. соңғы - XVIII ғ. басында қай ханның тұсында Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды? Тәуке ханның.

XVII ғ. соңы XVIII ғ. басында қай ханның тұсында Қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды? Тәуке ханның

XVIII ғ. Әбілқайыр кім болды? Хан

XVIII ғасырдың II жартысында жоңғарларға қарсы азатгық күресті қазақ арасынан кім басқарды? Абылай.

XX ғасырдың 70 жылдарында Қазақстан жерінде қалыптасқан ірі аймақтық өндірістік кешенді атаңыз. Маңғыстау.

XX ғасырдың басындағы Республикадағы мектептердің саны? 8 мыңнан астам

XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны? А.Құнанбаев

А.Байтұрсынов пен М.Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді Қостанай

Абылай қашан, неше жасында қайтыс болған? 1781 жылы 70 жасында

Абылай хан билігіне қандай өзгеріс енгізді? Хандық кеңес енгізілді.

Абылайдың атасы қай қаланың билеушісі болған? Түркістанның.

Абылайдың мұрагері кім болды? Уәли.

Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы? «Өркениеттің адасуы»

Адамдар мыс пен қалайыны қорытып, қола өндіру ісін меңгерген кезең. Б.з.д. 2 мың жылдық

Азамат соғысы жылдары құрылған Тарбағатай мен Алтайдағы партизан полкі. “Алтайдың қызыл тау қырандары”.

Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен Моңғол кемесінде кімді тірідей өртеді? Я. Ушановты.

Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезінде партизан қозғалысының ірі орталығы болған село: Мариновка селосы.

Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе: Әскери коммунизм.

Азамат соғысының басталуына түрткі болған оқиға. Чехословакия корпусының бүлігі.

Айша бибі мазары қай ғасырға жатады? X-XII ғ.ғ.

Ақ Орда хандығы қай ұлыстың территориясында болды? Жошы ұлысы.

Ақ Орда хандығының астанасы кай қала болған? Сығанақ.

Ақ орда хандығының аумағына қай жерлер енді? Сырдарияның төменгі және орта бойы, Орталық Қазақстан,

Ақ Орданы әлсіреткен қандай жағдай болды? Ақсақ Темір жорықтары.

Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде қандай мемлекет пайда болды? Әбілқайыр хандығы.

Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс кімнің ұрпақтары? Қазақ

Ақмешіт қамалы қашан салынды? 1820 ж

Ақмола және Семей облыстары қашан ҚазАКСР құрамына кірді? 1921ж

Ақсақ Темір Орта Азияда қай жылдары билік кұрды? 1370-1405 жж.

Ақшалай салық қашан енгізілді? 1924ж. 1 қаңтар

Алғашқы адамның даму эволюциясы қайсы тарихи кезеңде жетіліп бітті? Тобырда.

Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин қазақ жерінен қай жылы ұшты? 1961 ж.

Алғашқы қазақ-қарақалпақ елшілігі Петербургке қашан жіберілген? 1725 жылы

Алексеевка тұрағы қай дәуірге жатады? Қола дәуіріне

Алматы

Алтын Орда мемлекеттің негізін қалаған кім? Бату

Алтын Орда кімнің жеке иелігінде болды? Жошы хан тұқымының.

Алтын Орда мемллекетінің аумағы? Астрахан, Кавказ жері

Алтын Ордаға қандай мемлекетпен болған соғыс өте ауыр тиді? Темір мемлекетімен.

Алтын Ордада ислам діні қай ханның тұсында мемлекеттік дін болып жарияланды? Өзбектің.

Алтын Орданың алғашқы астанасы қай қала болды? Сарайшық

Алтын Орданың гүлденген кезі қай хандардың тұсында болған? Өзбек пен Жәнібек.

Алтын Орданың негізгі тілі қай тіл болған? Қыпшақ тілі

Аңырықай" шайқасында толық күйреу қарсаңында тұрған жоңғар әскерін қандай жағдай құтқарды? Қазақ хандары арасындағы алауыздық,

Астана Ақмолаға көшірілді? 1997 жылы

Астананы Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі Президент Жарлығы шыққан уақыт: 1995 ж. қыркүйекте

Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті? 1998 жылғы маусымда

Асыра сілтеу болмасын - аша тұяқ қалмасын! - деп ұран тастаған асыра сілтеушілер: Торғай асыра сілтеушілері.

Атақты "Тарихи Рашидидің " авторы. М.Хайдар.

Аударма ісін дамытуда еңбек етіп Гете, Гейне, М.Горький шығармаларын аударған кім? М.Жұмабаев

Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты қандай қауылы қабылданды? Материалдық базаны нығайту

Аягөз бойында Қазақ-Жоңғар қақтығысы болған жыл 1718 ж

Ә.Молдағұлова майданда кім болып шайқасты? Мерген.

Әбілкайыр Жошының қай ұлының ұрпағы? Шайбанидің.

Әбілқайыр хандығының астанасы қай қала? Сығанақ.

Әбілқайыр хандығының кұлдырауы қандай оқиғадан кейін басталды? Керей мен Жәнібектің Моғолстанға кетуінен кейін.

Әбілқайыр хандығының құлауына әкелген негізгі себеп: Ішкі және сыртқы қайшылық

Әбілқайырдың хан болған кезеңі. 1710-1748 жж.

Әбілхайыр хан 1468 жылы қай жерге жорыққа аттанған жолда қайтыс болды? Моғолстанға

Әбілхайыр хандығының астанасы қандай қала болды? Сығанақ

Әмір Темір Ақ Орданы жеңгеннен кейін жорық бағытын қайда бұрды? Моғолстанға.

Әмір Темір 1370 жылдан бастап қанша жыл бойы Орта Азияны жеке басқарды? 35 жыл.

Әмір Темір қай қалада қайтыс болды? Отырарда.

Әмір Темір қай тайпадан шыққан? Барлас. .Әмір Темірдің Ақ Ордаға жорық жасауына не сылтау болды? Ақ Ордадан Тоқтамыстың қашып келуі.

Әмір Темір құрған мемлекеттің астанасы. Самарқанд.

Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша шайқасы болды? 1391.

Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы шешуші шайқас қай жылы болды? 1395 ж.

Әмір Темір өте қатаң жүргізген жорықтарын қай мемлекеттен бастады? Ақ-Орда және Моғолыстан.

Әмір Темірдің Тоқтамысты Ақ Ордаға айдап салудағы мақсаты не болды? Ақ Орданы бағындыру.

Әулиеата қамалы қашан салынды? 1826/1827 жж

Б.з.д. ҮІ ғ. Сақ тайпасы кімдермен соғысты? Парсылармен

Б.з.д. ҮІІ ғ. өнерде пайда болған стиль. Аң стилі

Б.з.д. ҮІІІ-ІІІ ғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азия қандай тайпалар үстемдік құрды? Сақтар мен савраматтар

Балқаш көлі маңында Қазақ-Жоңғар қақтығысы болған жыл? 1729 ж.

Бату бағындырған жерлер орыс жылнамаларында қалай аталады? Алтын Орда.

Батыс Сібір хандығының астанасы қай қала болды? Тура.

Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі? Ашина тайпасынан

Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігін кімдер құрады? Қара бұдындар

Беғазы-Дәндібай археологиялық мәдениеті қай аймақта? Орталық Қазақстанда

Берлин шайқасына қатысқан Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болған кім? С.Нұрмағамбетов

Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған көтеріліс басшысы: Бекболат Әшекеев.

Бөкей сұлтан Ішкі Орданың хандығына қашан көтерілді? 1801 ж.

Бөкей хандығы қашан құрылған? 1801 ж

Бөріқазған-Тәңірқазған тұрағы қай дәуірге жатады? Ерте палеолитке

Брест қамалына қай жылы «батыр қамал» атағы берілді? 1965ж

Бұқар хандығы Ресейдің Қандай әкімшілік аумағының құрамына енді: Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына.

Бұланты өзені бойында Қазақ-Жоңғар қақтығысы болған жыл 1726 ж.

Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы: Ә. Бөкейханов.

Бірінші бесжылдық кезінде республикаға білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник қызметкерлері қайдан әкелінді? Ресей, Украинадан

Генерал-майор И.В. Панфилов бақарған дивизия: 316-шы атқыштар дивизиясы.

Горхан деп кімді атаған? Билеуші

Гурьев қаласының қазіргі атауы: Атырау.

Ғұн тайпаларын кім басқарды? Шаньюй

Ғұн тайпаларының б.з.б. ІҮ ғ. – ІІІ ғ. мекен еткен аумағы. Байкалдан Ордысқа дейін

Ғұндар державасы қай жылы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді? Б.з.б. 55 ж.

Ғұндардың алтынмен зерлеп жасаған әсем киім – кешектерінің қолөнер бұйымдарының ең бай табылған жері. Алтай төңірегі, Пазырық, Қотанды, Шибэ

Дешті Қыпшақ жері кімнің ұлысына қарады? Жошының.

Дешті-Қыпшақтың XV ғасырдағы жырауы кім? Асанқайғы.

Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті? 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында

Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері? Халифа Алтай

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанды басқарған жылдары: 1960-1986 жж.

Е.Бекмаханов еңбегін бағалап, қолдағаны үшін кімге қатаң сөгіс беріп, қызметінен босатты? Т.Тәжібаев

Едіге би негізін қалаған мемлекет қалай аталады? Ноғай ордасы.

Ежелгі адамдардың ұйымы – аналық ру қай кезеңде қалыптасты?Неолитте

Ежелгі қалалардың ең ескі тұрағын көрсетіңіз. Арқайым

Еліміздің экономикалық күш-қуатының өсуі үшін қандай алғышарттар жасалды? Одақтық республикалардың шаруашылық құқықтарын кеңейту

Ең алғаш адамдар Қазақстанның қай жерінде мекендеді? Қаратау жотасы

Еңбек құралдарын жасаудың нуклеустік әдісі қай дәуірде кең тарады? Мустьер дәуірі.

Ерте палеолит дәуірінде тас құралдар жасау тәсілі қалай аталады? Жарып түсіру техникасы.

Ертедегі түркі тайпаларының ең алғашқы қауым болып біріккен одағы қалай аталады?Алаш

Ертіс шебі бекінісі қашан салынған? XVIII ғасырдың 30-40 жж.

Ертіс бекінісінің жалпы ұзындығы қанша болған? 930 шақырым

Ертіс өңірінің әскери шебі қашан салынды? 1714-1720 жж.

Есік қорғанынан табылған «Есік жазуы» неше таңбадан тұрды? 26

Есіл шебі бекінісі қашан салынған? 1752-1755 жж

Есіл шебінің жалпы ұзындығы қанша болған? 662 шақырым

Еуропа тарихшыларынан ғұндар жайлы алғашқы жазған кім болды? Марцелиан

Жаңа Экономикалық саясаттың белгілері қандай болады? Азық-түлік салығы

Жаңадан кұрылған Қазақ хандығының солтүстіктегі көршісі қай мемлекет болды? Әбілқайыр хандығы.

Жәңгір қай жылы Ішкі Орда хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды? 1827 ж.

Жәңгір хан қай жерде Ішкі Орда хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды? Нарын құмындағы Жасқұс алқабында

Жәңгірді қай жылы Ішкі Орданың ханы деп жарияланды? 1824 ж.

Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?. Мезолит дәуірі.

Жезқазған мыс кенін зерттеген еңбегі үшін Қ.И.Сәтбаевқа қашан Мемлекеттік сыйлық берілді? 1942ж

Жеке адамға табыну жайлы мәселе партияның қай съезінде талқыланды? ХХ съезінде

Железинск бекінісінің негізі қашан қаланды? 1717 ж.

Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны 8500-ге жуық

Жергілікті өңдеу өнеркәсібінің басы болған, 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: Сыра зауыты.

Жер-су реформасын жүргізген уақыт аралығы: 1921-1922 жж.

Жер-су реформасына орай қазақ жерлерін қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Ертіс өңірінен қанша десятина жер қайтарылды? 177000 десятина

Жетіру, Әлімұлы, Байұлы қай жүзді құрайды? Кіші жүз

Жетісу жері кімнің ұлысына қарады? Шағатайдың.

Жетісуда Кеңес өкіметі орнаған мерзім: 1918 ж. наурыз.

Жетісудағы сақ жерлеріне б.з.б. ІІ ғ. Орталық Азиядан қандай тайпалар келіп қоныстанды? Үйсіндер

Жонғария картасын жасаған Иоган Густав Ренат қай елдің азаматы еді? Швеция

Жонғария картасын жасаған кім? Иоган Густав Ренат

Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды? XVII ғ.

Жоңғар хандығы қай жылы құрылды? 1635 жыл.

Жоңғарға қарсы қазақтардың үшінші бас қосуы 1730 ж.

Жоңғарға қарсы қазақтардың бірінші бас қосуы 1710 ж

Жоңғарға қарсы қазақтардың екінші бас қосуы 1726 ж.

Жоңғардың қазақ жерін басып алу үшін күресті Цебан-Рабдан басқарған жорығы қай қазақ ханының, тұсында болды? Тәуке хан.

Жоңғария мемлекет ретінде жойылды? 1758 ж.

Жоңғариядағы жоғары билеушінің титулы Қонтайшы.

Жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүз өкілдері қай жерде бас қосты? Ордабасы тауында.

Жібек жолымен соғдылықтар қандай дінді таратты? Буддизм

Зороастризм Қазақстанға қай елден тарады? Иран

И.Д.Бухгольц отряды Ертіс бойына қарай қашан жорыққа шықты? 1715 жылдың шілдесінде

И.Д.Бухгольц отряды Ертіске қанша адаммен жорыққа шықты? 2797 адаммен

Индустрияландыру кезінде Қазақстанда академик Губкин басқарған экспедиция нені зерттеді? Орал-Ембі мұнайын

Индустрияландыру кезінде Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған кім? С.Сәдуақасов

Индустрияландыру саясатында қандай кемшіліктер жіберілді? Қазақстан шикізат көзі базасына айналды

Индустрияландыруды жүргізуде Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозициясы (қарсыласы) басшыларының бірі: С.Сәдуақасов.

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығындасалынған құрылыстардың ең ірісі Түркісіб темір жолы

Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің Геке отрядымен кескілескен шайқасы қай жерде болған? Тастөбе алқабында

Исатай Тайманов қай жердегі шайқаста қаза тапты? Ақбұлақ шай0асында

Карточка жүйесі қашан жойылды? 1947ж

Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты? Кроманьондық.

Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата. Б.з.б. 40 мың-12 мың жыл.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты: Патша үкіметінің отарлық саясатын тежеу.

Кенесары сұлтан қашан өмір сүрген? 1802-1847 жж

Кеңес Армиясы қашан «Берлин операциясын» бастады? 1945ж. 16 сәуір

Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан алып кету қашан аяқталды? 1989 ж.

Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне енгізілген жылы: 1979

Кеңестік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілерді көрсетіңіз: Еңбекшілерді меншік пен билікке жақындатпау

Керей мемлекеті қашан құлады? 1203ж.

Керей мен Жәнібек хандар қай мемлекеттен бөлініп кетті? "Көпшелі өзбектер" мемлекетінен.

Керейттер туралы мәліметті қай деректен білеміз? «Монғолдың құпия шежіресі»

Киіз үйдің қабырғасы қалай аталады? Кереге.

КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер: С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин

КОКП ОК-нің пленумы Азық-түлік бағдарламасын қашан қабылдады? 1982 ж мамыр

КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.С.Хрущев қашан тағайындалды? 1953ж қыркүйек

Коммуна дегеніміз не? Өндірісті қоғамдастыру

Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенті сайланатын мерзім 5 жыл

Кроманьон адамы қайдан табылған? Франциядан

КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы қашан құрылды? 1932 ж

КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық заң қай жылы қабылданды? 1946 ж.

КСРО-ның өмір сүрген кезеңі 1922-1991 ж.ж.

Куликово шайқасы қашан болды? 1380.ж.

Куликово шайқасында Алтын Орда әскерін кім басқарды? Мамай.

Кімдерді шошақ бөріктілер деп атаған? Тиграхауда сақтарын

Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824 жыл.

Кіші жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлыққа қашан қол қойды? 1731 жылы 19 ақпанда

Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы Әбілқайыр ханға жіберілген грамотаға Анна Иоанновна қашан қол қойды? 1731 жыл.

Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға Анна Иоанновна қашан қол қойды? 1731 ж.

Қ. Жалайридің еңбегін көрсетініз? Жамиғ-ат-тауарих.

Қ.Жалаири «Жылнамалар жинағы» атты еңбегін тарту еткен орыс патшасы: Б.Годунов

Қаз.АКСР-ы Одақтас республика болып қашан құрылды? 1936ж. желтоксан

Қаз.КСР-і Конституциясы қашан қабылданды? 1937ж

Қазак хандығы құрылғаннан кейін Сырдария маңындағы қалалар үшін күрес жүргізген хан кім? Мұхаммед Шайбани (Әбілхайыр ханның немересі).

ҚазАКСР-де ұжымдастыруды аяқтау қашанға белгіленді? 1932ж. көктемінде

ҚазАКСР-нің екінші астанасы: Қызылорда.

Қазақ мемлекетінің даму процесіне төмендегі мемлекеттердің қайсысы қатыспады? Сібір хандығы

Қазақ хандығы қашан құрылды?XV ғ. ортасында

Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат: "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет.

Қазақ АКСР-нің тұңғыш астанасы: Орынбор

Қазақ даласындағы "Қызыл керуен" экспедициясын басқарған ірі мемлекет қайраткері: Ә.Жангелдин.

Қазақ даласындағы Кенесары ханның көтерілісі қай орыс патшасының билігі тұсында етек алды? І Николай.

Қазақ жазушысы С.Мұқановтың қай шығармасы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске арналған? Ботагөз.

Қазақ КСР егемендігі туралы декларация қашан қабылданған? 1990 ж. 25 қазан

Қазақ КСР-і Жоғары К еңесі қашан Президенттік басқару жүйесін енгізді және алғашқы Президент қашан сайланды? 1990 ж. 24 сәуір

Қазақ КСР-і қашан Қазақстан Республикасы деп жарияланған? 1991 ж. 10 желтоқсан

Қазақ- орыс қатынастары деректемелер бойынша қашан басталды? XV ғ. 90 жылдары

Қазақ тілі қай тілдің негізінде қалыптасқан? Қыпшақ тілінің

Қазақ тіліндегі мектептер санының азаюы, оқу құралдарының жетіспеуі, мұғалімдердің жұмыссыз қалу фактілері туралы өз ұсынысын білдірген кім? М.Елікбаев

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына "Ақтабан шұбырынды" жылдарынан кейін берген соққысы қалай аталды? "Қалмақ қырылған ".

Қазақ халқының көп ғасырлық құрылу процесі мен этникалық территориясының анықталуы қашан аяқталды? ХҮ-ХҮІ ғасырларда.

Қазақ халқының қалыптасуының бірінші кезеңі Б.з.б. VIII- б.з.V ғғ.

Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар Үйсін, Найман, Қыпышақ





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 2960 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.032 с)...