Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

1 страница. 112.



83.

84.

85.

86.

87.

88.

89.

90.

91.

92.

93.

94.

95.

96.

97.

98.

99.

100.

101.

102.

103.

104.

105.

106.

107.

108.

109.

110.

111.

112.

"Алаш" партиясы қашан құрылды? 1917 ж.

"АЛЖИР" деген сталиндік лагерьде қандай адамдар қамауда болды? "Халық жауларының" әйелдері.

"Әскери коммунизм" кезеңінің бір іс-шарасы: Еңбек міндеткерлігін жою.

"Жеті жарғы" бойынша ер адамның құны қанша малға теңестірілген? 1000 қойға.

"Жеті жарғы" бойынша қандай жағдайда өлім жазасы кесілген? Әйел зорланса.

"Жеті жарғы" деген не? Қазақтардың XVIII ғ. әдет-ғұрып заңдары

"Жеті-жарғы" заңы қай ханның тұсында құралды? Тәуке хан.

"Жүз" деген атау қандай мағына береді? Тарихи-шаруашылық аймақ.

"Қалмақ қырылған" күресі қай жылы болды? 1726 жыл.

"Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні" жинағының авторы: А.Затаевич.

"Рабад" деген не? Қаланың саудагерлер тұратын бөлігі.

"Ресей - кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу,"- деген өшпес сөзді айтқан: В.Клочков.

"Цитадель" деген не? Қала әкімшілігі тұратын ішкі қала.

“Сібір қырғыздарының уставы” атты жаңа басқару жүйесінің авторы кім? М.М.Сперанский.

“Түркістан Автономиясында” мемлекеттік деп танылған дін: Ислам.

«1867-1868 ж.ж. реформа» жобасына қазақтың қай ғалымы өз ұсынысын жасады? Ш. Уәлиханов. Қазақтар мен қытайлардың алғашқы қақтығысы қашан болған? 1756 ж.

«Абылай ханның дәуірі» еңбегінің авторы... Мәшһүр Жүсіп Көпеев

«Азамат Азаматыч» еңбегінің авторы кім? Б.Майлин

«Ақиқат сыйы» дастанының авторы кім? Жүгенеки

«Алтын обаның құпиясы» деп аталған археологиялық үлкен жаңалық қай жерден табылды? Шілікті ойпаты

«Алтынды құм бар жерлерді иеленіп алу үшін... экспедицияны жабдықтау туралы» жарлық қашан шықты? 1714 жылы 22 мамырда

«Алтынды құм бар жерлерді иеленіп алу үшін...» экспедицияны басқарған... И.Д.Бухгольц

«Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет қашан жарияланды? 1928ж. 27 тамыз

«Атаманның ақыры» кинофильімінің қоюшы-режиссері: Ш.Айманов

«Екі негіздің қасиеті»кітабында қандай дін туралы жазылған? Манихейлік

«Космополит» деп айып тағылып, қызметінен қуылған қай саланың ғалымдары? биология, медицина

«Қаз.АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қашан қабылданды? 1926ж мамыр

«ҚазАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деп тұжырым жасаған академикті атаңыз: Н.С.Курнаков

«Қазақ» этнонимі туралы М.Ақынжановтың болжамы Нағыз сақ

«Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі? Ұлттық қауіпсіздік

«Қазақстан-2030» стратегиясы бойынша Республикада макроэкономиканы тұрақтандыру үшін не істеу керек? қатаң монетарлық және несие саясатын жүргізу.

«Қосшы одағы» қашан құрылды? 1921ж

«Қырғыз – қайсақ экспедициясы» қашан құрылған? 1734 жылдың мамырында

«Қытай адамы» қалай аталады? Синантроп.

«Нақты ет салығы» туралы декретке байланысты қазақтар қашан ет салығынан босатылды? 1921ж. 14 маусым

«Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1824 ж.

«Павлов үйін» қорғауда ерлік көрсеткен Оңтүстік Қазақстандық жауынгер: Т.Мырзаев

«Сібір комитетінің сібір қазақтарына империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережесі» қашан қабылданған? 1854 ж.

«Тіл туралы» Заңның 1 бабы бойынша қазақ тілінің статусы: Мемлекеттік тіл

1089 ж. Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті? Селжұқтер

1218 жылы Шынғысхан мен Мұхаммед Хорезмшах қандай келісім жасасты? Сауда жөнінде.

1219 жылы Шыңғысханның Мауеранахрға басып кіруін қандай жағдай тездетгі? 1218 жылы Отырардағы Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің өлтірілуі.

1236-1242 ж. Батыйдың жетіжылдық жорығынан кейін қай аймақтар Батыйға бағынған. Еділден Дунайға дейін.

1312 жылы қай хан тұсында Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін болып жарияланды? Өзбек хан

1359-1379 жж. Алтын Орда тарихында қандай кезең деп аталды? "Ұлы дүрбелең" кезеңі.

1379 жылы Тоқтамыс кімнің әскерін жеңіп Ақ Орданың ханы атанды? Темір-Мәліктің.

1457 жылы Әбілхайыр Сығанақ түбінде қай тайпадан ойсырай жеңілді? Ойраттардан.

146.Шыңғысхан енгізген заңдар қалай аталды? Жасақ.

1465 жылы қандай хандық құрылды? Қазақ хандығы

1573 ж.Қазақстанға жіберген орыс мемлекетінің алғашқы елшілерінің бірі кім?

1598 ж. Тәуекел хан қайтыс болды. Оған қай қаладағы ұрыста алған ауыр жарақаты себеп болды? Бұқардағы

1643 жылы қазақ-жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды? Жәңгір хан.

1643 жылы қазақ-жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды? Жәңгір хан

1680-1718 жылдары казақта кім хан болды? Тәуке хан.

1680-1718 жылдары қазақ ханы кім болды? Тәуке хан

1714-1720 жылдарда қай өңірдегі әскери шеп салынды? Ертіс өңірінде

1718 жылы Аягөз бойындағы қазақ-жоңғар ұрысында қазақтардың жеңілу себебі неде? Әбілқайыр, Қайып сұлтандар соғыс қимылын келісіп жүргізбеді.

1720 жылы салынған бекіністер? Өскемен, Коряков

1724-1725 жж. ұрыстар нәтижесінде қазақтар қай қалаларынан айырылды? Түркістан, Ташкент.

1726 ж. жоңғарларды талқандаудың қандай маңызы болды? Қазақ халқын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды

1730 ж. үш жүз қазақтарының Балқаш өзенінің оңтүстік шығыс жағасында Аңырақай жерінде жоңғарлармен болған күресте жеңіске жетті, бірақ оны орныктыра алмауының себебі неде? Сәмеке мен Әбілхайырдың ұрыс алаңын тастап кетуі.

1734 ж. И.К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясы қандай мәселені шешу керек болды? Қазақ жерінің табиғи байлықтарын зерттеу.

1734 жылдың мамырында құрылған «Орынбор комиссиясын» кім басқарды? И.К.Кириллов

1740 жылы Орта жүзден бодандыққа ант бергендер... Әбілмәмбет мен Абылай

1756 жылы Абылай сұлтан кімге ант берді? Кытай

1761 ж. Қазақ-Қытай қатынасында дипломатиялык міндет атқарған қай батыр? Бөгенбай.

1785ж. наурызда Сахарная бекінісіне шабуыл кезінде С. Датұлы жағынан тұтқынға түскен сұлтан. Айшуақ сұлтан.

1789 ж. Азиялық училище ашылған қала? Омбы

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғының авторы... М.М.Сперанский

1834 жылы Манғыстауда салынған бекініс? Ново-Александровск

1854 жылы Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы: Алматы.

1867-68 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буынын атаңыз. Билер мен қазылар соты.

1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

1872 ж. бастап Бөкей ордасының жері қараған әкімшілік аймақ. Астрахань губерниясына кірді.

1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны 5000

1905 жылы желтоқсанда интернационалдық сипат алған ереуіл қай жерде өтті? Успен кеніші.

1905-1907 ж.ж. Семейдегі бұқаралық ереуілге шығушылар қандай талаптар қойды? Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер А.Байтұрсынұлы

1914-1916 ж.ж. Түркістан өлкесі Ресейдің орталық аудандарын қандай шикізатпен қамтамасыз етті? Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.

1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістаннан және Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиісті адам саны: 500 мың адам.

1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып кім сайланды? Бекболат Әшекеев.

1916 жылғы "бұратана халықтарды қара жұмысқа алу" туралы патша жарлығын жақтағандар. Жергілікті отаршыл әкімшілік.

1916 жылғы көтерілістің басталуына сылтау болған: Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық.

1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының негізгі қозғаушы күші: Қазақ жұмысшылары, қолөнершілері, шаруалары.

1916 жылы Жетісу облысының генерал – губернаторы: Фольбаум.

1916 жылы қара жұмыстан босатылмағандар: Шаруалар.

1916 жылы саналы компромисс тактикасын ұсынғандар: Демократиялық интеллигенция өкілдері.

1917 ж. шілдеде Верныйда реквизицияланған жұмысшылардан құрылған қара жұмысшылар одағын басқарған: Ж.Бабаев.

1917 жылы қарашада Бүкілтүркістанның Төтенше ІV ші съезінде құрылған мемлекеттің аты: Түркістан автономиясы

1918 ж. Торғай облыстық Кеңестер съезінің қаулысымен жабылған газеті: “Қазақ ”

1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады? Верный

1919 жылы қазақ өлкесіндегі жоғарғы әскери-азаматтық басқарма: Қазревком.

1920 ж. В.И.Лениннен Кеңестік автономияға ұлттық мемлекеттік статус беруін кімдер талап етті? Т.Рысқұлов, А.Байтұрсынов

1920 жылы сайланған ҚазАКСР Орталық атқару кеңесінің төрағасы: С.Меңдешев.

1920 жылы сайланған ҚазАКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы: В.Радус-Зенькович.

1921 жылғы Жер-су реформасының негізгі мақсаты: Еңбекшілерге тартып алынған жерлерді қайтарып беру.

1921-1922жж. жүргізілген жер реформасының маңызы неде? Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті

1921ж. Қазақстандағы кедейлер одағы қалай аталды? "Қосшы".

1922 ж. Ә.Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» жолының бағыты? Орынбор-Ақмола-Семей

1923ж. 22 қарашада республикада қандай декрет қабылданды? «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы»

1924 ж. 1 қаңтарынан бастап шаруаларға салықтың қандай түрі енгізілді? Ақшалай төлеу.

1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар республика халқының неше пайызын құрады? 61,3%

1926ж тұңғыш қазақ драма театры ашылған қала? Қызылорда

1929-1933 жж. аралығында ОГПУ үштігі қанша адамды ату жазасына кесті? 3386 адам

1929ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-і астанасы: Алматы.

1929ж. республикада қандай жоғары оқу орны ашылды? Зоотехникалық-малдәрігерлік институты

1930 ж 4 сәуірдеқазақ зиялыларының арсынан бірінші болып ату жазасына кесілді? Ж. Аймауытов

1930ж. республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін қай жерлерді тегін пайдаланды? Қарағанды, Ақмола

1932ж. шілдеде аштық апаты туралы Ф.И.Голощекинге хат жазғандар: Ғ.Мүсрепов, М.Дәулетқалиев.

1933 жылы Сталинге хат жазған мемлекет және қоғам қайраткері: Т.Рысқұлов.

1935ж. екпінді колхозшылар съезінде қандай жарғы қабылданды? Ауылшаруашылық артелін құру

1939 ж. қала тұрғындарының қаншасы қазақ болды? 375 мың

1939 жылы Шымкент қорғасын зауыты марапатталған орден түрі: Ленин.

1939ж. Одақта Ленин орденімен марапатталған зауытты атаңыз: Шымкент қорғасын зауыты

1939ж. республикада қанша театр жұмыс істеді? 38 театр

1940 ж. салынған Ақмола-Қарталы жолы құрылысының маңызы қандай? Орталық Қазақстанды Оралдың оңтүстігімен байланыстырды

1941 ж. 9 қыркүйекте 310-атқыштар дивизиясы қай қаланы азат етуге қатысты? Ленинградты азат етуге

1941ж. әйелдер арасында «Тракторды меңгеріңдер» деген бастаманы көтерген кім? П.Ангелина

1941ж. қыркүйекте Полтава облысының Шуменково тоғайында ерлікпен қаза тапқан дивизия комиссары, қазақстандық: Е.П.Рыков

1946-1950 ж.ж. арналған ІҮ бесжылдықтың негізгі экономикалық міндеті қандай болды? Қираған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру

1950 жылдары ұзындығы 483 шақырымдық қандай темір жол іске қосылды? Мойынты-Шу

1950 жылдың соңында Ғылым Академиясында қанша ғылыми-зерттеу институты болды? 16 институт

1954 жылғы тарихи оқиға. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.

1954 жылдың тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерлерінің қанша мөлшері жыртылды? 6,5 млн га.

1954 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған адам: П.К. Пономаренко

1954-1959 жылдары республикадан тың және тыңайған жерлерді игеруге қанша сом жұмсалды? 20 млрд.сом

1954-1962 ж.ж. тың игеруге Қазақстанға қанша адам келді? 2 млн.адам

1957-1958 жылдары колхоз-совхоздардағы мал саны қалай көбейтілді? Тұрғындар меншігінен алынды

1958 ж. Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан археолог. Алпысбаев Ә.

1958 жылғы Теміртау оқиғасының себебі неде? Әлеуметтік мәселелер

1958 жылы жұмысшылар толқуы болған қала: Теміртау.

1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: «Тоқырау жылдары»

1965 ж өнеркәсіпті басқару әдісі: Салалық ұстаным

1965ж. экономиканы басқарудағы енгізілген өзгерістер: Одақтық-республикалық министрліктер енгізілді

1967 жылы сәуірде қандай қаулы қабылданды? «Совхоздарды, ауылшаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру»

1979 жылы Ақмола қаласында жастардың шеруге шығуына не себеп болды? Неміс автономиясын құру

1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандағының бір көрінісі: Қазақстанда неміс автономиялық облысын құру тұралы шешімнің қабылдануы.

1980-90 жж. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысындағы басым бағытта болған ерікті экономикалық аймақтар: Жайрем-Атасу, Алакөл

1985 ж. прогрестік технологиялық процестерді өндіріске енгізгені үшін қандай өнеркәсіпке Лениндік сыйлықтың иегері атағы берілді? Ащысай полиметалл комбинаты

1986 ж. желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі: Бейбіт және саяси сипатта болды.

1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды? Республика басшылары ауысты.

1986ж. Алматыда болған желтоқсан оқиғасына 1987 ж. КОКП ОК-ның шілдедегі Пленумында берілген баға: Қазақ ұлтшылдығының көрінісі.

1989 ж. 22 қыркүйекте: Қазақ КСР Жоғары Кеңесі "Тіл туралы" Заң қабылдады.

1990 ж. шілдеде дүниеге келген "Азат" қозғалысының басты мақсаты: Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу.

1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің: Егемендік туралы Декларациясын қабылдады.

1990 жылы Қазан айында Қазақстан өзінің: Егемендік туралы Декларациясын қабылдады.

1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 мемлекеттің басшылары Т М Д құру туралы қандай құжатқа қол қойды? Жарлыққа

1991 ж. қыркүйекте Қазақстан компартиясын тарату нәтижесінде құрылған партия: социалистік

1991 жылғы 2 қазандағы тарихи оқиға: Ғарышқа қазақ азаматының ұшуы.

1991 жылы 1 желтоқсанда: Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық президент сайлауымен бірге вице-президентті сайлады. Вице-президент кім болды? Е. Асанбаев

1991 жылы желтоқсанда ТМД-ны құру туралы шешім қабылданған қала:

1991 жылы қазанда құрылған Қазақстанның Халық Конгресі партиясының тең төрағалары болып кімдер сайланды? О. Сүлейменов пен М. Шаханов

1992 ж. 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды? Қазақстанның БҰҰ-на өтуі.

1992 ж. қоғамның бірігіуі мен халықтар достығын нығайтуда маңызды орын алған: Қазақстан халықтарының форумы.

1993 жылы Қазақстан Республикасының президенті қол қойған Лиссабон хаттамасы бойынша қандай мәселе қаралды? Қазақстан Республикасының жерін ядролық қарудан еркін аймақ деп жариялады.

1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал? «Отан тарихы»

1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны? 14 млн. 952,7 мың адам

1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі: «Тарих толқынында»

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым? Қ.Сәтбаев

20-жылдардың аяғы мен 30 жылдарда қазақ әдебиетіне келіп қосылған дарынды жастар: Ғ.Орманов, Ж.Саин

335.Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде қай хан тұсында үлкен күшке айналды? Қасым хан

336.Қасым хан қай жылы Сайрам қаласын басып алды? 1513 ж.

50-жылдары мал шаруашылығын дамытуда еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған кім?Ж.Қуанышбаев

50-жылдары республикада қанша өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды? 730

542 жылы «Түрік» этнонимі бірінші рет қандай деректерде қолданылды? Қытай

60-жылдардың екінші жартысында құрылған кәсіподақтардың басты міндеті: Еңбекшілердің тұрмыстық жағдайын жақсарту

60-жылдары қандай одақтық-республикалық салалық министрліктер құрылды? Түсті металлургия, геология

60-жылдары қандай электротехникалық машина жасау кәсіпорындары салынды? Кентау трансформатор

60-жылдары республикада қандай жаңа өнеркәсіптік қалалар пайда болды? Рудный, Шевченко

70-жылдары Х.Қожахметов қандай ұйымды құруды ойластырды? «Жас қазақ»

723 ж. Түркештер қандай тайпамен бірігіп, арабтарға қарсы соққы берді? Қарлұқтармен

80-жылдардағы қазақ әдебиетінің өкілдерін атаңыз: Т.Ахтанов, І.Есенберлин

80-жылдары республикада алғаш ашылған тереңдетіп оқытатын мектепті атаңыз: Физика-математика мектебі

IX-X ғғ. халықаралық валюта ретінде қандай ақша қолданылды? Алтын динарлар

V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған? Бұлақ

X ғ. Қазақстан территориясындағы қай мемлекетте ислам діні ресми дін болып жарияланды? Қарахандар мемлекетінде

X ғасырға жататын Бабаджа хатун кесенесі қай қалада салынған? Тараз

XIII ғ. I жартысында монғол билеушілеріне қарсы болған қандай көтерілісті білесіз? Бұкарадағы Тараби көтерілісі.

XII-XV ғ.ғ. түркі тілдерінде жазылған деректерде «қазақ» сөзінің мағынасы қандай болған? «еркіндік аңсаушы, батыл»

XIV - XV ғ.ғ. аралығында Түркістанда Әмір Темір салдырған ең үлкен қандай сәулетті ғимарат Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі.

XIV г. Алтын Орданың ыдырау процесі кезінде Қазақстанда пайда болған мемлекеттің атын атаңыз. Ақ Орда.

XIV ғ. Алтын Орда дәуірінде түркі тілінде жазылған қандай шығарманы білесіз? "Хұсрау және Шырын".

XIV ғ. Алтын Орданың ыдырау процесі кезінде Қазақстанда пайда болған мемлекеттің атын атаңдар. Ақ Орда.

XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басында Шығыс Қазақстан қандай мемлекеттің құрамына кірді? Моғолстан.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 3989 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.029 с)...