Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Маркетингтік бақылау



Бақылау – ұйымдардың өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ету процесін қадағалау.

Бұл жүйе өндірушінің қызметіндегі нәтижелерді іскерлік белсенділікте, несие және төлем төлеу қабілеттіліктерін табу мақсатында өткізілетін барлық іс-шараларды қамтиды. Кез келген банктің қызметіне қадағалау ішкі немесе сыртқы, тәуелді немесе тәуелсіз, жалпы немесе таңдаулы болуы мүмкін.

Ішкі бақылау жылына 2 рет жоспарланған қолайлы қызметтен кейінге қалдыруды айқындау мақсатымен банктің күшімен жүргізіледі. Ол жылына 2 рет банк қызметінің барлық бағыттарының нәтижелерін түгелімен талдау өткізілген жағдайда жаппай болуы мүмкін.

Бақылау кезеңдері:

1. Стандарттарды бекіту;

2. Фактілік түрде қол жеткізілген нәтижелерді өлшеу;

3. Қажетті әрекеттерді жүзеге асыру.

Стандарттарды бекіту – банктің қызметі бағаланатын кейбір бағыттарды анықтау.

Екінші саты фактілі мәліметтермен бекітілген стандарттарды салыстыруға болжайды.

Бақылаудың үшінші сатысында шешімнің 3 нұсқасы қабылдануы мүмкін:

- Ешқандай әрекеттерді қабылдау;

- Стандарт деңгейіне дейін нақты нәтижелерге жеткізу;

- Өздері стандарттарды түзету;

Бақылау жүйесі маркетингтік қадағалаудың 3 түрін жүзеге асыруды көздейді:

- Жоспарды орындау бойынша қадағалау;

- Тиімділік бойынша бақылау;

- Маркетингті ревизиялау;

Жоспарды жүзеге асыруды бақылау 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: а) банк қызметін ұсыну мүмкідіктерін талдау; б) бәсекелестік жағдайын талдау; в) клиентпен қатынасты талдау; г) маркетингке бөлінген қызмет көрсету мен құралдарға шығынның қатынасын талдау.

Тиімділікке бақылау жасау келесі көрсеткіштер қатарында жүргізіледі:

- Жеке қызметтің тиімділігі;

- Жеке іс-шаралардың тиімділігі;

- Жекелеген территорияның тиімділігі;

- Нарықтық сегменттің тиімділігі;

- Банк қызметінің тиімділігі;

- Банктің өтімділігі;

- Банк имиджі;

- Жеткізу жүйесінің тиімділігі.

Маркетингті ревизиялау ол әрекет ететін жүйелік және барлығын тегіс қамтитын маркетингік ортаны зерттеу бойынша сонымен бірге ұйым алдындағы міндеттер мен стратегиялар, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жиынтығын қамтиды. Маркетинг ревизиясының мақсаты маркетинг қызметін ұйымдастыру, оны жүзеге асыру бойынша тиісті іс-шараларды жасаудағы бар мәселелерді көрсету болып табылады. Маркетинг ревизиясының сатылары:

- Банк мақсаттары мен міндеттерін талдау;

- Міндетті нарықтың сапасы;

- Жоспарлау жүйесінің сапасын талдау;

- Маркетинг кешенінің элементтерін жоспарлаудың сапасын бағалау.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 2597 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...