Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банк қызметіне маркетингті енгізу алғышарттары. Банктік маркетингтің спецификасы



Маркетингтің ерекшелігі банктік өнімнің ерекшелігімен анықталады. «Банктік өнім» – банк арқылы жүзеге асқан кез келген қызмет немесе операция. Банкті басқару саясаты мен қызметінің мақсаты клиенттерді тарту, өз қызметінің өткізу саласын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын пайданың өсуі болып табылады. Банктағы маркетингтің спецификасы банктік қызметтің коммерциялануын негіздеу және қаржы құралдарын тиімді жұмсауды қамтамасыз Осыған байланысты банктік маркетинг қаржы айналымын және экономикадағы қолма-қол емес есептерді жылдамдатуға негізделеді. Маркетинг талдауға және тұтынушының қажеттіліктерін тез және дұрыс қанағаттандыруға, есеп жүргізуге, шикізат пен материалдарды, жабдықтаушылармен жүргізілуіне бағытталған.

Банктік саладағы маркетингтің ерекшелігі, сонымен қатар коммерциялық банктердің тек қана салымдарымен айналыспай, осы жиналған ақшаны ұйымдарға, кәсіпорындарға, одақтарға несие беру арқылы белсенді жұмсау болып табылады. Бұл маркетингтің кешенді даму қажеттіліктерін банктің салымшы құралдарымен қатынасы сферасындағыдай, ссудаларды несиелік салымдары саласында да жеткізу формасын жүзеге асыратынын негіздейді. Банктегі маркетингтің ерекшелігі тәжірибеде қолданылатын әдістері арқылы анықталады. Коммерциялық банктердің ұйымдар-салымшыларымен қарым-қатынаста уақытша ақша құралдары саласында маркетинг депозиттердің процент арқылы өсуі перспективасын қарастырады. Салымшыларды тарту үшін пайыздық саясат қолданылады. Пайыздық ставкаларды реттеу және бекіту өнеркәсіптер мен ұйымдардың несиені қолданар кезіндегі пайыздық реттеу екеуі бірге орындалады. Бұл шарт бойынша маркетингтің міндеті несиеге деген сұранысты зерттеу, ссуда құралдарын қай салада неғұрлым тиімді екенін анықтау, тұтынушыға сапалы несиелік қызмет көрсету болып табылады.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 592 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...