Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Мiндеттеме туралы жалпы ережелер



Мақсаты: Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң мәнiн ашу.

Сұрақтар:

1 Міндеттеме ұғымы.

2 Міндеттемелердің түрлері.

3 Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

4 Міндеттеменің туындау негіздері.

1. Міндеттеме ұғымы. Мiндеттемелiк құқықтың ерекшелiгi сол - ол коғамдағы калыпты қатынастарды да, сонымен катар қандай да бiр қатынастардың (қорғаушы мiндеттемелер, мiндеттеменi орындамағандық үшiн жауапкершiлiк, мiндеттеменi қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейдi.

«Міндеттеме» ұғымы әртүрлі мағнада пайдаланылады: 1) құқық қатынасы; 2) борыш, міндет; 3) осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).

АК-ның 268-бабында міңдеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті».

Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).

Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.

Осыдан барып міндеттемелік қатынастардың ерекшеліктері және олардың басқалардан айырмашылығы туындайды:

1) міндеттеме – мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастармен салыстырғанда мүліктік құқық қатынастары болып табылады;

2) егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің берілгендігін бекіту керек болса, міндеттемелік үшін - иеленіп қойған материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық құқық қатынастарда тұрақтылық, ал міндеттемелік қатынастарда - жылжымалық сипат бар;

3) бұдан заттық құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың пәс мінез-құлқы (заттық құқықтарды бұзбау міндеті) және міндеттемелік құқық қатынастарындағы міндетті тұлғалардың белсенді мінез-құлқы (борышкердің несие берушінің пайдасына нақты әрекеттер жасау міндеті) туындайды;

4) міндеттемеде құқық берілген адамға нақты міндетті адам қарсы тұрады (құқық қатынастарының салыстырмалы сипаты), ал заттық құқық қатынастарында құқық берілген адамға анықталмаған міндетті адамдар қарсы тұрады (құқық қатынастарының абсолюттік сипаты);

5) міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен, тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара байланысты. Міндеттемелік заттық құқықтық қатынас, туыңдаған кезде заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал ол өз тарапынан міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі болып табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғандығын көздейді (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару), сонымен қатар, сатып алу-сату нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. Яғни, міндеттеменің көмегімен меншік құқығының немесе басқа заттық құқықтардың ауысуы болады.

Міндеттеменің жоғарыда келтірілген нышандарына сүйеніп оған анықтама беруге болады: міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.

Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.

Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.

2. Міндеттемелердің түрлері. 1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Бұл тарауда міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғүрлым ортақ негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.

2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:

- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында – тек міндеттер (заем, зиян келтіру);

- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышкер және тауарға ақша төлеу мiндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше.

3) Орыңдау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:

- б елгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;

- б алама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін тандауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды толық төлеуге міндетті;

- ф акультативтік міндеттемелер - борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс.

Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не ақша) ақша төлеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль, егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.

Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, түрақсыздық айыбын төлеу міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады. Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды.

4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатындар - заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп орыңдауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу, т.б.) деп бөлінеді.

Борышкердің жеке басымен байланыс бойынша жеке сипаттағы міндеттеме туындайды, оның борышкердің жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды. Борышкердің немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың жеке-сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б. тән.

3. Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы. Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің тараптарын (борышкер мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің мазмұнына әсер етеді, оның құқықтық мәнін анықтайды.

Міндеттемеге қатысушылар: міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші); үшінші жақ.

Міндеттемедегі тұлғалардың көптігі. АК-ның 286-бабында былай делінген: «Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесте орындауға міндетті (үлесті міндеттеме)".

Адамдар көптiгi болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышкер), жалпы ереже бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің өз бөлігіне қоныстанған) міндеттемеден шығып қалады, ал борышкер басқа несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа бөліктеріне қоныстандыру үшін босату). Пәс көптіктің міндеттемелерiнде (бір несие беруші - бірнеше борышкер) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған борышкер де (ортақ үйдің өзі тұрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып қалады. Бірақ соңғысы басқа борышкерлердің міндеттерін орындауы тұрғысынан сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату). Сонымен, несие беруші борышкерге басқа борышкерлердің орындамағандығына байланысты қандай да бір талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге мiндеттеменің, бөлігін орындаған борышкер қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны жайында есеп беруге тиіс емес.

Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез келген борышкерден талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық борышкерге талап мұндай талап негізгі борышкерге қойылғаннан кейін қойылуы мүмкін, егер негізгі борышкер талапты толықтай немесе жарым жартылай қанағаттандырмаған болса. Бұл айырмашылықтар кепіл болушылық және кепілдік үғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші - ортақтас жауап береді (АК-ның 329-336 баптары).

Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.

Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (АК-ның 270-бабының 2-тармағы).

Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы.

Үшінші жақтын әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышкер сол жақтың шығынды төлеуін талап етуге құқылы (АК-ның 289-бабының 1-тармағы).

Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі болып табылады. Регрестік құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік міндеттемені - кері міндеттеме деп атайды.

4. Міндеттеменің туындау негіздері: бұл - з аңдық фактылар, яғни құқық нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтауын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамдардың ықтиярынсыз болатын, мысалы, баланың тууы, табиғи құбылыстар) бөлінеді.

Әрекеттер занды және заңсыз болып бөлінеді. Барлық заңды әрекеттер заңдық актілерге және қылықтарға топтастырылады. Заңдық актілер, олар - қандай да бір заңдық салдарларға жетуге бағытталған әрекеттер (мысалы, мәмілелер, әкімшілік актілері). Заңдық қылықтар, олар - адамдардың ниетіне байланыссыз заңдық салдарлардың туындауына алып келетін әрекеттер (мысалы, автордың өз шығармасын жариялауы).

271-бапқа сәйкес міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе 7-бапта көрсетілген өзге де негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының мынадай маңызды негіздерін атауға болады: 1) шарт; 2) әкімшілік акт (заңды әрекеттер); 3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер; 4) интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану;5)азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері; 6) оқиға.

Әдебиет: 1, 2, 3, 4, 11, 13, 16, 17

Бақылау сұрақтары:

1 Міндеттеме ұғымы.

2 Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 7446 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...