Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зат есім



құрамына қарай дара 1 сөзден тұрады. М.: балалар, мектеп
күрделі 2 немесе одан да көп сөзден тұрады а) біріккен. М.: белбеу; ә) қосарланған. М.: ата-ана; б) тіркескен. М.: бала бақша; в) қысқарған. М.: ҚарМУ
жасалу жолына қарай негізгі Ешбір жұрнақсыз, түбір сөз. М.: мектепте, үйлер
туынды Басқа сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім. М.: оқу+шы, таныс+тық
мағынасына қарай деректі Көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат.М.:қала, қарындаш, Айгүл
дерексіз Көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын зат. М.: ауа, арман, мінез
жалпы Бірыңғай көп заттың жалпылама атын көрсететін зат есім. М.: ауыл, көше
жалқы Бірыңғай көп заттың ішінен дараланған жеке нәрсенің арнаулы атын білдіретін сөз. М.: Қарағанды, Абай
жанды Кім? кімдер? кімі? сұрақтарына жауап беретін сөздер. М.: аға, таныстар, әжесі
жансыз Не? нелер? несі? сұрақтарына жауап беретін сөздер. М.: кітап, жәндіктер

Зат есім тудыратын жұрнақтар

-шы;- ші; оқу+шы, жазу+шы
-лық;- лік; - дық;- дік; -тық;- тік; ауыз+дық, аш+тық, дос+тық
-шылық; -шілік; жұрт+шылық, көп+шілік
-шақ;- шек; мон+шақ
-ша; -ше; маңдай+ша
-лас; -лес;- дас; -дес; -тас; -тес; жол+дас, одақ+тас
-стан; қазақ+стан, Өзбек+стан
-ылдырық;- ілдірік; көз+ілдірік
-кер; -гер; сауда+гер, үміт+кер
-ма; -ме; -ба; -бе; -па; -пе; тер+ме, қос+па
-ым; -ім; -м; біл+ім, ағ+ым
-ыс; -іс; -с; айт+ыс, айқа+с
-қ; -к; -ық; -ік; -ақ;, -ек; тара+қ, күре+к, сыз+ық
-қыш; -кіш; -ғыш; -гіш; -қаш; -кеш; іл+гіш, жырт+қыш
-ыш; -іш; өлшеу+іш, төсен+іш




Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 696 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...