Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық теорияның пәні. Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген



Экономикалық теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген, адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.

Экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне нарықтықтың қызмет ету механизмі, нарықта болатын жетілегн және жетілмеген бәсеке, жеке шаруашылық сфералардың монополиялану дәрежесі, нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдері жатады. Өндірісті қайталап жүргізіп отыру және оның экономикалық өсуі индивидуалдық дәрежеде және қоғамдық масштабта жүріп отырады. Сондықтан экономикалық теорияның құрылымына микроэкономика мен макроэкономика жатады.

Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауар бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта т.б. жағдайлар талданады. Макроэкономика микропропорциялардың негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді. Бұның зерттеу объектісіне: ұлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен қамту жатады.

Микро жене макроэкономика жалпы талдауда және бұның нәтижесін пайдалануда, бір мақсатты – қоғамдық қажеттіктерді қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторларын зерттеуді көздейді.

Сонымен ЭТ-бұл

· ұдайы өндірістің динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым;

· қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік)мпайдалану туралы ғылым;

· өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамның күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.

Экономикалық өсудің мақсаты – бұл адамдардың материалдық рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, тәжірибесі, қабілеті адам капиталын құрайды. ЭТ экон-қ ғылымдар кешенінің методологиялық негізі б.т. Ол 1) салалық ғылымдардың (өнеркәсіп э-сы ауыл-ш-қ, көлік, құрылыс эк-сы), 2) функционалдық ғылымдардың (қаржы, несие, маркетинг, болжау), 3) салааралық ғылымдардың (экономика, георафия, демография, статистика, менеджмент)зерттеулерінің негізі. Сон. Қатар ЭТ социология, психология тарих ғылымдарымен тығыз байланысты. Аталған ғылымдардағы деректерді пайдаланбаса ЭТ-ның тұжырым-қорытындылары ақиқаттан алшақ болуы мүмкін.

ЭТ жалпы ғылымдар жүйесінде белгілі қызметтер атқарады. 1) танып-білу (қоғамдық эк-қ өмірдегі процестерді зерттеп, түсіндіре алу керек).

2) практикалық – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, эк-қ өмірді реформалаудың эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу.

3) қоғамдық дамудың ғылыми болжамын және перспективасын жасау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әкімбеков С., Баймухаметова А.С., Жанайдарова У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана; 2002. – 464 б.

2. Әубәкiров Я.Ә. және ұжым, Экономикалық теория. Оқулық.. Алматы, 1999.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 669 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...