Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық теорияның пәні



1. Тұңғыш экономикалық ой пікірлер көне заманда пайда болған. Ежелгі дәуір ойшылдарының еңбектерінде: ежелгі қытай философы Конфуций (551-479 б.д.д.), ежелгі Индияның «Ману заңдарында» (4-3 ғ б.д.д.), ежелгі греция ойшылдары - Ксенофонт (430-345 ж.б.д.д) Аристотель (384-322 б.д.д.). Олар экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді т.б. шешуге талпынған.

Экономика сөзі грек тілінің «үй шаруашылығын жүргізу» деген сөзінен шыққан. Экономика - әртүрлі елдердің өндірісінде, шаруашылықтарында тәжірибелік шаруашылық қызмет б.т. Үй шаруашылығы мен экономиканың арасында көп ұқсастық бар. Үй шаруашылығында да біз отбасылық бюджетті, адамдардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, ресурстарды бөлеміз. Қоғам техника мен технологияның дамуына байланысты белг-бір ресурстар қорына ие. Және ол бүкіл қоғам мүшелеріне сол миллион үй шаруашылықтар мен фирмалар арқылы іске асады.

2. Экономикалық заңдар – өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамның еңбек-қызмет процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық теорияда экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды зерттейді.

Экономикалық категориялар – қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.

Экономикалық заңдардың әрекет етуі үшін адамдардың қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

Қажеттіктер бұл қанағаттандыруды тілейтін, өмір сүруді және және организмді дамытуды қамтамасыз ететін, адамның жеке басын дамыту үшін қолданылаты объективтік керектік б.т. Адамның қажеттіктері көп түрлі болады. Американдық ғалым А.Маслоу бойынша төменгі сатыдағы материалдық қажеттіктерден бастап, жоғарғы сатыдағы рухани қажеттіктер былай орналасады.

1) физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке т.б.);

2) қауіпсіздік қажеттікиері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан т.б.);

3) әлеуметтік байланыстарға деген қажет-р (сүйіспеншілікке, кейбір топтардың мүшесі болуға);

4) өзін-өзі сыйлап, қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға)

5) өзін-өзі мадақтауға қажеттіктер.

Экономистердің міндеті:

- адамдардың шешімге келу процесін зерттеу: олар қанша жұмыс істейді, қанша сатып алады, не сатып алады, қалай қор жинайды және оларды қайда салады.

- Адамдардың сатушы сатып алушы, депозитор инвестор, кредитор кредит алушы қатынастарында зерттеу.

- Экономикаға жалпы әсер ететін факторлар мен тенденцияларды зерттеу.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 664 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...