Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тауарлық өндірістің экономикалық заңдары. Бағалар мен тарифтер



Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында – байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім түрінде болған. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалығы,

Заттың пайдалығы, оның өзіне тән белгілі-бір физикалық не басқа да қасиеттерінің арқасында адамдардың белгілі-бір қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалығын құрайды

Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қгоғамдық бағалықты иемденген және айырбасқа арналған арналған заттар немесе қызметтер. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектісіне айналуға тиіс. Яғни, айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құқына ие болады.. белгілі бір сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.

Тауардың құны туралы теориялар:

1 К.Маркстің еңбектік құн теориясы. Құн тауарға сіңген тауар өндірушілердің қоғамдық еңбегі болып белгіленеді.

2. Құн және баға тауарлардың шекті пайдалығының және олардың сиректігінің туындысы болып табылады. Қордың ең ақырғы бірлігінің пайдалылығы немесе игіліктің шекті пайдалылығы осы тауардың құнының көлемін белгілейді. Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің адамның белгілі-бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі-бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.

Тұтыну бағалығы – бұл заттың пайдалығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті.

Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын алады.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 691 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...