Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Күріш



Жаңа жиналған күріш әдетте жоғары ылғалдылығы болады, бұл оның спефикалық шарттармен өсірілуі және кеш мерзімді жинаумен түсіндіріледі. Күріш суарылатын жерлерде өсіріліп қыркүйекте-қазанда жиналады. Күріш өскен болып 95-98 % барлық дәннің піскен және сонымен қоса дән ылғалдылығы 20-23% құрайды. Алайда жинауды ертерек бастайды, себебі күріш ылғалдылығы 25% жоғары болады.

Күріштің сапасын сақтау шарты бойынша оның ылғалдылығының төмендеуі кептіргіштен бір рет өткенде 2,0-2,5% аспауы қажет.

Бұл талаптарды орындамау және интенсификация әрекеті дән сапасын лезде нашарлауына әкеледі.

Сапа бойынша қанағаттандырлық қорытынды аралық бидайды жатқызудан кейін циклдік кептіруде жетеді. Сонымен қоса шахтыда ылғалды дәннің болу ұзақтығы 15-30 минут шектелуі жәнеоның әрбір өткізуде 2-3% төмендеуі керек. Дән кептіргіштен шыққаннан келесі өткізуге дейін жатқызу үшін, бункерде 12-24 сағат аралығында жатуға тиісті. Жатқызу кезінде дәннің қосымша ылғалдылығын төмендету үшін, оны желдететін бункерде 1 тонна дән үшін салыстырмалы атмосфералық ауа беру ұсынылады.

Күрішті жатқызу кезінде активті желдетуді қолдану, дәннің кептіргіштен өткізу санын төмендетеді және сонымен оның өнімділігін жоғарлатады.

Кептіргіште кептіргіш ретінде суытқыш камерасын қолдану және активті қондырғыларда кептірілген күрішті суыту дәнкептіргіштің өнімділігін 15% жоғарлатуға болады. Бұндай жағдайда кептіргіште күрішті кептіру 16-17% ылғалдылықта аяқтауға болады.

Алайда айта кететін бір жағдай құрама кептіру тәсілін активті желдетумен қолдану елеулі электроэнергия шығынын талап етеді.

Күріш дәнін циклді кептіру толық қанағаттандырлық сапаны қамтамасыз етеді. Бірақ жұмысты ұйымдастыру мен техникалық құралдар үлкен және қымбат болып келеді. Дәннің жатуы үшін силостар сыйымдылығы шамамен күндізгі кептіргіш өнімділігінен 8-10 есе үлкен үшін болып, транспортты коммуникацилар қиын, олар қосымша желдеткіш жабдықтарын талап етеді. Елеулі қиындықтар жоғары ылғалды күріштің келіп түскеннен кейін туындайды.

Тураматік кептіргіштер дән партиясын кептіру алдында ылғалдылық 2% жоғарыны араластыруға жібермейді. Осыған байланысты бұндай дәнді өндіру бойынша бірнеше технологиялық сызықтар жасау міндетті. Соңында шахтылы кептіргішке тән әркелкі қыздыру және дәнді кептіру оның сапасының төмендеуіне әкеледі.

Рециркуляционды кептіру технологиясы эффектірек. Ол дәннің қыздыру, суыту циклінің кезектесуіне негізделген, бірақ тураматік кептіргіште кептіру алдында бірнеше қатар артықшылығы бар.

Рециркуляционды кептіргіште дәннің құрғауы құрама конвективті-контакты тәсілімен жүріп ылғалдың көп бөлігі оның сууы кезінде дәнмен бірге буланады.

Конвективті жылуалмасу зонасында дәннің болуы минимумға және бір циклда кептіру 1,0-1,5% ылғалдың төмендеуі аспауы керек.

Тары.

Тары дәннің кептіру объект ретінде басты ерекшеліктерінің бірі қызуға жоғары сезімталдығы, қабаттың бөлінуі мен ядроның зақымдауына бейім.

Бұл жағымсыз құбылыстар тарыны 40 ºС дейін қыздыру кезінде байқалады және кептіру кезінде төмен температуралық режимдерді қолдануды қажет етеді.

Тарыны дәндік массасының төмен сусымалдығы елеулі рөл атқарып, кептіру агентінің қозғалысын тежеп және ылғалдың булануын ақырындайды. Тарыны дәннің құрылым ерекшелігі кептіруде елеулі маңыздылығы бар. Қабат пен ядро арасында азғана ауалық қабат бар. Тары ядро құрымына борпылдығына қарамастан ол кептіру процесін ақырындатады.

Бұл дақылдар бидайға қарағанда аса сусымалы витания жылдамдығы тары кептіру үшін арнайы кептіргіштің дайындығын талап етеді.

Азғана тары партиясын кептіру К4-УСА және К4-УС2А қозғалмалы дәнкептіргіште қолданған жөн.

Тарыны кептіру кептіргіш агентінің температурасының 80/100 ºС жоғарлауымен екібаспалы режимді қолдану ұсынылып және дәннің максималды қызуы 40 ºС дейін тарының кептіргіште бір рет өткенде ылғалдылықтың төмендеуі 2-3% аспауы тиісті.

Үлкен тары партиясын рециркуляционды кептіргіште кептіру алдын-ала дәнді қыздырудың кептіру режимдерінің бастапқы ылғалдылығына тәуелді дифференцирленген. Тары ылғалдылығының 20% дейін 300 ºС жоғары емес температурада кептіру агентінде кептіріледі, дәннің максималды қызу температурасы 50 ºС.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1188 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...