Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып: Астық түйірлерін кептіру міндеттері мен тапсырмалары



Дәріс жоспары:

1. Астық түйірді ылғалсыздандыру үшін қолданылатын технологиялық қабылдаудың маңызы, қасиеті және жіктелуі.

2. Астық түйірін кептіру режимі

3. Астық түйірді кептіргіштердің негізгі түрлерінің жұмысын функциональды-параметрлік схемасы.

4. Кептірудің жүрі сипаттамасы және оған анализ жасау

Дәріс мақсаты: Кептіру технологиясы мен техникасының жіктелуіне сипаттама беріледі, сонымен қоса, ылғалсыздандырудың қазіргі кездегі технологиялық схемасы қарастырылады.

Өнімде сапа ұғымы бірінші тауарлық көрсеткішін немесе тауар-тұтынушылық сәйкестігін көрсетеді, содан кейін адам ағзасындағы физиологиялық қажеттігін қанағаттандыратын өнімнің мүмкіндігі қаралады. Өнімнің қасиетінің көрсеткіші (физикалық, химиялық, технологиялық, биологиялық және т.б.) оның тауар-тұтынушылық қабілетін мен сапа деңгейін (экстра, жоғары, бірінші, екінші т.б.) сипаттайды.

Биологиялық көрсеткішіне байланысты өнімнің қасиеті адам ағзасына тигізетін пайдасы болып табылады. Өнім сапасының адам ағзасына кері әсер беруі де кездесіп отырады.

Бір өнім өту-сұраныс жағынан өте жоғары болса да, адам ағзасына биологиялық тұрғыдан зиянын тигізеді. Осы өнімдерге арақ, шылымды т.б. жатқызуға болады.

Аса жоғары дәрежеде өнімді тазалау немесе рафинация жүргізу өнімнің табиғи қасиеттері жағынан адам ағзасына тигізетін биологиялық үлесін төмендетеді. Мысалы, рафинацияланған өсімдік майында биологиялық активті заттар аз, ал «экстра» тұзында йод қосындысы бұзылған болса, қара ұннан пісірілген нанда ақ ұннан пісірілген нанға қарағанда В тобындағы дәрумендер (витаминдер) мөлшері мен минералды тұздар көп болады. Сонымен өнімнің сапасы аса жоғары болса, оның биологиялық қасиеті төмендеу болады.

Өнімнің тағамдық қасиеті сапалылығы, энергетикалық құндылығы, органолептикалық (сенсорлы) және физиологиялық немесе биологиялық қасеттерімен сипатталады.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 624 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...