Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тораптың соңындағы деректер бойынша есептеу



Тіректі алғашқы деректер болатындар торап соңындағы кернеулер U3 және түйіндердегі жүктемелер S1 және S3. Бұл жағдайда қорек көзінен ең қашық түйіндегі токты дәл анықтауға болады:

бұл тізбектеп жасалынатын біртипті есептердің бір сериясының нәтижесінде электр режимінің параметрлерін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Есеп бір кезеңде тораптың соңынан (3 нүкте) оның басына (А қорек көзі) айланнан айланға кезектесіп өтіп жасалынады. Мұнда кернеудің құлауларын, әр айландағы қуаттың шығындарын, ал олар арқылы жақын түйіндегі кернеуді және айланның ағын таралуын анықтайды.

Белгілі кернеуде U3 және трансформация коэффициентінде ЖК келтірілген жүктеме тогы және кернеу тең , ал қуаттар трансформацияға дейін және кейін бірдей, яғни

Кедергісі Z3 трансформатордың орамдарындағы кернеудің құлауы жүктеменің берілген сипатында (cosφ) I3

Желілік кернеулерге өткенде

(7.13)

Егер I3 тогын және оның қосындыларын 2 жүктеменің белгілі қуаты арқылы өрнектесе, жазуға болады

(7.34)

Жүктеменің сыйымдылық сипатында (7.33) және (7.34) формулаларында және осында келтірілген оларға ұқсастарда реактивтік токтың Ip немесе реактивтік қуаттың Q алдындағы таңбаны өзгерту керек.

Әдетте, соңындағы кернеу U3 айғақты шамамен беріледі, яғни егер U3 векторын айғақты шамалардың өсімен сыйыстырса, онда U3 = U= U3, онда

Онда токтың айланның басынан соңына бағытын ескеріп

(7.35)

(7.35) өрнегіне 7.6 сур. векторлық диаграмма сәйкес келеді.

(7.35) сәйкес, 2 нүктедегі кернеудің модулі (мәні) тең болады

7.6 суреті – Тораптың 2 – 3 айланы үшін кернеулер мен

токтардың векторлық диаграммасы

2–3 айланындағы кернеу құлауының көлденең құраушысының есебінен болатын кернеудің фаза бойынша ығысуын 7.6 сур. сәйкес өрнекпен анықтайды

Белгілі U3 - те трансформатордың Z3 кедергісіндегі қуаттың шығындарын анықтайды

одан қуаттың активтік және реактивтік шығындары

Онда, 2–3 айланының басындағы қуат

S2н3 қуатының ағынын есептеумен тармақталмаған тораптың 2 – 3 соңғы айланының электрлік режимін есептеу аяқталады. Нәтижесінде келесі айланды есептеу үшін барлық қажетті деректер белгілі болып қалады. Бұл айлан соңындағы деректер бойынша есепті дәл кедергісі Z3 сұлбасының соңғы айланының режимін жасағандай орындауға мүмкіндік береді.

1–2 (W2 желісі) айланының есебін 2 – 3 айлан үшін бұрын келтірілген формулалармен жасайды. Мұнда U2 векторы қайтадан айғақты шамалардың өсімен біріктіріледі. S1к2 қуатын 1–2 айланның соңында есептеу үшін U2 есептелген кернеуімен 2 түйінде қосылған шунттардың қуатын анықтау керек (трансформатордың және W2 желісі жартысының бос жүріс шығындары)

Соңғы өрнекте тәжге кететін шығындар және W2 желісінің соңындағы зарядтық қуат анықталады. Онда 1–2 айланның соңындағы қуат (W2 желісі):

(7.36)

2 түйіндегі U2 кернеудің модулін біле отыра, кернеудің құлауын есептеуге болады

және W2 желісіндегі қуаттың шығындары

W2 желісінің басындағы қуат пен кернеу:

U1 кернеуінің модулін есептеу U2 модулін анықтауға ұқсас, яғни

U1 және U2 кернеулері фазаларының бір – біріне байланысты ығысу бұрышы δ'1 болады (7.7 сур.)

Бірақ U2 векторының айғақты өспен бірігуін ескеріп, U1 кернеуінің фазасын U3 векторына байланысты (айғақты шамалардың өсі) бұрыштардың қосындысымен (δ1 = δ2 + δ′1) анықтайды.

Осыған ұқсас осы тораптың бас айланы үшін есептерді жүргізеді. Теңгергіш көзіндегі UА кернеуі U1 – ден шамасы және фаза бойынша айырмашылығы бар. Қарастырылған есепте тораптың әр айланының соңында алынған кернеулер айғақты өспен біріктіріледі. А – 1 айланының UА кернеуін алу үшін есептеу өсі 1 – 2 айланының өсіне байланысты фаза бойынша δ'1 ығыстырылған. Бұл қарастырылған электр торабы кернеуінің векторлық диаграммаларымен сипатталады (7.7 сур.).

7.7 суретінен көрінетіні, А қоректендіруші көзіндегі кернеу U3 берілген кернеуінен әр айланның басы мен соңындағы кернеулердің фазасы бойынша ығысуды анықтайтын бұрыштар қосындысына тең бұрышқа айырмашылығы бар:

7.7 суреті – Үш айланнан тұратын торап үшін кернеулердің векторлық диаграммасы (торап соңындағы деректер бойынша есептеу)

Жалпы жағдайда m тізбектелген айландардан тұратын тармақталмаған торап соңының деректері бойынша есептеу үшін қоректендіруші түйіннің кернеу фазасын бұрыштар қосындысы түрінде жазуға болады:

(7.37)





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 415 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...