Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Адам және қоғам



Мақсаты: Студенттердің қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуге, табиғатты сүюге баули отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, шағын мәтін құрастырыңыз:

Ұлт, туған жер, жасы, балабақша, қалаған мамандық, ата-ана, ән салу, домбыра тарту, гитара тарту, спортпен айналысу, көңілді өткізу, қыдыру, демалу, сабаққа дайындалу, тыңдау, көру, жазу.

2-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңыздар:

- Танысып қоялық, менің атым – Арман.

- Өте жақсы. Ал менің атым – Ботагөз.

- Атың да, өзің де жақсы екенсің. Айып болмаса, жасың нешеде?

- Ешқандай айыбы жоқ. Менің жасым – 18-де.

-Мен де 18-демін. Мен Қарағандыдан келдім. Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану факультетінде оқимын. Ал сен ше?

- Мен де осында оқимын.

- Мамандығың қандай?

- Мамандығым – шет тілінің мұғалімі.

- Ботагөз, сен қай жақтансың?

- Мен жергіліктімін.

- Сабақтарың қиын емес пе?

- Біздің сабағымыз өз қиындығымен қызықты.

- Сен қай көшеде тұрасың?

- Мен Бейбітшілік даңғылында тұрамын. Арман, сен жатақханада тұрасың ба?

- Мен ақылы бөлімде оқимын, ал жатақханада көбіне грант арқылы оқуға түскен студенттер тұрады. Ал мен пәтер жалдап тұрамын. Пәтерді жалға беруші жақсы, мейірімді адам. Ол – зейнеткер. Бұрын көп жыл балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Сондықтан да болар, біздерді де өз баласындай көреді. Ботагөз, сенің отбасың үлкен бе?

- Жоқ, менің отбасым онша үлкен емес. Ата-анам, екі әпкем, бір інім бар. Ал, сенің отбасың қандай, Арман?

- Менің отбасым үлкен. Атам бар, әкем, анам, бір ағам, үш қарындасым және кішкентай інім бар. Інімнің аты – Кенжебек. Біз бәріміз оны өте жақсы көреміз. Оның қылығы, сөзі тәтті.

- Арман, сенімен танысқаныма қуаныштымын. Міне, менің түсетін аялдамам да болды. Сау бол.

- Ботагөз, мен сенімен әлі кездесемін деп ойлаймын. Жарайды, жақсы, жолың болсын. Көріскенше!

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз:

1. Менің жас… он жеті… 2. Мен биыл оқу… түс… 3. Қолым бос кезде қыдырғанды ұната… 4. Маған жыл мезгілдерінен көктем ұнай… 5. Көктемде табиғат құлпыра…, күн шуағын төге…6. Айнала жап-жасыл болады, түрлі гүлдер жайқала… 7. Алайда жыл… барлық мезгілі өзінше әдемі. 8. Сабақты кейде табиғат аясында отырып оқыған да жақсы деп ойлай… 9. Туған жерімді, ата-анам мен бауырларымды сағын… 10. Сағыныш – адамзат… тән ұлы сезім.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1059 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...