Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері



Мемлекеттік тілді еркін меңгеру үшін қазақ тілінен орта мектеп, лицей, гимназия деңгейіндегі лексикалық минимум мен грамматикалық құрылысы жөнінде алғашқы білімі болуы керек (В2 - негізгі стандартты деңгей) және жоғары оқу орнындағы қазақ тілі курсының толық бағдарламасын меңгеруі тиіс (С1 – негізгі стандарттан жоғары деңгей);

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, морфологиясы, синтаксисі, қазақ тілінің стилистикасы, қазақ тілін оқыту әдістемесі, кәсіби бейімді лексикалар мен мамандыққа қатысты терминдік сала (С-2 – негізгі стандарттан жоғары деңгей).

5) Пәннің сипаттамасы:

5.1. Пәннің оқу үдерісіндегі орны:

Бүгінгі таңда қазақ тілін өзге аудиторияда оқыту-үйрету барысында барынша кәсіби бағдар беру, оқу материалын мамандыққа сай құру, өз саласына бейімдеу, бір сөзбен айтқанда, «кәсіби қазақ тілін» жетілдіру мақсаты – уақыт талабына айналып отыр.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар жүйесі тіл үйренушіні бастапқы кезеңде алған білімін тереңдетуге, жаңа лексиканы (кәсіби лексиканы) талдап-меңгеруге, өз көзқарасын танытуға бағыттайды, бейнелі, астарлы қазақ сөзінің байлығын меңгеруге жетелейді. Тілді – ой-пікір білдіру, түсінісу құралын – жетілдіру, коммуникативтік мақсатқа қол жеткізу үшін мәтінмен жұмыс, трансформациялық жаттығулар, диалогтық сөйлесу мен монологтық ой қорыту; кәсіби бағдар беру, мамандық тілін қалыптастыру мақсатында терминдер мен кәсіби сөздер, синтаксистік құрылымдарды меңгерту; ақпараттық-танымдық деңгейін көтеру мақсатында қосымша деректермен қамтамасыз ету.

5.2. Мақсаты:

Қатысымдық, танымдық, тәрбиелік мақсат бірлікте алынады:

- қарым-қатынас құралы – тілді меңгеруді жетілдіре түсу;

- өз мамандығын игеруде қазақ тілі мүмкіндігін жете пайдалану;

- мамандыққа сәйкес белсенді лексика мен терминдерді меңгеру арқылы нақты тілдік ортада тілдік қызмет ситуацияларына бейімдеу;

- коммуникативті мақсатта берілген тапсырмалар, жаттығулар негізінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

5.3. Пәннің міндеттері:

- тілдік қызметтің барлық түрлерін өзара байланыста оқыту;

- тілдік құралдар арқылы кәсіби бағытта негізгі сөйлеу әрекетінің міндеттерін шешуге; пікір білдіре алу, мақұлдау, қарсылық білдіру, мәлімет беру, хабарлай алу, оқиға, құбылысқа сипаттама, баға бере білуге қол жеткізу;

- коммуникативті міндеттерді жүзеге асыру үшін тілдің функционалдық жүйелерін меңгеруді басшылыққа ала білу, яғни функционалдық жүйелерді дұрыс қолдануды жетілдіре түсу;

- кәсіби мәтін мен қосымша танымдық материалдарды меңгеру арқылы тілдік, қоғамдық ортаға бейімдеу.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1211 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...