Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орытынды бақылау сұрақтары



1. Тіршілік негіздері.

2. Есімше. Көсемше.

3. Адам және қоғам.

4. Денсаулықты сақтау.

5. Шарт мәнді қатынас. Шартты рай.

6. Су – тіршілік көзі.

7. Модальдық мағына (дұрыс, жөн, абзал).

8. Қазақстан табиғаты.

9. Қазақстан қорықтары.

10. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.

11. Объектілік қатынас

12. Отандық биология ғылымы.

13. Себеп бағыныңқы сөйлем

14. Биотехнология XXI ғасыр ғылымы.

15. Модальдылық мағынаның берілуі.

16. Өсімдіктер биотехнологиясы.

17. Төл сөз, төлеу сөз

18. Гендік инженерия – ХХ ғасыр жемісі.

19. Ауыспалы осы шақ.

20. Химияның даму заңдары.

21. Өзгелік етіс.

22. Д.И. Менделеев периодтық заңының құрылуы.

23. Бұйрық рай.

24. Ферментациялық технологиялар.

25. Мақсат мәнді құрылым.

26. Болымсыздықтың берілуі жолдары

27. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

28. Қарсылық мәнді қатынас.

29. Д.И. Менделеев тұжырымдары.

30. Сөйлем мүшелері.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілінен берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Өздері оқыған кәсіби тақырыптарына байланысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мамандығына қатысты лексиканы игерту ауқымында салалық терминологияны меңгереді. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады. Тақырыпқа қатысты түрлі реферат, мәлімет, ақпараттар дайындау олардың өз бетінше ізденуіне, қазақша ойлау қабілетін ұштауына көмектеседі. Сонымен қатар мамандығына қатысты тақырыптар арқылы жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына көмектеседі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған өздік жұмыстары олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тақырыптар мен тапсырмаларының жоспарлануы:

Апта БӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары БӨЖ сағат саны БӨЖ ұйымдастыру формасы
1 апта Тіршіліктің жасыл тірегі. БӨЖ – 4 сағ. Шығарма
2 апта Өмір құндылықтары. БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
3 апта Салауатты өмір салты   БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
4 апта Суды үнемдеу. БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
5 апта Табиғат байлықтары. БӨЖ – 4 сағ. Шығарма
6 апта Қазақстан қорықтары. БӨЖ – 4 сағ. Шығарма
7 апта Ғылымның дамуы – өркениеттің дамуы. БӨЖ – 4 сағ. Эссе
8 апта Биологиялық өзгерістер. БӨЖ – 4 сағ. Эссе
9 апта Биотехнологияның жетістіктері.   БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
10 апта Дәрілік өсімдіктер.   БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
11 апта Гендік инженерия әлеміндегі жаңалықтар БӨЖ – 4 сағ. Реферат
12 апта Химия тұрмыста.     БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
13 апта Д.И. Менделеев тұжырымдары.   БӨЖ – 4 сағ. Реферат
14 апта Ғылыми ізденістер.   БӨЖ – 4 сағ. Ауызша
15 апта Табиғатты аялай тіл. БӨЖ – 4 сағ. Жазбаша

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәнінен мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде берілген тапсырмаларды орындайды. Білімгерлердің кәсіби тақырыптарына байланысты мамандықтарына қатысты лексиканы меңгеру негізінде салалық лексиканы меңгереді. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікірлесу, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорлары молайып, жетік меңгеруге дағдыланады. Сонымен бірге мамандығына қатысты тақырыптар негізінде түрлі жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына ықпал етеді.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу арқылы олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

1-САБАҚ





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 2053 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...