Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

4 страница. 4. Тектоникалық аудандастырудың қандай принциптерін (сұлбаларын) білесіз?



4. Тектоникалық аудандастырудың қандай принциптерін (сұлбаларын) білесіз?

5. Тектоникалық аудандастыру нәтижесінде континенттік литосфера (жер қыртысы) бетінде қандай құрылымдар дараланады? Олардың бір-біріне иерархиялық бағыныштылығы қандай?

6. Қазақстанның негізгі тектоникалық құрылымдарын атаңыз.

7. Каледонидтер дегеніміз не? Герцинидтер ше? Киммеридтер, әлпидтер дегенді қалай түсінесіз?


3.1-сурет. Қазақстанның Орал-маңғол қатпарлы белдеміне тиесілі бөлігін тектоникалық аудандастыру сұлбасы (В.Ф. Беспалов бойынша).

1-4 - шекаралар: 1-Қатпарлы облыстар және көне платформалар, 2-қатпарлы жүйелер және орталық массивтер, 3-жас платформалар тақталары, 4 - үшінші реттік тектоникалық пішіндер; 5- карель қатпарлы облысы (көне платформалық тыс); 6-9-каледондық қатпарлы облысы: 6- антиклинорийлер өзектеріндегі байкалдық кешені, 7 - геосинклиндік кешен және төменгі моласса, 8 - жоғарғы жанартаулық моласса, 9- үстемеленен ойыстар кешені (о -шөгінді, б - жанартаулық); 10-13 -герциндік қатпарлы


облыстары: 10 - байкалдық, 11 - антиклинорийлер өзектеріндегі төменгі палеозой кешені; 12 - геосинклиндік кешені (о -шөгінді, б-жанартаулық); 13-жанартаулық моласса; 14 -жас платформа облысы; 15, 16 - әлпілік қатпарлы облысы: 15 - қатпарлы жүйелер кешені, 16 - жаңа геосинклиндік ойыстар. Бірінші және екінші реттік тектоникалық құрылымдар. Карельдік қатпарлы облысы: А - Шығыс-Еуропа платформасы, I - Орыс тақтасы, И-Каспий маңы ойпаты. Каледондық және герциндік қатпарлықтар: Б - Қазақстан қатпарлы облыстары. Каледондық қатпарлы жүйелер мен орталық масивтері. Орталық массивтер: III– Орал-Қазақстан (Торғай), IV - Шу (Мойынқұм), IV-Теңіздік, V -Ақбастау, Va -Баянауыл, VI -Ыстық көл, VII – Сарыжаздық. Қатпарлы жүйелер: VIII–Шыңғыс-Тарбағатай, IX- Ерментау–Іле Алатауы, X-Ұлытау–Орталық–Тянь-Шань, X–Солтүстік-Тянь-Шань, XII—Торғай. Герциндік қатпарлы жүйелері мен орталық массивтері: XIII—Балқаш (Атасу-Жоңғар).

Қатпарлы жүйелер: XIV–Жоңғар-Балқаш. Алтай-Саян қатпарлы облысы. Каледондық қатпарлы жүйелері: XV—Таулыалтай, XVI—Батыс-Саян, XVII —Жалаир.

Герциндік қатпарлы жүйесі: XVIII- Кенді Алтай. Г– Орал-Оңтүстік-Тянь-Шань қатпарлы облысы. Герциндік қатпарлы жүйелері мен орталық массивтер. Орталық массивтер: XIX -Мұғалжар, XX–Солтүстік-Үстірт, XXI — Орталық-Каспий, XXII—Қарақұм, Қатпарлы жүйелер: XXIII –Орал, XXIV —Маңғыстау, XXV–Оңтүстік-Тянь-Шань. Д-Обь-Зайсан Қатпарлы облысы. Тақталар: Ж—Батыс Сібір, 3—Тұран, И—Скиф.

4 – зертханалық сабақ

Тақырыбы:Қазақстан аумағындағы жер қыртысының аймақтық мезозой-кайнозойлық геологиялық-құрылымдық элементтерінің сұлбасын құрастыру және оған қысқаша түсініктеме жазу (2 сағат).

Тапсырма:Қазақстанның контурлық физикалық картасының бетінде республика аумағындағы жер қыртысының аймақтық мезозой-кайнозойлық геологиялық-құрылымдық элементтерінің сұлбасын құрастырыңыз және оған қысқаша түсініктеме жазыңыз (Түсініктеме жеке параққа жазылып, құрастырылған сұлбаға тіркеледі, немесе бүкіл зертханалық жұмыстардың түсініктемелерін жазуға бір жұқа дәптер (оқушы дәптерін) арнауға болады).

Көрнекі құралдар:Қазақстан аумағында аймақтық мезозойлық-кайнозойлық геологиялық-құрылымдық элементтердің орналасу сипаты (4.1-сурет).

Сабақтың мақсаты.Студенттерді республикааумағындағы аймақтық мезозойлық-кайнозойлық геологиялық-құрылымдық элементтермен таныстыру.

Әдістемелік кеңестер.

Қазақстанның контурлық физикалық картасының бетіне жер қыртысының аймақтық мезозой-кайнозойлық геологиялық-құрылымдық элементтерінің шекараларын 4.1-суретке сәйкес түсіріңіз, осылайша құрастырылған сұлбаның түсініктемесін төменде берілген материалдар негізінде хаттаңыз. Картада триас кезеңіне дейін түзілген таужыныстардың ашылу өңірлері, әлпілік эпиплатформалық орогендік белдеудің тауалды ойыстары, аймақтық мезозой-кайнозойлық құрылымдық элементтердің шекаралары белгіленеді. Әрбір дараланған құрылымдық элемент римдік санмен белгіленеді, олар мыналар:

I Қазақ қалқаны;

II Мұғалжар көтерілімі;

III Ертіс маңы синеклизасы;

IV Солтүстік Торғай ойысымы;

V Үстірт үстірті;

VI Каспий маңы синеклизасы;

VII Республиканың оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірлеріндегі эпиплатформалық орогендік белдеу

Қазақстандық аймақтық MZ-KZ-лық құрылымдары сұлбасының түсініктемесі

Палеозойдың аяғында, мезозойдың басында Орал-Моңғол белдеуі ауқымында қарқынды тектоникалық қозғалыстар мен магматизм процестері тәмамдалып, жас платформа қалыптасты. Бұл платформа Шығыс Еуропа және Сібір платформалары деп аталатын көне платформаларды бір-бірімен тұтастыра отырып, тұтас Еуразия материгінің қалыптасуына жағдай жасады.

Осының нәтижесінде мезозой және кайнозой эраларында Қазақстан аумағында бірнеше аймақтық көтерілімдер мен ойыс аймақтар қалыптасты. Көтерілім құрылымдары ретінде Қазақ қалқанын және Мұғалжар көтерілімін, ал ойыс аймақтар ретінде Тұран тақтасы мен Оңтүстік Торғайды және Ертіс маңы синеклизасы мен Солтүстік Торғай өңірін атауға болады.

Қазақ қалқаны қатпарланған палеозойлық таужыныстар жер бетінде ашылған алып аймақты қамтиды, оны кейде Қазақ ұсақшоқылары деп те атайды. Ол өз ауқымына Көкшетау, Ұлытау, Қарсақпай, Шыңғыс- Тарбағатай жоталарын, өзге де ірілі-ұсақты жоталар мен шоқыларды қамтиды. Бүкіл Орталық Қазақстан осы қалқан аумағында. Қазақ қалқаны жалпы алғанда көтерілім аймағы бола тұрса да оның ауқымында жекелеген аймақтық және жергілікті ойыстар да ұшырасады (Теңіз, Оңтүстік Балқаш т.с.с. ойыстар). Бұл ойыстарда қатпарланған палеозойлық жаралымдар платформалық тыс рөлін атқаратын мезозой-кайнозой түзілімдерімен көмкерілген. Бұлардан өзге шағын мульдалар мен грабен-синклиндер да жиі ұшырасады.

Мұғалжар көтерілімі географиялық тұрғыдан Мұғалжар герциндік қатпарлы жүйесіне сәйкес келеді. Бұл көтерілім де қатпарланған палеозойлық жаралымдардан тұрады. Геоморфологиялық тұрғыдан бұл көтерілім де ірілі- ұсақты жоталар мен ұсақшоқылар құрайды.

Ертіс маңы синеклизасы Батыс Сібір эпипалеозойлық тақтасының оңтүстіктегі жалғасы болып табылады. Ол Қазақ қалқанының солтүстік жапсарында орналасқан. Бұл синеклиза ауқымында MZ-KZ шөгінділері платформалық тыс рөлін атқарады, яғни Қазақ қалқанының қатпарланған палеозойлық жаралымдары (кристалдық іргетас) синеклиза ауқымында платформалық тыс шөгінділері астына қарай сұғына енеді.

Солтүстік Торғай ойысымы солтүстігінде Батыс Сібір тақтасының оңтүстік бөлігі болып табылатын Ертіс маңы синеклизасына ұласады, оңтүстік шекарасы Арал теңізінің солтүстігінде шартты түрде Тұран тақтасының солтүстік бөлігімен жапсарласады. Ол батысында Мұғалжар көтерілімімен, шығысында Қазақ қалқанының палеозоидтерімен шектеседі. Бұл құрылымның кристалдық іргетас рөлін қатпарланған төменгі палеозой жаралымдары атқарады, платформалық тыс рөлін жоғарғы палеозой, мезозой және кайнозой түзілімдері құрайды.

Тұран тақтасы өзінің геологиялық құрылыс ерекшелігі түрғысынан Ертіс маңы синеклизасына ұқсас, яғни мұнда да MZ – KZ платформалық тыс рөлін атқара отырып, горизонталь жатқан шөгінділерден тұратын болса, қатпарланған палеозойлық жаралымдар аталған тыс астындағы кристалдық іргетас рөлін атқарады. Тұран тақтасы батысында Каспий теңізінің шығыс жағалауларынан басталып, шығысында Арал теңізінің алабына дейін созылады. Далалық Маңғыстау өңірі, Бозащы түбегі, Үстірт үстірті, Сырдария өзенінің төменгі ағысы және Арал теңізінің алабы осы Тұран тақтасының ауқымына кіреді. Тақтаның қиыр шығысында Шу-Сарысу ойысы дараланады, ол тақтаның батыс бөлігінен Қаратау жоталары арқылы оқшауланады.

Каспий маңы синеклизасы республиканың батысында теңөлшемді (изометрлік) құрылым түрінде көрініс береді. Ол Шығыс Еуропа көне платформасы деп аталатын алып құрылымның Орыс тақтасы деп аталатын құрамдас бөлігінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі шет-пұшпағы (фрагменті) болып табылады. Синеклиза шығысында Мұғалжар көтерілімінің батыс жапсарымен шектеледі, оңтүстік–оңтүстік-шығыс шекарасы Тұран тақтасының солтүстік-батыс жиегімен жапсарласады. Синеклиза негізінен Каспий теңізі алабының солтүстік жағындағы ауқымды алқапты алып жатыр. Синеклизаның кристалдық іргетасы докембрийлік жаралымдардан құралған, оның платформалық тыс қабаты рифейден төрттік кезеңге дейін түзілген шөгінділер қимасынан тұрады.

Республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы эпиплатформалық орогендік белдеу Тянь-Шань Алатауларын, Жоңғар Алатауын, Алтай тауларын біріктіреді. Бұл аймақ қарқынды қатпарланған каледондық және герциндік құрылымдардың кайнозой эрасының неоген кезеңінен бері жаңадан басталған тектоникалық белсенділік нәтижесінде биік-биік тау жоталарына айналуымен сипатталады.

4- зертханалық жұмыс бойынша бақылау сұрақтары.

1. Қазақстан аумағындағы палеозойлық таужыныстардың ашылымдары қандай мезозой-кайнозойлық құрылымдар түрінде көрініс береді?

2. Қазақстан аумағындағы әлпілік эпиплатформалық белдеу ауқымында қандай орографиялық элементтер көрініс береді?

3. Қазақстанның теріс мағыналы мезозой-кайнозойлық құрылымдарын сипаттап беріңіз.


4.1-сурет. Қазақстан аумағында аймақтық мезозой-кайнозойлық геологиялық-құрылымдық элементтердің орналасу сипаты

Шартты белгілер: 1-ортаңғы триасқа дейін түзілген таужыныстардың ашылу өңірі; 2-әлпілік эпиплатформалық орогендік белдеудің тауалды ойыстары; 3-аймақтық мезозой-кайнозойлық құрылымдық элементтердің шекаралары


№5 зертханалық сабақ

Тақырыбы:Қазақстанның негізгі мезозой-кайнозойлық құрылымдарының сұлбасын құрастыру және оған қысқаша түсініктеме жазу (2 сағат).

Тапсырма:Қазақстанның контурлық физикалық картасының бетінде республика аумағындағы жер қыртысының негізгі мезозой-кайнозойлық құрылымдарының сұлбасын құрастырыңыз, шартты белгілерінің мәтінін жазыңыз (А.А.Абдулиннің кітабы бойынша, 246-247 беттер) және сұлбаға қысқаша түсініктеме жазыңыз (Түсініктеме жеке параққа жазылып, құастырылған сұлбаға тіркеледі, немесе бүкіл зертханалық жұмыстардың түсініктемелерін жазауға бір жұқа дәптер (оқушы дәптерін) арнауға болады).

Көрнекі құралдар:Қазақстанның негізгі мезозой-кайнозойлық құрылымдарының орналасу сипаты (5.1-сурет).

Сабақтың мақсаты: Студенттерді республикааумағындағы негізгі мезозойлық-кайнозойлық құрылымдармен таныстыру.

Әдістемелік кеңестер:

Қазақстанның контурлық физикалық картасының бетіне республикааумағындағы негізгі мезозойлық-кайнозойлық құрылымдарды 5.1-суретке сәйкес түсіріңіз, олардың атауларын жазыңыз, сұлбаның шартты белгілерін рәсімдеңіз. Осылайша құрастырылған сұлбаның түсініктемесін төменде берілген материалдар негізінде хаттаңыз.

Қазақстанның негізгі мезозой-кайнозойлық құрылымдарының орналасу сұлбасының қысқаша түсініктемесі

Орал–Монғол қатпарлы белдеуі ауқымында қарқынды (геосинклиндік) қозғалыстар аяқталып, бұл алып аумақтың мезозой эрасының бас шенінде платформалық даму сатысына өткеннен кейінгі тарихын үш кезенге (сатыға) жіктеуге болады. Жас платформа дамуының ерте сатысы мезозой эрасының триас–юра кезендерін қамтиды. Бұл кезеңде платформа аумағы түгелге жуық (Таулы Маңғыстау өңірінен басқасы) платформалық даму сатысына өтіп, Тұран тақтасы мен Қазақ қалқаны дараланған. Екінші саты бор–палеоген кезеңдерін қамтиды. Бұл саты платформа дамуының ең түрақты сатысы, онша қарқынды емес платформалық қозғалыстар да бұл кезде мүлдем аз болған. Соңғы саты палеогеннің аяғын және неоген–төрттік кезеңдерді қамтиды. Бұл сатыда платформалық қозғалыстар қайтадан жанданған. Мұндай қозғалыстардың болғандығын теңіздердің қайтуынан (тартылуынан), аласа тау тізбектерінің жаралуынан көруге болады.

Сұлба бетінде төмендегі дараланған құрылымдардың атауларын жазыңыз: Каспий маңы синеклизасы; Орал (Мұғалжар) жотасы; Тұран тақтасы; Торғай синеклизасы (ойысымы); Батыс Сібір тақтасы; Солтүстік Қазақстан баурайы; Томск-Каменск антеклизасы; Құланды синеклизасы; Орталық Қазақстан қалқаны; Теңіз қазанойпаты; Шу-Сарысу ойысы; Балқаш ойысы; Лепсі ойысы; Алакөл ойысы; Зайсан ойысы. Бұлар MZ –KZ құрылымдары түрінде дараланған.

5-ші зертханалық жұмыс бойынша бақылау сұрақтары:

1. Қазақ қалқаны дегеніміз не? Оның стратиграфиясын, морылу қабатын, магматизмін, және тектоникалық ерекшелігін айтыңыз.

2. Мұғалжар көтерілімін сипаттаңыз, оның стратиграфиясын, морылу қабатын, магматизмін және тектоникалық құрылысын айтып беріңіз.

3. Ертіс маңы синеклизасы мен Солтүстік Торғай ойысымын сипаттайтын мезозойлық-кайнозойлық түзілімдер жайлы айтыңыз. Бұл өңірлердің морылу қабаты, магматизмі және тектоникалық құрылыс ерекшеліктері жайлы не білесіз?

4. Тұран тақтасы мен Оңтүстік Торғай ойысымын сипаттайтын мезозойлық-кайнозойлық түзілімдер жайлы айтыңыз. Бұл өңірлердің морылу қабаты, магматизмі және тектоникалық құрылыс ерекшеліктері жайлы не білесіз?

5. Әлпілік эпиплатформалық орогендік белдеудің құрамына қандай тектоникалық құрылымдар кіреді?


5.1-сурет. Қазақстанның негізгі мезозой-кайнозойлық құрылымдары (Ю.А. Волож, Б.С. Цирельсон т.б. бойынша)


Мезозойға дейінгі қатпарлы таужыныстар; 2 – Тау аралық ойпаттар; 3 – жарылымдар; 4 – жас платформалар мен орогенді эпиплатформалық обылыстар; 5 –Ірі қалқан, тақта шекарасы; 6 – антеклиз, күмбез, ойыстар; 7 – ойпаттар, күмбездер, ойысымдар, моноклиндер. Тыс құрылымы: 1 –Батыс Каспий маңы ойысы, 2-Теңіз маңы күмбезі, 3-Шығыс Каспий маңы моноклині, 4-Оңтүстік Каспий маңы моноклині, 5- Бозащы күмбезі, 6 – Бозащы ойысымы, 7- Маңғыстау үстірт қырқасы, 8- Жетыбай сатысы, 9 – Жазгурлин сатысы, 10 – Шақпақты сатысы, 11- Ассақсудан ойысымы, 12 – Арыстан- Үрдала ойысы, 13 – Бейнеу ойысы, 14 – Мыңсуалмас көтерілімі, 15– Шалқар ойысымы, 16– Косбұлақ ойысы, 17– Ақтұма көтерілімі, 18 - Барсакелмес ойысы, 19 – Орталық Арал күмбезі, 20- Оңтүстік Арал ойысы, 21- Шығыс Арал ойысы, 22-Солтүстік Арал ойысы, 23- Қостанай ер тұрқылас құрылымы, 24-Мұғалжар-Орал көтерілімі, 25-Төмен ойысымы, 26-Тобыл мегабелесі, 27-Торғай синклизасы, 28-Оңтүстік Торғай ойысы, 29-Арысқұм ойысымы, 30-Төменгі Сырдария күмбезі, 31-Теңіз қазан ойпаты, 32-Жауғаш ойысымы, 33-Ерғашқұдық ойысымы, 34-Қаратау бел-белесі, 35-Арыс ойысымы, 36-Байырқұм ойысымы, 37-Ұлытау беткейі, 38- Шу-Сарысу ойысы, 39-Балқаш ойысы, 40-Іле ойысы, 41-Лепсі ойысы, 42-Аламол ойысы, 43-Зайсан ойысы, 44-Құлынды синклизасы, 45-Солтүстік Қазақстан беткейі.

№6 зертханалық сабақ

Тақырыбы:Қазақстанның ірі-ірі пайдалы қазба кенорындарының республика ауқымында таралуының сұлбалық картасын құрастыру және оған түсініктеме беру (нақтылы пайдалы қазба түрі бойынша) (2 сағат).

Тапсырма:

1) Төменде келтірілген тізімнен өзіңізге ұнаған пайдалы қазба түрін таңдап алыңыз.

2) Дәрісте берілген мәліметтерді және ұсынылған әдебиетті пайдалана отырып, таңдап алған пайдалы қазба туралы мағұлматтарды бір жүйеге келтіріңіз, яғни мына сұлбаға сәйкес сипаттап шығыңыз:

а) өзіңіз таңдаған элемент (металл) және оның негізгі рудалық минералдары жайлы жалпылама мәліметтер келтіріңіз;

ә) руданың генезисі және кенорындардың геологиялық-өнеркәсіптік типтері жайлы жазыңыз. Бұл мағұлмат мына мәселелерді қамтуы тиіс: руданың қысқаша сипаттамасы, яғни оның құрамы, ондағы пайдалы элементтің мөлшері (концентрациясы), кенорынның геологиялық ерекшеліктері, мұндай кенорындардың Қазақстандағы ірі-ірі өкілдерінің атаулары, олардың қай аймақта орналасқандығы т.с.с.;

3) Таңдалып алынған пайдалы қазбаның ірі-ірі кенорындарының республика аумағында таралу картасын құрастырыңыз (бұл картаның негізі ретінде Қазақстанның тектоникалық аудандастыру картасын, аймақтың мезозой-кайнозойлық құрылымдық элементтер картасын, немесе Қазақстанның контурлық картасы Атласындағы келесі таза бетті пайдаланыңыз).

4) Құрастырылған картаның түсініктемесін жазыңыз, онда картада көрсетілген кенорындар қысқаша сипатталуы тиіс (кенорын қандай аймақтарда орналасқан, оның генезисі, өнеркәсіптік типі, болжамдық ресурстары, жалпы қоры т.с.с.).

Көрнекі құралдар:«Қазақстанның минералдық ресурстары» атаулы арнаулы карта және оның түсініктемесі.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді республиканың негізгі кенорындарының орналасу ерекшеліктерімен таныстыру, республиканың әр түрлі пайдалы қазбаларға деген мүмкіндіктерін көрсету.

Әдістемелік кеңестер:

Төменде келтірілген тізімнен өзіңізге ұнаған пайдалы қазба түрін таңдап алыңыз. Оны сипаттау үшін ұсынылған әдебиетпен және картографиялық материалдармен жұмыс істеңіз, сөйтіп тапсырманы орындау сұлбасына сәйкес еңбектеніңіз.

Қазақстанның пайдалы қазбалары:

1. Жанғыш қазбалар (мұнай-газ және көмір кенорындары).

2. Металл пайдалы қазбалар:

- қара металдар (темір, марганец, хром, титан, ванадий);

- түсті металдар (мыс, қорғасын және мырыш, яки полиметалдар, никель және кобальт, албминий);

- сирек металдар (вольфрам, молибден, тантал және ниобий, қалайы, висмут, бериллий, сынап, сүрме және күшала (мышьяк), стронций, сирекжерлер);

- салауатты металдар (алтын, күміс, платина және платиноидтар),

- радиоактивті (уран) және қоспа-элементтер (литий, рубидий т.б.)ү

3. Бейметалл пайдалы қазбалар:

- тау-кен-химиялық шикізат (фосфориттер мен апатиттер, барит, флюорит, күкірт, глауконит, алунит);

- тау-кен-техникалық шикізат (металлургияға қажетті шикізаттар, отқа төзімді саздар, талшықтастар (асбестілер) вермикулит, слюдалар, графит, цеолиттер, шунгиттер);

- шыны-керамикалық шикізат (каолиндер, қиын балқитын саздар, дала шпаттары шикізаты, тальк және талькті тас, волластонит, пирофиллит, фарфор тасы);

- асыл тастар және әшкей тастар (құлпырмалар);

- техникалық тастар;

- құрылыс материалдары;

4. Тұздар және шипалы балшықтар

5. Минералды, термалы және жылуэнергетикалық сулар.

6-шы зертханалық жұмыс бойынша бақылау сұрақтары:

1. Пайдалы қазбалар, минералдық шикізат, кенорын, минералдық ресурстар деген түсініктерге анықтама беріңіз.

2. Минералдық ресурстарды ұтымды пайдалану дегенді қалай түсінесіз?

3. Қазақстанның минералды-шикізаттық кешеніндегі стратегиялық, аса маңызды, маңызды және проблемалық салаларды атап шығыңыз.

4. Қазақстанның пайдалы қазбаларының жіктемесін келтіріңіз.

5. Қазақстанның металл пайдалы қазбаларының жіктемесін келтіріңіз.

№7 зертханалық сабақ

Тақырыбы:Қазақстанның ірі-ірі пайдалы қазба кенорындарының республика ауқымында таралуының сұлбалық картасына түсініктеме беру (3 сағат).

Тапсырма:Пайдалы қазбалардың өзіңіз таңдап алған түрі бойынша құрастырған сұлбалық картаңызға түсініктеме беріңіз. Бұл түсініктемені топ студенттері алдында айтып беріңіз, яки оқып беріңіз.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді Қазақстанның басты-басты пайдалы қазбаларымен және олардың ірі-ірі кенорындарымен жақынырақ таныстыру.

Әдістемелік кеңестер:

1) Пайдалы қазбалардың өзіңіз таңдап алған түрі жайлы мағұлматтар жинақтау үшін кітапханада отырыңыз (қандай пайдалы қазбаның қандай кенорындарын сипаттау қажеттігін және осы үшін қолданылатын әдебиетті оқытушының өзі айтады, алайда 1968 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген «Недра Казахстана» атаулы кітап және 2000 жылы басылып шыққан «Полезные ископаемые Казахстана» атаулы кітап негізгі әдебиеттер болып табылады).

2) Карта түсініктемесін құрастыру үшін оның жоспарын жасап алыңыз, бұл жоспарды жасау үшін сабақ жүргізетін оқытушыдан кеңес алыңыз.

3) Жоспарда пайдалы қазбаның төмендегі сипаттамаларын ашып көрсету мәселесі көрініс табуы тиіс:

- пайдалы қазба рудаларының құрамына кіретін минералдар, олардың химиялық құрамы және физикалық қасиеттері;





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 2593 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.019 с)...