Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

2 страница. - электрическая лампочка, лампа



- электрическая лампочка, лампа

индикаторная.

- электромотор, генератор.

- электронно-лучевая трубка с

электростатическим управлением лучом.

Размеры на рисунках даны в миллиметрах. Допускается изменение масштаба условных обозначений элементов.

Азақстанның геологиясы және минералдық ресурстары» оқу пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы 2011

ӘӨЖ 55 (574) (076)

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Сейітов Н., Аймурзаева Қ.Т. «Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары» оқу пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. –Алматы: ҚазҰТУ, 2011, 37 б.

Әдістемелік нұсқауда «Қазақстанның геологиясы және минералдық ресурстары» оқу пәні бойынша студенттердің зертханалық жұмыстарды орындаудың қысқаша мазмұны мен әдіс-тәсілдері келтірілген.

Әдебиеттер тізімі -5 атау.

Пікір жазған: Ахметов Е.М. – геол.,-мин., ғыл., канд., доцент.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2011 жылғы Типтік оқу бағдарламасына сай басылды,

© ҚазҰТУ, 2011 ж.

Кіріспе

«Қазақстанның геологиясы мен минералдық ресурстары» оқу пәні бойынша «050706 – Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша оқып жатқан 2 курс студенттері аталған мамандықтың оқу жоспарына сәйкес 8 зертханалық сабақ өтуге міндетті. Төменде осы зертханалық сабақтардың мазмұны мен оларды орындаудың әдіс-тәсілдері рет-ретімен келтірілген.

1 - зертханалық сабақ

Тақырыбы:Қазақстанның орогидрографиялық элементтері бар геоморфологиялық аудандастыру сұлбасын құрастыру және оған қысқаша түсініктеме жазу (2 сағат).

Тапсырма: Қазақстанның контурлық физикалық картасының негізінде оның геоморфологиялық аудандастыру сұлбалық картасын құрастыру және оған қысқаша түсініктеме жазу (түсініктеме жеке параққа жазылып, құрастырылған сұлбаға тіркеледі, немесе бүкіл зертханалық жұмыстардың түсініктемелерін жазуға бір жұқа дәптер (оқушы дәптерін) арнауға болады).

Көрнекі құралдар:Қазақстан аумағын геоморфологиялық аудандастыру сұлбасы (1.1-сурет).

Сабақтың мақсаты. Студенттерді Қазақстан аумағының геоморфологиялық ерекшеліктерімен таныстыру, олардың республика аумағындағы негізгі геоморфологиялық элементтердің орналасу заңдылықтарын меңгеруіне мүмкіндік туғызу.

Әдістемелік кеңестер.

Бұл тапсырманы және кейінгі тапсырмаларды орындау үшін студенттерге Қазақстанның контурлық физикалық картасының Атласын (онда кем дегенде 5-6 жекелеген контурлық карта бетшелері болуы тиіс) және 1 дана дүние жүзінің контурлық картасын сатып алу қажет болады.

Қазақстанның 1:3000000 немесе 1:2000000 масштабтардағы контурлық физикалық картасының бетіне республика жербедерінің төмендегі орогидрографиялық элементтерін түсіру қажет:

- тауларды және осы тауларға кіретін басты-басты жоталарды (қою қоңыр бояумен тартылған сызықтар түрінде);

- теңіздердің, басты-басты көлдердің, өзендердің, таулардың, жоталардың, жазықтардың т.с.с. атауларын карта бетіне жазу;

- құрастырылған карта бетін физикалық-географиялық карталардағыдай етіп, яғни тауларды қою қоңыр түспен, жоталарды ашық қоңыр түспен, жазықтарды жасыл түмпен, теңіз-көлдерді көк түспен т.с.с. бояу.

Осылайша дайындалған карта бетіне 1.1-суретте сандармен және әріптермен белгіленген индекстерді орналастыру, сурет астына олардың түсініктемесін (шартты белгілерді) жазу.

Картадағы және шартты белгілердегі жазулар чертеждік шрифтімен жазылады; жазулар қара тушпен немесе чертеждік-графикалық жұмыстар үшін әдейі дайындалған қара пасталы қаламмен жазылады (гелийлі қаламды пайдалануға болады).

Картаға түсініктеме ретінде жеке парақтарда немесе жұқа дәптерде жазылған мәтін (текст) Қазақстанның басты-басты жербедер ерекшеліктерін қысқаша, бірақ біршама тұжырымды сипаттауы тиіс. Бұл түсініктеме мына сұлбаға сәйкес жазылады:

1) Қазақстан аумағының географиялық орны (координаттары), шекаралары. Оның әкімшілік тұрғыдан жіктемелену сұлбасы, әрбір әкімшілік облысының жербедер ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы;

2) Қазақстанның жербедері (орографиясы): жазықтар, жоталар, таулар;

3) республиканың климат ерекшеліктері;

4) Қазақстанның жерүсті су ресурстары (гидрография): теңіздер, көлдер, өзендер.

Тапсырманы орындау үшін 1.1-суретпайдаланылады.

Қазақстан аумағын геоморфологиялық аудандастыру сұлбасында мына негізгі геоморфологиялық аудандар даралануы тиіс.

I- Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі (Ертіс маңы синеклизасы).

Ia- Тобыл маңы акумуляциялық жазығы.

Iб-Есіл маңы аккумуляциялық жазығы.

Iв-Ертіс маңы аккумуляциялық жазығы.

II-Орталық Қазақстан эрозиялық-тектоникалық төментаулы ұсақшоқылы өлке.

IIa-Көкшетау эрозиялық-тектоникалық төментаулы қырат.

IIб-Ұлытау төментаулы ұсақшоқылы эрозиялық-тектоникалық қырат.

IIв-Орталық Қазақстанның эрозиялық-тектоникалық төментаулы ұсақшоқылы негізгі суайырық қыраты.

IIг-Шу- Іле эрозиялық тектоникалық төментаулар және оның маңайындағы жазық.

IIд-Денудациялық жазық (пенеплен), ұсақшоқылы бедерлі (жаңа этап).

IIе-Теңіз ойысының құрылымдық-денудациялық және аккумуляциялық жазығы.

III –Шу-Сарысу ойысының құрылымдық-денудациялық және аккумуляциялық жазығы.

IV-Балқаш маңы ойысы аумағының аккумуляциялық жазығы.

V-Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тектоникалық тауы, тауаралық және тауалды ойыстары.

VI -Торғай құрылымдық денудациялық көтеріңкі жазық.

VII -Орал сырты және Мұғалжар эрозиялық-тектоникалық ұсақшоқылар мен төментаулар. Денудациялық жазық.

VIII -Солтүстік Арал маңы құрылымдық денудациялық аккумуляциялық жазығы.

IX -Сырдарья ойпатының аккумуляциялық жазығы.

X –Орал-Ембі денудациялық үстірті.

XI -Каспий маңы аккумуляциялық жазығы.

XII -Құрылымдық денудациялық үстірт үстірті.

XIII –Эрозиялық-тектоникалық құрылымдық-денудациялық Маңғыстау жазығы.

Қазақстан аумағын геоморфологиялық аудандастыру сұлбасының түсініктемесі

Казақстан республикасы Еуразия материгінің нақ орта тұсында орналасқан. Жезқазған қаласының маңайы республиканың да, бүкіл материктің де географиялық орталық нүктесі (центрі) болып табылады.

Қазақстан таулы өлке. Биік таулы ландшафт республиканың оңтүстік- шығыс (Тянь-Шань) және шығыс (Жоңғар Алатауы, Алтай) жиектік өңірлеріне тән. Бұл өңірлерден солтүстікке және батысқа қарай жербедер аласара түседі, сөйтіп мыңдаған километрден кейін Батыс Сібір жазығына (Ертіс маңы синеклизасына) және Каспий маңы ойысына (синеклизасына) жалғасады.

Қазақстанның солтүстік өңірінде Солтүстік Қазақстан жазығы (Ертіс маңы синеклизасы) орналасқан, ол оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қазақтардың қасиетті даласы Сарыарқа ұсақшоқыларымен жиектеледі. Солтүстік Қазақстан жазығы батысында Торғай тегістігіне ұласады, бұл өңір батысында Орал сырты үстіртімен, шығысында Қазақ ұсақшоқыларымен жиектеледі.

Торғай тегістігінің батысында меридианға бойлас бағытта Мұғалжар жоталары созылып жатыр, ол Орал тауларының оңтүстіктегі (қазақ жеріндегі) жалғасы болып табылады. Мұғалжар жоталары да ұсақшоқылы бедермен сипатталады, оның ең биік нүктесінің абсолюттік белгісі 657м (Бершоғыр тауы).

Қазақстанның батысында Каспий маңы ойысы (синеклизасы) орналасқан. Біршама ауқымды аймақты алып жатқан бұл өңірдің беткі жазықтығы әлемдік мұхит деңгейінен 27м төмен орналасқан. Оңтүстік жапсары Каспий теңізі айдынының астына сұғына енетін бұл өңірдің бедері біршама жазық болып келеді, онда тұзды құрғақ көлшіктер мен сорлар молынан ұшырасады. Каспий маңы ойысы арқылы республиканың батыс оңіріндегі ең ірі өзен – Жайық өзені ағып жатыр. Қазақ жерінде негізінен меридианға бойлас бағытта (солтүстіктен оңтүстікке қарай) ағатын бұл өзен Каспий теңізіне құяды. Өзеннің батысында Нарын құмдары, шығысында Тайсойған құмдары орналасқан.

Қазақстанның оңтүстік-батысында Үстірт деп аталатын шөлді үстірт орналасқан, оның солтүстік шекарасы Каспий маңы ойысының оңтүстік- шығыс жапсары және Мұғалжар жоталарының оңтүстік сілемдері арқылы өтеді, ал шығыс бөлігі Арал теңізінің жағалауларына ұласады. Үстірттің беткі жазықтығы тақтайдай теп-тегіс, себебі ол горизонталь бағытта көлбей көсілген, морылуға төзімді әктас қабаттарымен көмкерілген. Үстірт өңірінің өте әсерлі жербедер түрі Чинк (енсіз шатқалдар) деп аталады. Үстірт чинктері тереңдігі 300 м-ге жететін құлама құздар түрінде көрініс береді, бұл құздар теп-тегіс жазық бетінен төмен қарай тік құлайды.

Каспий теңізінің шығыс жағалары мен Үстірт аралығында Маңғыстау түбегі орналасқан. Ол шартты түрде үш бөлікке жіктеледі: солтүстігінде Бозащы түбегі, орталық бөлігінде Таулы Маңғыстау, оңтүстігінде Далалық Маңғыстау. Таулы Маңғыстау ұсақ шоқылы аласа жоталардан түрады, олар Маңғыстау Ақтауы және Маңғыстау Каратауы деп аталады. Далалық Маңғыстау біршама тегіс үстірт болып табылады. Бұл үстірт бетінде тұзды сорлар көптеп ұшырасады. Бұл өңірдегі ең терең ойыс Карағиа ойысы, оның түбі әлемдік мұхит деңгейінен 132 м төмен жатыр. Екінші біршама ірі ойыс Қауынды деп аталады, оның абсолюттік көрсеткіші - 57 м.

Арал теңізінің шығыс және оңтүстік шығыс жапсарларындағы біршама тегіс жазықтың ауқымды бөлігін әйгілі Қызылқұм құмдары алып жатыр. Бұл өңірді Сырдарья өзені кесіп өтеді, ал бұл өзеннің шығыс–солтүстік-шығыс қапталында ендікке жуық бағытта созылған Қаратау жоталары орналасқан.

Қаратау жоталарының солтүстік–солтүстік-шығыс жапсарынан Қазақ ұсақшоқыларының батыс жақ жапсарына дейінгі аралықты Шу-Сарысу ойысы алып жатыр. Оның солтүстік-батыс бөлігі Торғай ойысымына ұласады, оңтүстік-шығыс шекарасы Тянь-Шань тауларымен және олардың сілемдері болып табылатын Шу-Іле жоталарымен шектеледі. Шу-Сарысу ойысын Шу, Сарысу, Талас т.с.с. өзендер тілгілеп өтеді. Шу-Сарысудың шығыс бөлігін әйгілі Бетпақдала шөлі алып жатыр.

Солтүстік Қазақстан өңірінің оңтүстік бөлігін және Орталық Қазақстан өңірін түгелімен қазақтың қасиетті мекені Сарыарқа алып жатыр. Сарыарқаны кейде Қазақ ұсақшоқылары деп атайды, себебі бұл өңірде қатты таужыныстар жер бетіне ашыла отырып, ірілі-ұсақты таулар мен жоталар құрайды. Кейбір жоталар мен аласа таулар гранит массивтерінен тұрады, олар өте әсерлі қайың шоқтарымен көмкерілген, олардың арасында әдемі тұщы сулы көлдер де жиі ұшырасады. Мұндай жоталар ретінде Баянауыл тауларын (1027м), Қарқаралы, Бурабай жоталарын атауға болады. Сарыарқаның солтүстігінде Көкшетау қыраты (947м), орталық бөлігінде Ерементау (899 м), шығысында Шыңғыс жоталарына тиесілі Ақшатау (1305м) аласа таулары көрініс береді, оның батыс жапсарын қасиетті Ұлытау жоталары жиектейді. Сарыарқа өзінің оңтүстік-шығысында Тарбағатай жоталарына ұласады. Сарыарқаның нақ орта тұсында Балқаш–Ертіс суайырығы орналасқан. Бұл суайырдық ауқымына Шыңғыс жоталары, Қарқаралы (1403м) және Орталық Қазақстанның ең биік нүктесі Ақсораң тауы (1559 м) орналасқан Қызылрай таулары кіреді. Сарыарқа өзінің оңтүстігінде Шу–Іле таулары (1100 м) арқылы Тянь-Шань тауларына ұласады.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауларының жүйесіне кіретін бір топ таулар мен жоталар ұшырасады, олар – Талас Алатауы мен олардың сілемдері, Қырғыз жотасы, Іле Алатауы (5007м), Күнгей Алатау (4213м), Кетпен жотасы (3638м), Хантәңірі (6995м) сияқты ірі тау торабын кіріктіретін Теріскей Алатау. Бұл биік жоталар мен таулардың бедері әлпілік жербедермен сипатталады.

Іле Алатауы мен Кетпен жотасы шығысында Жоңғар Алатауына (4464 м) ұласады, бұл екі Алатаудың аралығында біршама ауқымды Іле тауаралық ойысы орналасқан.

Солтүстігінде Қазақ ұсақшоқыларымен, батысында Шу–Іле тауларымен, шығысында Тарбағатай жоталарымен, ал оңтүстігінде Жоңғар Алатауымен жапсарласатын біршама ауқымды ойыс аймақ Балқаш–Алакөл аккумуляциялық ойысы деп аталады.

Тарбағатай жоталары оған солтүстік-шығыс бағыттан келіп жалғасатын Сауыр жоталарымен біріге отырып Балқаш–Алакөл ойысын шығыстағы Зайсан ойысынан оқшаулайды. Тарбағатайдың ең биік нүктесі 2991м.

Зайсан ойысының шығысында Алтай таулары орналасқан. Ол әр түрлі бағытта созыла сағаланатын жоталардан тұрады, олардың ішіндегі ең биігі Қатын ақшаңқайлары (белки), мұндағы ең биік тау Белуха (4620 м) деп аталады. Ертіс өзеніне көлденең бағытта тірелетін жоталар ішінде Қоржым және Нарын жоталары (4000 м) айырықша ошарылады.

Аумақтың гидрографиясының қысқаша сипаттамасы. Республиканың солтүстік-шығыс бөлігінің өзендері Солтүстік мұзды мұхит алабына тиесілі, қалғандары ағынсыз алаптар болып табылатын Каспий және Арал теңіздеріне, Балқаш көліне т.с.с. құяды.

Республикадағы ірі өзендер Ертіс пен Жайық. Қазақстанның солтүстік өңірі арқылы ағып өтетін Ертіс өзенінің республика ауқымындағы ұзындығы 1698 км. Бұл өзен Алтай тауларынан бастау алады, көршілес Қытай республикасындағы оның бастауы Қара Ертіс деп аталады. Ертіс өзені Солтүстік мұзды мұхитқа құятын Обь өзенінің ірі саласы болып табылады. Жайық Қазақстанның батысындағы өзен, ол Орал тауларынан бастау ала отырып, Каспий маңы ойысы арқылы ағып өтеді де, Каспий теңізіне құяды.

Тянь-Шань жоталарынан бір топ өзендер бастау алады (сондықтан бұл өңір Жетісу деп аталған), алайда олардың көпшілігі шөлді аймақтарға жетіп жоғалады, яғни суы бірте-бірте құрдымдалып кетеді. Олардың ішіндегі тұрақты ағысы бар ірілеу өзен Іле өзені, ол Балқаш көліне құяды.

Солтүстік Қазақстан өңірінің ірірек өзендері – Есіл мен Тобыл, Орталық Қазақстандағы мұндай өзендер – Нұра мен Сарысу.

Қазақстанның Маңғыстау, Үстірт, Каспий маңы ойысы (Жайық өзенін есептемегенде), Бетпақдала, Қызылқұм, Арал маңы өңірі, Шу-Сарысу және Балқаш-Алакөл ойыстары сияқты ауқымды аймақтарында атауға тұралық өзендер жоқ десе де болады, ұсақ өзендер жазда кеуіп қалатын жылғалар түрінде ғана көрініс береді.

Қазақстанда көлдер көп, олардың ең ірілері – Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Алакөл, Марқакөл, Зайсан т.с.с. көлдер.

Бірінші зертханалық жұмыс бойынша бақылау сұрақтары.

1. «Жербедер» деген түсініктің анықтамасын айтыңыз. Жербедердің қандай геологиялық процестер мен факторларға байланысты қалыптасатындығын түсіндіріңіз.

2. Геоморфологиялық шекаралар қандай процестер нәтижесінде қалыптасады?

3. Қазақстан аумағын геоморфологиялық аудандастыру дегеніміз не?

4. Қазақстанның негізгі геоморфологиялық аудандарын атап шығыңыз.

5. Солтүстік Қазақстан жазығының (Ертіс маңы синеклизасының) жаралу табиғатын түсіндіріңіз.

6. Орталық Қазақстан аумағындағы қазақ ұсақшоқыларының жаралу табиғаты жайлы негізгі тұжырымдарды атаңыз.

7. Жербедердің құрылымдық-денудациялық пішіні (формасы) дегенді қалай түсінесіз?

8. Мұғалжар өңіріндегі жазықтардың генезисі қандай?

9. Қазақстан аумағындағы құрылымдық-денудациялық жербедер түрлерімен сипатталатын аудандарды атап шығыңыз.

10. Қазақстан аумағының негізгі орогидрографиялық элементтеріне нелер жатады?

11. Қазақстандағы тау жүйелерін және олардың басты-басты жоталарын атаңыз. Олардың морфологиясының негізгі сипаттары қандай?

12. Қазақстандағы ірі-ірі өзендер мен көлдерді атаңыз.

13. Геологиялық есепнамалардағы, курстық немесе дипломдық жұмыстардағы «Жұмыс ауданы жайлы жалпылама деректер» деген тарауда қандай мәліметтер келтірілуі тиіс.

14. Әкімшілік-аумақтық карта бетіндегі оқытушы ұсынған кез келген бөлікшені геоморфологиялық тұрғыдан сипаттап беріңіз.


1.1-сурет. Қазақстан аумағын геоморфологиялық аудандастыру сұлбасы. Шартты белгілер: 1-Каспий маңы жазығы: 1а-Каспий маңы аккумуляциялық жазығы; 1ә-Орал-Ембі (Жем) денудациялық жазығы; 2 - Тұран жазығы (тақтасы): 2а - эрозиялық-тектоникалық төментаулы-ұсақшоқылы бедермен сипатталатын Манғыстау құрылымдық-денудациялықжазығы; 2ә- Үстірт құрылымдық-денудациялык үстірті; 26 - Солтүстік Арал маңы құрылымдық-денудациялық және аккумуляциялық жазығы; 2в-Сырдария ойысының аккумуляциялық жазығы; 3-Орал сырты мен Мұғалжардың денудациялық жазығының эрозиялық-тектоникалық ұсакшоқылары мен төментаулары; 4 - Торғай құрылымдық-денудациялық тегістелген жазығы; 5 - Солтүстік Қазақстан жазығы: 5а - Тобыл маңы аккумуляциялык жазығы; 5э - Есіл маңы аккумуляциялық жазығы; 56- Ертіс маңы аккумуляциялық жазығы; 6 - Қазақ ұсақ шоқылары (Сарыарқа): 6а - Көкшетау эрозиялық-тектоникалық төментаулы-ұсақшоқылы қыраты; 6ә-Теңіз ойысының құрылымдық-


денудациялық және аккумуляциялык жазығы; 6б-Ұлытау төментаулы-ұсақшоқылы эрозиялык-тектоникалық қыраты; 6в-Орталық Қазақстан эрозиялық-тектоникалық төментаулы-ұсақшоқылы басты суайырық қыраты; 6г-жаңа кезеңнің ұсақшоқылы жербедер ұшырасатын денудациялық жазығы; 6г -Шу-Сарысу құрылымдық- денудациялық және аккумуляциялық жазығы; 6д - Шу-Іле эрозиялык-тектоникалық төментаулар және оларға жапсарлас жазықтар; 6 е - Балқаш маңы ойысының аккумуляциялык жазығы; 7 - Оңтүстік жәнс оңтүстік-шығыс Қазақстанның тектоникалық таулары, тауаралық және тауалды ойыстары.

2 - зертханалық сабақ

Тақырыбы:Литосфераның және жер қыртысының негізгі тектоникалық құрылымдары. Жекелеген құрылымдардың сұлбалық қимасын және литосфералық тақталардың Жер шары бетінде орналасу сұлбасын құрастыру. Құрастырылған сұлбаларға түсініктеме жазу (2 сағат).

Тапсырма.

1) Дүние жүзінің контурлық физикалық картасының бетінде немесе А4 форматты парақта литосфералық тақталардың орналасу сұлбасын құрастыру, оларды нөмірлеп, аттарын жазу; суретті безендіру және рәсімдеу; суретке қысқаша түсініктеме жазу;

2) геосинклиндердің даму сұлбасын (В. Е. Хаин тұжырымдарына сәйкес) А4 форматты жеке параққа көшіру, оны безендіру және рәсімдеу; суретке қысқаша түсініктеме жазу;

3) көне платформа мен оған іргелес жатқан таулы-қатпарлы облыстың (немесе орогеннің) сұлбалық қимасын жеке параққа көшіру, оны безендіріп рәсімдеу; суретке қысқаша түсініктеме жазу;

4) «литосфералық тақталар тектоникасының» идеялары тұрғысынан геосинклиннің даму сұлбасын (О.Г.Сорохтин тұжырымдарына сәйкес) жеке параққа көшіру, оны безендіріп рәсімдеу; суретке қысқаша түсініктеме жазу.

(Түсініктемелер жеке параққа жазылып, құастырылған сұлбаларға тіркеледі, немесе бүкіл зертханалық жұмыстардың түсініктемелерін жазауға бір жұқа дәптер (оқушы дәптерін) арнауға болады).

Көрнекі құралдар: 2.1-, 2.2-, 2.3- және 2.4-суреттер.

Сабақтың мақсаты.Қазіргі таңдағы ең соны, ең прогрессиялық геотектоникалық тұжырымдама болып табылатын «Литосфералық тақталар тектоникасы» (ЛТТ), немесе «Жаңа жаһандық тектоника» (ЖЖТ) тұжырымдамасының негізгі қағидаларымен студенттерді таныстыру және бұл тұжырымдама мен «Геосинклиндер туралы ілім» деп аталатын бұрынғы геотектоникалық тұжырымдама арасындағы байланыстар (ұқсастықтар мен айырмашылықтар) табиғатын студенттерге түсіндіру.

Әдістемелік кеңестер.

Тапсырманы орындау үшін 2.1, 2.2, 2.3, 2.4 суреттерді пайдаланылады, бұл орайда мынадай іс-шаралар рет-ретімен орындалуы тиіс:

1) 2.1-суретті Дүние жүзінің контурлық физикалық картасының бетіне, мұндай карта табылмаған жағдайда жай ғана А4 форматты қағаз бетіне көшіріңіз; суреттің астына оның атауын жазыңыз; атаудың астына жаңа жолдан бастап Жер бетіндегі басты-басты литосфералық тақталардың атауларын санамалап жазыңыз; әрбір жекелеген ірі-ірі литосфералық тақтаны әр түрлі түспен бояңыз, және де тек континенттен құралған тақталар қызғылт түспен, тек қана мұхит түбінен құралған тақталар жасыл түспен, ал «аралас құрамды» тақталар қоңырқай түспен боялсын; тақталардың қандай бағытта жылжитындығына (олар суретте стрелкамен көрсетілген); тақталардың дивергенттік (жыртылу өңірі) және конвергенттік (сығымдалу өңірі) шекараларының орналасу ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз, олардың «геосинклиндік аймақтарға» сәйкес келетіндігін зерделеңіз;





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1584 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...