Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Тыныс алу жүйесі, оның жас ерекшеліктері. Тыныс алу гигиенасы



Тыныс алу жүйесінің амаңызы. Тыныс алу мүшелерінің маңызы өте зор. Олар арқылы организмге тотығу процесіне қажет оттегі кіріп, оргнизмдегі зат алмасудың соңғы өнімі көмірқышқыл газы шығады. Егер адам тамақсыз, тек сумен – 60 күн, сусыз 7-10 күндей өмір сүрсе, оттегінсіз 5-7 минутта өліп кетеді.

Тыныс алуды шартты түрде 3 процеске бөлуге болады:

1) сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу (сыртқы тыныс алу);

2) өкпедегі альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу;

3) қан мен ұлпааралық сұйықтық арасындағы газ алмасу (ұлпалық тыныс алу).

Тыныс алу жүйесінің мүшелерін екі топқа бөледі: тынысалу жолдары және тынысалу орны. Тынысалу жолдары: мұрын қуысы, жұтқыншақтың жоғары бөлігі, көмей, кеңірдек, бронхылар. Тынысалу орны - өкпе.

Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады.

Мұрын қуысы шырышты қбатпен қапталған, шаң-тозаңдарды ұстап микробтарды өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қантамырларына бай болады.

Көмей ІҮ-ҮІ мойын омыртқасының тұсында мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Оны алдыңғы жағынан бұлшықеттер жауып тұрады, екі жағында қалқанша бездің бөліктері орналасқан, ал артқы жағында жұтқыншақ жатады. Көмей тыныс алуға және дыбыс шығаруға қатысады.

Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см.

ІҮ-Ү арқа омыртқаларының тұсында кеңірдек екі бұтаққа сол және оң бронхыларға бөлінеді.

Тыныс алу орны өкпеге енген бронхылар тармақталып, майда ұсақ альвеолалар (ауатамырлар) түзеді. Альвеолалардың қабырғалары жұқа қантамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м². Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қантамырларына бай болады. Алғашқы 3 айлығында және жыныстық жетілу кезінде өкпе қарқынды дамиды.

Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет.

Жаңа туған нәрестенің кеуде қуысы конус тәрізді болады. Сондықтан бала терең дем ала алмайды. Қабырға сүйектері қиғашталғаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз дем алу, қосымшы және қордағы ауалардың қосындысы. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы дейді. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алған соң, демді шығармай күшеніп тұрып, тағы да 1,5-2 л ауаны сіміруге болады. Мұны қосымша ауа дейді. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып тағы да күшеніп дем шығарып 1-1,5 л ауаны шығаруға болады. Мұны қордағы ауа дейді.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 10686 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...