Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ан топтары және иммунитет



Қан кұюдың қажеттілігі және қан топтарының негізі. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға құйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың канының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан құйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан құйылатын кісі) құяркезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.

Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі а г г л ю т и н о г е н деп аталған зат бар: А және В. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде канды ұйытып тастайтын à және ß агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен (а) немесе агглютиноген В агглютинин бетамен ß кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады. Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:

1. Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері (а, ß) де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;

2. Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин ß бар адамдар 39%, олар ІІ-топқа жатады;

3. Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинин а бар кісілер 15%, олар ІІІ-топқа жатады;

4. Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.

Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп донор мен реципиенттің қандарын тексереді.

АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның корғаныс жүйелері бар екені анықталды. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды он-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды сол-резусты (Rһ-) деп атайды. Егер RҺ+ кісіге RҺ- адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай кан құйылса, бұрын пайда болған арнайы агглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, қызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты RҺ+ жүкті әйелдердің ұрығына RҺ- әкесінің факторы тұқым куалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондыктан жүкті әйелдердін қанында бұл фактор болмаса, оның күйеуінің канының факторын тексереді де, ол RҺ+ болса, түсік болмаудың қамын ойлап, арнайы емдейді.

Сонымен, қанды кұю үшін реципиентің қанының АВО және RҺ-факторын міндетті түрде тексеру қажет.

Иммунитет және оның түрлері. Иммунитет (лат. иммунитас — бірдеңеден бос болу) адамның жұқпалы ауруларға карсы тұру қабілеті. Бул - адам организмінің өте күрделі, көптеген морфологиялық және физиологиялык касиеттерге байланысты қалпы. Ертеректе кейбір аурулармен ауырған адамға сол аурудың жұқпайтыны белгілі болған (мысалы, кызылша, шешек, сүзек т.б.). Бұл тұжырымды ғылыми тұрғыдан ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдар Э. Дженнер, Л. Пастер, И. М. Мечников, т.б. ашқан.

Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын лейкоциттерден де басқа маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары - иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды (грек. анти- қарсы + генос-тек). Антитоксиндер — уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар (грек. анти + лат, токсинум - у, улы зат). Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер - өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні іспетті. Антиденелер ауру тудыратын микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып, енді біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді аурудан сақтап қалады.

Иммунитет т а б и ғ и және ж а с а н д ы болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті кысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.

Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл - туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.

Иммунитетті ж а л п ы және ж е р г і л і к т і деп те бөледі. Бүкіл организмнің ауруға карсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.

Қорыта келгенде, иммунитет екі тетікке байланысты: денедегі кейбір клеткалардың фагоцитарлық қабілеті мен антиденелердің өндірілуі. Дегенмен, иммунитет өте күрделі, бүкіл организм жүйелері қатысатын және бір-бірімен байланысты болатын қабілет.

Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрыктың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының корғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының канындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру кабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашкы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінде болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммуңдық қабілет те төмен болады.





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 2164 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...