Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Коллоквиум №1



Вариант №2

1. А®В реакциясы үшін химиялық кинетиканың негізгі постулатын жаз және жылдамдық константасын анықтаудың барлық мүмкін болатын әдістерін, реакция ретін, активтену энергиясын және экспоненциал алдындағы көбейткішті көрсетіңдер.

2. Активтену энергиясы, оның физикалық мағынасы мен анықтау әдістері

3. Ленгмюрдің адсорбциялық теориясы.

4. Есеп.

393 К-де реакция жылдамдық константасының мәні 4,02×10-4 сек-1, ал 413 К-де - 19,83×10-4 сек-1 тең болғанда, Аррениус теңдеуіндегі экспоненциал алдындағы көбейткіш шамасын есепте.

Коллоквиум №1

Вариант №3

1. n1A+n2B®n3C+n4D реакциясы үшін химиялық кинетиканың негізгі постулатын жаз және СА¹СВ болған жағдайда жылдамдық константасын анықтаудың барлық мүмкін болатын әдістерін, реакция ретін, жартылай ыдырау периодын, активтену энергиясын және экспоненциал алдындағы көбейткішті көрсетіңдер.

2. Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері. Аррениус заңы.

3. Гомогенді және гетерогенді каталитикалық реакциялардағы катализаторлар қандай әсерлерімен ерекшеленеді?

4. Есеп.

Этанның термиялық ыдырау реакциясы бірінші ретті реакцияға жатады. 5500С кезінде реакцияның жылдамдық константасы 2,5×105 сек-1 тең, ал 6300С - 141,5×105 сек-1. 6000С кезінде осы реакция үшін жартылай ыдырау периодын есепте.

Коллоквиум №1

Вариант №4

1. Әртүрлі ретті реакциялар үшін жылдамдық константасы, физикалық мағынасы, өлшем бірлігі. Жартылай ыдырау периоды негізінде әртүрлі ретті реакциялар үшін жылдамдық константасын және жеке реакция ретін табуға бола ма?

2. Активтену энергиясы, физикалық мағынасы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.

3. Реакцияның реттілігі мен жылдамдық константасын анықтаудың дифференциалды әдісі. Катализ. Жалпы катализдің қасиеттері.

4. Есеп.

Кейбір қосылыстың ыдырауы активтену энергиясы 23,1 кДж/моль тең екінші ретті реакцияға жатады. Берілген қосылыс 300 К кезінде сағатына 95% жылдамдықпен ыдырайды. Қандай температурада осы қосылыс минутына 70% жылдамдықпен ыдырайды?





Дата публикования: 2014-11-04; Прочитано: 622 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...